Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алтын Орда құрамындағы Ақ Орда, Көк Орда, Боз Орда атаулары туралы не айтасыз?

21.11.2015
- Сұрақ-жауап
0
2.1k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Атап айтар болсақ, Бату хан Еуропа жорығында белсенділік танытқаны үшін інісі Орда-Еженге он мың үйлік ұлысты тарту еткен. Тарихшы Сұлтановтың айтуына қарағанда, Орде-Ежен Көк Орда атанған бұрынғы Жошы ұлысын иемденген. Сондай-ақ, Бату хан астар, орыстар, черкестер, бұлғарларды бағындырғанлда ерлік көрсеткені үшін тағы бір інісі Шайбанға да жеке ұлысты еншісіне берді. Алтын Орда мемлекетінің батыс-теріскей қабатына орныққан Шайбан ұлысының күнбатыс жағы Бату, күншығыс беткейі Орда-Ежен ұлысымен шектесіп жатты. Нақтырақ айтар болсақ, Шайбан ұлысының жерлеріне Әбілғазының айтуына қарағанда Орал таулары, Тобыл, Жайық, Ырғыз өзендерінің аралығы кірген, қыстоқсанда Арал теңізі, Шу, Сарысу, Сырдарияның аяғына дейінгі жерлерде қыстайтын болған. Ал, Солтүстік Кавказ бен Дербенд аралығы Берке ханның ұлысы саналды. Қырым өңірі Тоқай Темірге, Днепр мен Днестр аралығындағы орманды алқап Мувалға (Ноғайдың атасы) ұлыс етіп берілді.

Осы тұста Алтын Орда құрамындағы Ақ Орда мен Көк Орданың аражігін ажырата айтуымыз керек тәрізді. Парсы тарихшысы Муин ад-дин Натанзидің жеткізуіне қарағанда, Ақ Орда құрамына Ұлытау, Сегізағаш, Қаратал, Түйсенген, Женд, Баршыкент жерлері енген. Ал, Көк Ордаға Ібір-Сібір, Орыс жерлері, Либке, Укек, Мажар, Бұлғар, Башқұрт, төменгі Еділ сағасы жатқан. Алайда, Ақ Орда мен Көк Орданың орналасуына қатысты бір-біріне қарама-қайшы келетін көптеген деректер бар. Соның бірі Өтеміс қажының «Чингиз-намесінде»: «Хан буларға уч орга салды: Алтын босағалы Ақ Орданы Сайн ханға салды. Кумуш босағалы Көк Орданы Ижан ханға салды. Булат босағалы Боз Орданы Шибанға салды» деген тың дерек болып саналады. «Чингиз-намедегі» «Сайн ханға Еділ дариясындағы уәлайат беріледі, ал Ижан ханға Сыр бойындағы жерлер беріледі» деген мәліметті негізге алған З.Жандарбек Муин ад-дин Натанзидің дерегін жоққа шығара отырып, Дешті-Қыпшақта құрылған Орда-Ежен ұлысын Көк Орда деп білетінін жеткізеді. Дегенмен, тарихшы Н.Меңғұлов Қазақстан жерінде құрылған Орда-Ежен ұлысын Ақ Орда деп тұжырымдайды. Біздіңше түркінің төл шежіресі «Чингиз-намеге» сүйенген З.Жандарбектің пікірі тарихи шындыққа жақын сияқты.

Әсілі, көне түркілік ойлау жүйесінде түстер белгілі бір мәнге ие болған. Ақ, қара, көк, сары, кейде қызыл деп берілетін түстер тек сипаттама емес, түркілік ойлау жүйесіндегі белгілі бір тарапты білдіретін ұғымдар болып саналады. Түркілер қай жерге барса да, осы түстер арқылы жер кіндігін, сондай-ақ, теріскей мен күнгейді, күншығыс пен күнбатысты анықтап отырған. Осыған қарай, әкімшілік бөлініспен қатар жер-су аттарын да арнайы түстермен белгілеген. Мысалы, ақ түспен – батысты, көк түспен шығысты меңзеген (Егоров, 2005. с 5-6). Яғни, Алтын Орда мемлекетінің құрамындағы Ақ Орда, Көк Орда, Боз Орда  атаулары да осы көне түркілік дүниетанымға негізделген деп білеміз.

Жалпы, Сафаргалиевтің айтуына қарағанда, Алтын Орда империясына қарасты жерлер Жошының 14 баласына бір-бірінен тәуелсіз әкімшілік-аймақ ретінде мирасқа берілген. Негізгі билік тізгіні Бату ханның қолында болды. Ірі ұлысаралық мәселелер құрылтайда Ұлы Иаса* (жасақ – әскери заң) заңының негізінде шешіліп отырған

* Алтын Орда атауы алғаш рет XV-XVI ғасырларда Орыс жылнамаларында өтеді. Ал, ХІІІ ғасырда Бату дәуірінде көбінесе Орда атауы қолданылған.

* Шыңғысхан негізін қалаған мемлекеттің әскери һәм азаматтық заңнамасы. «Жасақ» моңғолша билік деген мағынаны білдіреді. Түрікше «жасақ» немесе «жосық» әскери және азаматтық ережелер мағынасына келеді.

Отбасын және әйелдерді қолдаудың қандай мемлекеттік шараларын білесіз?

Әйелдермен қарым-қатынасымыз қандай болу қажет?

17.03.2026
Мешіт жамағатымен өткен жиын

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026

Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу50Твитерге31Бөлісу6Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Шыңғысхан ұрпақтары Еуропаға қандай себеппен жорық жасады?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121073 бөлісті
    Бөлісу 48429 Твитерге 30268
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

«Қазақ күшінің картасы»: Түркістан облысында «Балуан тас» сапары басталды
Жаңалықтар

«Қазақ күшінің картасы»: Түркістан облысында «Балуан тас» сапары басталды

18.03.2026
Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?
Ағымдар ақиқаты

Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

17.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00