Жексенбі, 22 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақ хандығы дәуірінде ел билеу құқығы неге төрелерге берілген?

24.08.2015
- Сұрақ-жауап
0
139
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Нағында, Шыңғысхан және оның ұрпақтарын «төрелер» деп кие тұтудың астарында діни сенім жатыр. Көне түркілердің түсінігі бойынша абсолютті ел билеу құқығы – тек «қаған» мансабына ие билеуші тұлғаларға тиесілі-тін. «Қаған» мансабын Оғыз қаған ұрпақтары ғана иелене алатын. Әбілғазы «Түрік шежіресінде» Оғыз қағанды бір тәңірге сенуді дәріптеп Моңғол, Татар, Шүршіт, Қытай, Тұран, Үндістан, Иран, Шам, Мысырға жорық жасап, жаулап алған жаһангер деп көрсетеді. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы болса, Оғыз қаған ескі заманда (исламнан бұрын) түркілерге келген пайғамбар еді деп атайды. Базбір зерттеушілер Оғыз қаған фольклордағы образ емес, оның тарихи тұлға екенін болжайды. Мәселен, Н.Я. Бичурин Оғыз қағанды хұндардың тәңірқұты Мөде екенін айтады. Бұл болжамды түрік зерттеушісі Ахмет Кабаклы да жақтайды. Жалпы, тарихи еңбектерде Мөденің Шығыстағы Тынық мұхиттан Каспий теңізіне дейінгі аралықтағы 36 мемлекетті бағындырғандығы айтылады.

Түркілердің танымында Оғыз қаған ұрпақтары «алтын ұрық» өкілдері болып есептелді. Мұсылмандар үшін «әһли-байт» қаншалықты құрметті саналса, көне түркілер үшін де Оғыз қаған ұрпақтары соншалықты қадірлі болды. Түркілер Оғыз қаған ұрқы Тәңірдің нұрына бөленген, олар мемлекет басқарса, ел баянды өмір сүреді деп ұқты. Рашид ад-диннің «Жами-ат Тауарихында» Шыңғысханың осы Оғыз қағанның ұрпағы екендігі көрсетілген. Яғни, Шыңғысхан өзінің Оғыз қағанның ұрпағы екенін дәлелдеп, қаған мансабына қол жеткізді. Ал, қалың бұқара алтын ұрықтың өкілі Шыңғысты хан ретінде сайлап, оның ұрпақтарының билігіне мойынсұнды.

Мемлекет теориясы ғылымында «билеушілерді Тәңірдің жердегі өкілі санайтын ел басқару тұрпатын «харизматикалық мемлекет» деп атайды. Демек, Шыңғысханның иелігіндегі мемлекеттің көне түркілік сенімге (тәңірлік) сай діни қыры болған. Осы тоқтамға саятын пікірді өз зерттеуінде татар зерттеушісі Измайлов: «Мемлекетті басқарудың чингизизм» құбылысы  – саяси күш пен билеуші әулеттің біріге отырып, теократиялық қуатқа ие екенін білдіретін саяси бейнесі»  деп атап көрсеткен еді. Яғни, Шыңғысханұрпақтарына ел билеу құқығының берілу себебі, халықтың «алтын ұрық өкілдері (төрелер) мемлекет басқарса, ел баянды өмір сүреді» деген сенімі негізге алынған болатын. 

Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

Наурыз қандай мереке?

20.03.2026
Қазіргі таңдағы «нақшбандия» сопылық тариқаты дұрыс па?

Қазіргі таңдағы «нақшбандия» сопылық тариқаты дұрыс па?

20.03.2026
Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қазақтың соңғы билеушісі Кенесары ханның қасиетті күресі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121347 бөлісті
    Бөлісу 48539 Твитерге 30337
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1601 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    513 бөлісті
    Бөлісу 205 Твитерге 128

Соңғы жарияланымдар

Ұлт келешегін айқындайтын құжат
Мемлекет және дін

Ұлт келешегін айқындайтын құжат

20.03.2026
Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған
Сұрақ-жауап

Наурыз қандай мереке?

20.03.2026
Қазіргі таңдағы «нақшбандия» сопылық тариқаты дұрыс па?
Сұрақ-жауап

Қазіргі таңдағы «нақшбандия» сопылық тариқаты дұрыс па?

20.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00