Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ажырасқан әйелдің нәпақасын табу кімге жүктеледі?

17.11.2015
- Сұрақ-жауап
0
1.1k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам дінінде әйел адамға үлкен құрмет көрсетілген. Оның нәзіктігі, әлсіздігі ескеріліп, күн көрісі ер азаматтардың мойнына жүктелген. Мысалы, қыз бала тұрмыс құрғанға дейін күн көрісі, нәпақасы әкесінің, әкесі болмаған жағдайда кәмелетке толған аға-інілеріне, олардың шамасы келмейтін болса, атасы немесе әкесінің бауыры секілді жақын туыстарына жүктеледі. Ал тұрмыс құрған соң бұл міндет толығымен күйеуінің мойнында болады.

Егер, әйел күйеуімен ажырасса, онда оның нәпақасына кім жауапты болады? Әйел күйеуімен ажырасқан соң ғиддат кезінде (ажырасқан әйел ислам діні бойынша бірден басқа біреуге тұрмысқа шыға алмайды, 3 етеккір мерзіміндей уақыт күтеді. Мұны ғиддат кезі деп атайды. Ғиддат кезеңі біткен соң ғана басқа біреуге тұрмысқа шығуға рұқсат етіледі. )  нәпақасы күйеуінің мойнында болады. Ал, егер әйел аяғы ауыр күйде ажырасса, оның ғиддат кезеңі босанғанға дейін жалғасып, сол уақытқа дейін нәпақасы күйеуінің міндеті болып қала береді. Ал, ғиддат кезі біткен соң әйелдің нәпақасы кәмелетке толған балаларына жүктеледі. Ал, егер кәмелетке толған баласы болмаса, онда қайта тұрмысқа шыққанға дейін нәпақасы әкесіне, ол болмаса өзінің туған бауырларына, олар болмаған жағдайда әке және ана жағынан ең жақын туыстарына жүктеледі. Туыстары да болмаса, әйелдің нәпақасы көпшілікке, яғни көпшілік атынан мемлекетке жүктеледі. Егер, әйелдің нәпақасын ешкім мойнына алмаса, онда о дүниеде сол жердегі мұсылмандардың барлығы жауапты болады. Яғни, әйел адам еш уақытта қараусыз қалдырылмайды. 

Ажырасқан күйеуі ғиддат мерзімі біткен соң әйелдің напақасына жауапты болмағанымен, балаларының нәпақасына жауапты болады. Сол секілді егер баласы кішкентай болып, әйел сол баласына қарағандықтан жұмысқа шыға алмайтындай немесе басқа да шаруаларын атқара алмайтындай болып, күйеуінен балаға қарау үшін қызмет ақы талап етсе, күйеуі оны әйелге төлеуі қажет. Әкенің балалардың нәпақасына жауаптылығы былай қарастырылады:

 

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Егер ұл бала болса, онда:

  1. Кәмелетке дейін баланың нәпақасы әкесінің жауапкершілігінде болады. Ал егер бала кәмелетке толғанымен, өз күнін көре алмайтындай науқас, мүгедек болса, онда нәпақа әкенің жауапкершілігінде қала береді.
  2. Нәпақасы берілетін бала кедей болуы керек. Ал егер баланың байлығы болса (мұрагерліктен қалған немесе сыйға тарту етілген, т.б.), онда нәпақасы сол байлығынан алып жұмсалады.
  3. Әке баласының нәпақасын тауып бере алатын мүмкіншілікте болуы керек. Егер әкесі мүгедек, науқас немесе өзі кедей болып баланың нәпақасын тауып бере алмайтындай болса, онда баланың нәпақасы  келесі кезектегі жақын туыстарына жүктеледі.

 

Егер қыз бала болса, онда:

  1. Қыз бала тұрмыс құрғанға дейін нәпақасы әкесінің мойнында болады. Тұрмыс құрған соң бұл жауапкершілік күйеуіне өтеді. Күйеуі қайтыс болса немесе ажырасса қыз әкесінің үйіне қайта оралады. Қыз баланы өз күнін көру үшін ешкім табыс табуға мәжбүрлей алмайды. Бірақ өз еркімен ислам дінінің шарттарына сай жерде жұмыс істеп ақша табуына болады.
  2. Қыздың өз байлығы болса (жоғарыда ұлда айтылғандай), онда нәпақасы сол байлықтан алынады.
  3. Әкесі қызын асырауға шамасы жетпесе (мүгедек, науқас, кедей болса), онда қыздың нәпақасы келесі туыстарының мойнына жүктеледі. 
Таңбалар: Алау Әділбаев
Бөлісу26Твитерге17Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет
Видео

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет

07.12.2023
Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы
Видео

Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы

03.11.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Сол қолмен тамақ жеу харам ба?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00