Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бүлік отын сөндірген Имам Әшғари

24.11.2015
- Ислам
0
197
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Хижри 260 жылы Басрада дүние есігін ашқан Имам Әшғари кәлам ілімінің ұстазы Әбу Али әл-Жүббаиден дәріс алады. Алғашында ол Мұғтализа мәзһабының көзқарастарын ұстанған. Бірақ бара-бара Мұғтазила көзқарастарына қарсы фақиһтар мен мұхаддистарға мойын бұра бастайды.  Осы уақыттарда түбегейлі дағдарысты бастан кешіп, тіпті біршама уақыт оңаша тұрғанды ұнатады. Көп уақыт екі көзқарастың тайталасымен шұғылданады. Ілім мен терең ойға беріліп өткізген ұзақ уақыттың соңында бір күні халықтың арасына баруға ұйғарым жасайды. Жұма күні еді. Басрадағы үлкен мешіттің мінберінен мына шындықты дауыстап естіртеді: «Уа, халайық, мені танитындар таныр. Танымағандарға өзімді енді танытамын. Мен осы уақытқа дейін Құранның махлұқ (жаратылған) екендігін, Алланың көзбен көруге келмейтіндігін әрі нашар қылықтардың өз тарапымнан (жаратылып) жасалатынын айтушы едім.  Енді бұл пікірлерімнің барлығынан бас тартып, тәубе етуге шешім қабылдадым. Уа, жұртым, мен біршама уақыт оңашаланып, ешкімге төбе көрсетпедім. Өйткені көп ойланып, дәлелдерді қайта қарап шығу керектігін сездім. Аллаға мені тура жолға бағытташы деп жалбарындым. Бұған дейінгі иланған жайттарымның барлығынан бас тартқанымды білдіргім келеді». Ірі ғалым осы сөзінен кейін халыққа әхлі сүннет әдісіне сай жазылған парақшаларын таратады. 

Астамдық пен нұқсандықсыз Кәлам түсінігі

Сол күннен кейін өзіне дейінгілердің жағдайы секілді барлық ауыртпалықтарға кеуде керді. Бірақ сондық ақидалық әдісі аз уақытта халықтың ықыласына бөленді. Тәпсір, хадис пен философия саласында мамандануымен аты әйгіленген Имам Әшғари хазірет Мұғтазилаға қарсы көзқарастарын «әл-Ибанә» атты кітабында қорғайды. Ол кітапты оқығандар ғалымның адасушы идеяларға антитеза ғана туындатпағанын, өте бір өткір мәселелерде тұщымды шешімдер айтқанын дереу байқайды.

Сол дәуірдің ғалымдары ғылыми мәселелерде пікірталастыру үшін жанына жиі келетін. Әшғари мәзһабын өзге көзқарастардан ажырататын қырларына көз салғанымызда, оның үнемі тепе-теңдікті ұстана отырып алға жылжығанын көреміз. Шапағатты мойындамағандар мен шапағатқа сеніп мүлгіп отыра беретіндер бар дәуірде өзі «Пайғамбарымыздың (алайһис салам) жазаға лайықты мүминдерге шапағат ету билігі бар.  Алланың рұқсат шеңберінде шапағат етеді. Ол да өзге пайғамбарлар секілді Алланың лайық көргендеріне мейірімділік жасайды» дейді.

Қиямет күні Алланың көрінуі жайында Мұғтазила «Алла көрінбейді» деген пікірді қорғап, аяттарды жорамалдағанда, Әшғари «Алла түр мен пішінсіз көрінеді» деген. Өзі барлық мәселеде адасулардан алыс болу үшін орташа жолды ұстанған. Барлық көзқарасында екіұшты тәсілдерге қарсылық білдіргені ашық байқалады. Осы негізбен Имам Әшғари ізімен келе жатқан біздерге кәлам мәселесінде астамдық пен нұқсандыққа барудың қаупін түсіндіреді. 

Әшғари әдісі: әрі ақыл, әрі нақыл

Ислами ойлау жүйесін бізге ұсынатын мәзһабтардың бірі Әшғарилық хижри 3 пен 4 ғасырларда адасушылықпен күрескен ағым ретінде пайда болған. Ірім имам күрескен, исламға кесір тигізген ағымдар қатарында философияшылар да жоқ емес. Карматилер, Батинилер секілді ағымдарды іс жүзінде тек ақылға жүгінген дәлелдер ғана тойтара алды. Имам әрі ақылға жүгінген дәлелдерімен, әрі нақылдық дәлелдермен реті келгенде ақиқатты биіктету үшін араға кіргізеді. Діннің негіздерін жығуға тырысқан көзқарастармен ең қарқынды түрде күресу себептерінің бірі оның сол көзқарастығалармен бұрын араласып, олардың тәсілдерін меңгеруі еді. Осы еңбегі себепті сол кездің көп ғалымы тарапынан «Әхлі сүннет уәл жамағат» имамы ретінде мойындалған.

Әшғари хазіреттің пікірлерін дұрыс көргендердің молаю себебі – шәкірт тәрбиелеп, оларды әлемнің шартарабына жіберуінде. Дінге зиян тиеді-ау деген қандай да бір идея туралы хабар алса, дереу біреуді сонда жолдап әлгі иедяның ықпалын жоятын. Осы себепті уақыт өте келе билеушілердің де мақтауына ие болды.

Өзі өмір сүрген ғасырда исламға қырын қарайтындар Имам Әшғаридан ығатын. Керек десеңіз, имаммен тайталасқандар уақыт өте келе тарихтың толқындарына жұтылып кетіп жатса, имамның дауысы ұрпақтан ұрпаққа зор үнмен жетіп, Ирак пен Ирактан Батысқа дейін тез тараған. Әшғари өзінен кейін келгендерге идеялық тұрғыдан із ашты. Сол себепті Әшғаридың көзқарастарынан қуат алған көптеген мүжтахидтер мен ойшылдар шықты. Шафиғи мәзһабындағы мүминдер ақидалық тақырыптарда Имам Әшғаридың ізімен жүруде. Хижри 330 жылы өмірден озған ірі ғалым бүгін де ақырет, жамалуллаһ (Алланың дидарын көру), қиямет, үлкен күнәлар, тағдыр секілді өте нәзік мәселелерде барша мұсылмандарға жол көрсетіп келе жатқаны күмәнсіз.

 Тәржімалаған: Жарболсын Несібелі

Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026

Зекет – байлықтың қорғаны

15.03.2026

Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?
Ағымдар ақиқаты

Тағы жүктеу
Келесі жазба

ИШИМ халифатқа, ал басшылары халифаға жатады ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121067 бөлісті
    Бөлісу 48427 Твитерге 30267
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?
Ағымдар ақиқаты

Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

17.03.2026
Қазақтың әскери өнері қандай болған?
Қоғам

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00