Жұма, 27 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ең ұлы жиһад

03.12.2015
- Ағымдар ақиқаты
0
171
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

 

 Ислам діні бойынша нәпсі адамды жан-жағынан келіп азғырады. Соның ішінде тақуа ғалымдардың айтуынша, сол жақтан келіп азғырғаны оң жақтан келгеніне қарағанда жеңіл деп саналады екен. Себебі, сол жақтан келгенде жамандықтарға шақырады. Ал мұны иманы берік адам пайымдай алады. Алайда, нәпсі оң жақтан келіп азғырғанда алдану қаупі жоғары болмақ. Мысалы, намазбен, оразамен немесе сырттай қарағанда исламдық қағидаларға сай сипатта келеді. Адам өз іс-әрекетінде риякерліктің орын алғанын байқамай да қалады. Содан келіп тәкаппарлыққа ұрынып, өзгелермен санаспау, тек қана өзінікін ақиқат санап, іс-әрекетін дін үшін, ислам үшін жасап жатырмын деп ойлап, діндес бауырларымен араздасады, олармен түсінісуден қалады. Дін үшін жиһад жасаймын, исламдық билікті орнатамын деген баянсыз әрекеттерге салынып, мұсылмандармен соғыстырады. Міне, осының барлығы нәпсінің оң жақтан келіп азғырғанына дәлел.

Нәпсі қай жағынан келсе де, адам баласын орға жығатын апат. Сол себепті де Құран мен хадисте адамның нәпсімен күресі ең ұлы жиһадқа жатқызылады. Бірде, Алла елшісі (с.ғ.с.) кәпірлермен соғыстан елге оралған соң, өз сахабаларына: «Біз кіші жиһадтан үлкен жиһадқа оралдық» деген екен. Сонда сахабалар: «Ол қандай жиһад?» деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Үлкен жиһад дегеніміз – нәпсімен күрес» деп жауап береді.

Қасиетті Құранда «Кімде-кім Аллаға есеп беруден қорқып, нәпсісін харамнан тыйса, олардың орны – жәннат» («Назиғат» сүресі, 40-41) делінген. Ал қазіргі кезде жиһад дегенде ойға ең алдымен соғыс, қырғын келетін болды. Әйтпесе, жиһад дегеніміз адам баласының өзін-өзі тануы жолындағы күресі, кемелдікке ұмтылуы болып табылады. Осы мағынасында жиһад өте маңызды, құнды әрі өзінің түпкі мақсатына сәйкес келмек.

Радикалды көзқарас – қоғам тұрақтылығына төнген қауіп

18.03.2026
Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

17.03.2026

Қазіргі әлемде болып жатқан қақтығыстардың астарында дін жатқан жоқ. Дінді қақтығыстардың қайнар көзі ретінде көрсеткісі келетін теориялардың ғылыми дәлелі де жоқ. Соғыстардың, қақтығыстардың өзге себептері бар, бірақ дін және соған ұқсас қасиетті құндылықтар белгілі бір теріс пиғылды мүдделерге қызмет етуде. Тарихқа қарасақ, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сахабалары дін мәселесінде ешқашан бірден соғысқа жүгінген емес. Соғыстар сахабалардан кейінгі ұрпақтың тұсында көбейді. Алайда, бұл жерде де негізгі себеп дін емес, дүниелік, саяси мүдделер еді. Осындай мүдделеріне дінді құрал еткендер көп болды. Ал бұл, сайып келгенде, адамзаттың өз нәпсілік қалауларының жетегіне еріп жасап жатқан әрекеттері. Бұл жерде нәпсілік қалау дегенді тек қана тәндік қажеттіліктермен шектемеу керек.

Дін және ар-ұждан бостандығы орныққан, әркімнің өз сенімін еркін ұстануына мүмкіндік берілген жерде жиһад жайлы айту – нағыз дінбұзарлық әрі бүлікке шақыру. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дәуірінен бастап кейінгі кезеңдерді қарасақ, соғыс мұсылман еместерді күшпен исламға кіргізу немесе өлтіру үшін болмаған. Қалай болғанда да қарулы күрес немесе күш қолдану мақсаты не түрі қандай болмасын, діннің, заңның және моральдық қағидалардың шеңберінен шыққан сәттен бастап зұлымдық, террор және бүлік болып саналады. Ал ислам бұл нәрселерді ешқашан да қолдаған емес.

