Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Интернет-терроризм: Тұзаққа түспеу тәсілдері

04.11.2015
- Ағымдар ақиқаты
0
400
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Осы орайда, жат ағымдардың интернет желілерін пайдалану тәсілдеріне тоқталғанымыз жөн. Күнделікті тұрмыста тепсе темір үзетін жастарымыз жаңа заман технологиясын жаппай пайдалануда. Тіпті, 8-9 жастағы бүлдіршіндердің өзі компютер, смартфон т.б. құралдарды ата-анасынан да жақсы біліп, меңгеріп алған. Бүгінгі жастар  интернет әлеміне емін-еркін кіреді, жеке аккаунттарын ашып, кез келген ақпаратқа қол жеткізе алады. Міне, осы кезде діни сауаты, таным-түсінігі қалыптасып үлгермеген буынның  теріс пиғылды топтардың тұзағына түсіп қалуы да оп-оңай.

Соңғы жылдары Таяу Шығыста белең алған лаңкестік әрекеттермен танылған «ДАЙШ» содырларының да жастарды арбау әрекеттері осы ғаламтор ресурстары арқылы, соның ішінде әлеуметтік желілерде жүзеге асырылуда. Олар ғаламтор кеңістігін тиімді пайдалана отырып, жалған ұрандарымен дінді бұрмалап, жастарға ықпал етудің түрлі жолдарын жасайды.

Радикалды ағымдар жастарды арбауда көбінесе «Facebook», «Вконтакте», «Одноклассники» т.б. осы тектес желілерді қолданады. Экстремистер әлеуметтік желілерде күндіз-түні жастарды аңдып, олардың өмірлік көзқарастары мен дүниетанымдарын зерттеу келе өз айла-тәсілдерімен саналарын сан түрлі жолмен арбауға тырысып бағады. Дегенмен, әлеуметтік желілердегі жат ағымдардың айласымен таныс болған соң, әрбір ата-ананың ойына келетіні – мұндай келеңсіздіктерге тосқауыл қоюға қамдану.

 

Жат діни ағымдардың қоғамға қаупі

Жат ағымның зардабы – қоғамға төнген қатер

24.11.2025
Жат ағымға тән негізгі белгілер

Деструктивті діни ағымдардың зардабы

18.11.2025

Баланы қадағалау немесе әлеуметтік желілерге шектеу қою қалай жүзеге асады?

1)  Әрбір ата-ана алдымен ғаламтор желілерін өзі пайдаланып, әрдайым баласымен тығыз байланыста болуы керек;

2)  Баласынан әлеуметтік желідегі жеке аккаунтының құпия сөзі мен логинін алып, әрдайым кіріп қадағалап тұрғаны дұрыс;

3)  Баланың парақшасына әрдайым кіріп, жазбаларына қарап, рухани дүниетанымын үнемі қадағалаған абзал;

4)  Парақшасында экстремистік және террористік жазбалар болса, дереу психолог немесе дін маманымен хабарласу қажет;

5)  Баланың тіркелген бірлестіктерін қадағалау керек. Әдетте, жат ағымдар бірлестіктерге жастарды тіркеу арқылы идеологияларын таратады;

6)  Дін істері комитеті («Е-ислам») және ҚМДБ – («муфтият.кз») қарамағындағы сенімді сайттар мен бірлестіктерге тіркеліп, ресми мекемелермен тығыз байланыс орнатқанның да артықшылықтары мол;

7)  Дін мәселесінде сұрақтар туындаса, сенімсіз бірлестіктерден, яки, радикалды бағыттағы арбаушылардан сақтану керек;

8)  Отандық ғалымдар, мамандар мен сарапшылармен байланыс орнатқан жөн;

9)  Тек сенімді бірлестіктерге тіркелу қажет;

10) Кез-келген күдік туғызған сұрақтарды «Фатуа.кз», «Е-ислам» ресми сайттарына жолдап немесе 114 қауырт желісіне қоңырау шалып, анық жауабына көз жеткізген дұрыс.

Осындай реттілікпен баланы теріс бағыттан сақтандыру шараларын әрбір ата-ананың жүзеге асыруына мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, ғаламторда діни уағыз-насихаттарды таратушы ақпараттық деректерге назар аударған дұрыс. Өйткені, отандастарымызға әлеуметтік желілерді пайдалану барысында дұрыс ақпарат алу үшін, сенімді порталдардан ақпарат алуға сілтеме негізінде ұсынылады. Сондай-ақ, ғаламтор арқылы лаңкестік пен экстремизм идеологиялары және басқа да түрлі жат пиғылды ағымдарға қарсы жастар арасында иммунитет қалыптастыру – маңызды міндет.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бірнеше РАНТ мүшелері дәстүрлі дінімізді насихаттап, діни уағыз-насихат жұмыстарын атқаруда. Ал, ғаламтор желілерінде тек РАНТ мүшелері мен мешіт имамдарының уағыздарын тыңдап, дәрістерін құлақ салу ең дұрыс таңдау болмақ.

Тағы да айта кетейік, ғаламтордағы, әлеуметтік желілердегі ақпараттарға өте мұқият болып, кез келген мәселенің дұрыс-бұрысын анықтауда дін мамандарынан сұрауларыңызды өтінеміз! Сондай-ақ, желілердегі ең сенімді бірлестіктерді ғана пайдаланып, қандай да сауалнама туындаған сәтте «Е-ислам», «Муфтият.кз», «Фатуа.кз» сайттарына жолдауларыңызға болады немесе 114 қауырт желісіне хабарласуларыңызды сұраймыз!

Серік ТӘЖІБАЕВ

 

 

 

Бөлісу10Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Пайғамбар әулеті бәрімізге үлгі болса...

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00