Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Амал дәптерімізді қалай толтырып жүрміз?

18.09.2015
- Қоғам
0
4.8k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Амал дәптерінің не екенін түсіну үшін өмірде еш нәрсенің мақсатсыз жаратылмағанын, адамның да жаратылыс мақсаты барын, әрбір іс-әрекетінің жауапкершілігі, сұрауы болатынын білудің мәні зор. Иә, адам баласы бекерден бекер жаратылған жоқ. Бұл өмір оған тек сынақ үшін берілген. Осында не ексе, ақыретте соны ормақ. Пенденің бұл өмірдегі барлық жақсылық-жаманды істерінің барлығы да тізімделіп, мұқият жазылу үстінде. Амал дәптері – міне осы әр адамның жеке өзіне ғана тән, періштелері жазып отыратын дәптері. Бұл дәптердің ерекшелігі сонда, оны әркім тек ақыретте ғана көрмек. Оған қандай қаламмен, жазу қалай жазылатыны, дәптерлердің көлемі қандай болатыны да бізге беймәлім. Бірақ, ол дәптер бүкіл адамзат тірілтіліп жиналған мақшар алаңында, Ұлы Жаратушының құзырында, бүкіл періштелер қатысқан жиында берілмек. Өйткені Есеп күні кімнің жақсы я жаман екені, өмірін қандай істермен өткізіп келгені сол дәптер негізінде анықталмақ.

Әркімнің жасаған істерін жазып отыратын періштелерді Құран былай деп білдіреді: «Анығында әрбіріңді бақылаушы періштелер бар, абыройлы жазғыштар. Не істесеңдер де біліп тұрады» (әл-Инфитар:10-12).

Балиғат жасына толғаннан бастап, ғұмыр бойы үзбей осы амал дәптерлері (Құранда кітап деп те келген) жазылумен болады. Ақыретте бұл дәптерлердің адамның оң жақ тұсынан, я сол жақ тұсынан әкелінуі үлкен шешуші маңызға ие. Оңнан берілгендер өздерінің жұмақтық екенін сезіп, қатты қуанса, солдан берілгендер, тозаққа түсетінін, одан кейінгі есептерінің ауыр соғатынын біліп, қатты уайымға салынады.

Құран ол туралы былай дейді:

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

«Міне, сол кезде кітабы (амал дәптері) оң қолына берілгендер (масайрап) былай дейді: «Келіп, менің кітабымды оқыңдар. Өйткені, мен есеп беретінімді ескерген болатынмын». Ол жайлы өмірде, жоғарғы жұмақта» (әл-Хаққа:19-22).

«Кітабы сол қолына берілгендер болса, былай дейді: «Қап, кітабым маған берілмегенде ғой… Есебімнің де қандай екенін білмей-ақ қойғанымда болар еді».  Оны ұстаңдар да тозаққа тастаңдар» (әл-Хаққа: 25-27, 30-31).

Өзінің амал дәптерін көргенде, әркімнің онда жазылғандарды оқып қатты таңғалатыны айтылады. Өйткені, өмірінде жасаған әрбір ісінің бүге- шігесіне дейін түк қалдырмай тіркелгенін көреді. 

Құран олардың таңғалып былай дейтіндерін айтады:

«Мәссаған, мынау не деген дәптер десеңші, ірі-ұсақ демей бәрін жинапты» (әл-Кәһф: 18/49).

Анығында ол дәптердің қалай толтырылатыны адамның өзіне байланысты. Бұл тұрғыда әр күнімізді ақ парақ деп елестетсек, бір күнге есеп беру арқылы сол парақта қандай сауапты, я күнәлі істер жазылатынын шамалауға болатындай. Бір ғалым бұл тұрғыда сараңдардан үлгі алу керектігін мысал етіпті. Өйткені, сараңдар ақшасын ұсақ тиындарына дейін қайта-қайта санап, күнделікті есебін жаңылмай жүргізіп отырады. Сол сияқты әркім де істеген ісінің жақсы-жаманын үнемі таразылап, нашар қылықтарына өкіне кешірім сұрап, игі істерді көбірек атқарып, құлшылықтарын толық орындаса, амал дәптерінің сауап жағы толыға түсері белгілі.

Тақуа кісілер сондықтан да өмірдегі әр ісіне мұқият қарап, ақыретте амал дәптерінің өзіне оң жағынан берілуін тілеп, әрдайым дұғаларында жалбарынған.

 

Құдайберді БАҒАШАР,

дінтанушы

 

Бөлісу116Твитерге72Бөлісу14Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Алланың разылығы – ананың разылығында

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00