Нәпсімен күрестің ең ұлы жиһадқа жатқызылуы тегіннен тегін емес. Себебі, өзінің ішкі жауын жеңе алмаған жан сыртқы жауын да жеңе алмайды. Өзінің ішкі жауы болып табылатын нәпсісіне бағынышты жан сыртқы жауын қалай жеңе алмақ?

Дін ислам бойынша Алла атымен, оның қалауларын орындау мақсатында нәпсіге қарсы бағытталған әрекеттердің барлығы да жиһадқа жатады. Діни ғылымдармен қатар, дүниелік тіршілігіне қажетті білімді  үйрену, жаңа нәрсені білуге деген құштарлық та жиһад қатарынан. Нәпсілік қалауларына, байлыққа деген құштарлық пен құнығушылыққа қарсы шығып, өз байлығын білім ошақтарын, емхана, жол, балабақша мен мешіт, медресе салуға жұмсағандар да жиһад жасаушылар болып табылады. Жас ұрпақты дұрыс діни біліммен сусындату, ұлттық рухани құндылықтардың аясында тәрбиелеу, олардың бойында еліне, жұртына, Отанына деген сүйіспеншілік қалыптастыру да үлкен жиһад.

Діннің негізгі мақсатының бірі көркем мінезді, салиқалы, парасатты адамдарды қалыптастыру екені белгілі. Ал шектен шығушылар өздерінің әрекеттерін діндарлықпен жауып-жасырғысы келсе, оның дін туралы танымы мен түсінігі дұрыс емес немесе діндарлығы шынайы емес.  Шынайы діндар адамның байыпты, төзімді, парасатты болмауы жалпы діннің табиғатына қайшы келеді. Соңғы кезде елімізде күмәнді жерлерден азды-көпті діни мағлұмат алу арқылы өздерін нағыз діндар санап, өзгелерді адасқан немесе діні бұзық етіп көрсеткісі келетін топтардың көбейгенін жасыра алмаймыз. Бұл құбылыс, әсіресе, жастардың арасында көп кездеседі. Шынайы исламды білетін адам, әрине, мұндай әрекеттің дұрыс еместігін жақсы түсінеді. Себебі дініміз бойынша әрбір адам ең алдымен өзінің іс-әрекетіне жауап береді. Өзгенің діндарлығындағы кемшілігін одан ешкім сұрамайды. Мұндай әрекетті тәкаппарлық, нәпсінің алдауына түсу деп сипаттауға болады. Сол үшін әр адам ең алдымен өзгеге сын айтудан бұрын, өзіне есеп беруі және іс-әрекеттерінің қаншалықты дінмен, адамгершілікпен байланысы бар екенін жақсылап таразылап алуы тиіс.

Сұлтанмұрат Абжалов,

Әл-Фараби атындағы ҚҰУ Дінтану кафедрасының меңгерушісі,

философия ғылымдарының кандидаты, доцент

Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Зайырлылық сипаты нақты бекітілді
Видео

Зайырлылық сипаты нақты бекітілді

26.03.2026
«Отанның қадірін кеш түсіндік…»
Видео

«Отанның қадірін кеш түсіндік…»

26.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Әлемдік мұсылман ғұламалары кеңесінің Ресейдің Сириядағы қарулы соққыларына байланысты шығарған шешімі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121659 бөлісті
    Бөлісу 48664 Твитерге 30415
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1602 бөлісті
    Бөлісу 641 Твитерге 401
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    523 бөлісті
    Бөлісу 209 Твитерге 131
  • Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

    426 бөлісті
    Бөлісу 170 Твитерге 107

Соңғы жарияланымдар

Зайырлылық сипаты нақты бекітілді
Видео

Зайырлылық сипаты нақты бекітілді

26.03.2026
«Отанның қадірін кеш түсіндік…»
Видео

«Отанның қадірін кеш түсіндік…»

26.03.2026
«30 күнде – 30 баспана» жобасы сәтті аяқталды
Жаңалықтар

«30 күнде – 30 баспана» жобасы сәтті аяқталды

26.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00