Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!

09.07.2015
- Ислам
0
309
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Исламның бес парызының бірі болған Ораза Құран аятында айтылғандай, мұсылман адамды қарапайымдылыққа, сабырлыққа үйретеді, шыдамдылыққа, өзара сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Өмірде болатын қиындықтарға төзуге бейімдейді. Ораза ұстау арқылы адам баласы Жаратушы Хаққа жақындай түсері анық.

Бұл Ислам дінінің негізгі құндылықтарының бірі. Оның мазмұнында үйлесімділік пен татулық, тазалық пен жауапкершілік сынды іргелі идеялар тұнып тұр.

Біздің елімізде өмір сүріп отырған барша отандастарымыз да Рамазан айын бірлік пен татулық ішінде тойлап, исламның рухани-имандылық және қайырымдылық ықпалы  мұсылман қауымының арасында артып келеді. Ислам дінінің мықты жасампаз әлеуеті арқылы қоғамдағы дәстүрлі рухани құндылықтар  нығайып, еліміз аумағында ханафи мәзһабының ұстанымына сәйкес діни ілімді дамытудың тетіктері мен оларды жүзеге асыру жолдары айқындалды.

Бұл мемлекеттің халқымыздың рухани-өнегелік құндылықтарына ерекше қамқорлығының арқасында мүмкін болып отыр.

Шынайы бол…

25.11.2025
Бірінші байлық – денсаулық

Бірінші байлық – денсаулық

24.11.2025

Рамазанның ең жақсы ерекшелігі  – бұл ағайын-туысқандармен, дос-жарандармен, жамағатпен «ауызашар» дастарқанында бас қосып мәре-сәре болып жататынымыз. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) өзінің хадисінде: «Кімде-кім ораза ұстаған адамның аузын аштырар болса, ораза ұстаған адамның сауабындай сауап алады…» деп бұйырған.

Ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан ауызашар немесе ифтар қазақ дәстүрімен біте қайнасқан. Оның мазмұнында ел мен жер тұтастығы, ұрпақтар сабақтастығы, үйлесімділік пен татулық, тазалық пен жауапкершілік сынды іргелі идеялар тұнып тұр.

Алланың разылығы үшін ауызашар беру біздің арамызда бүгінде игі дәстүрге айналып отыр. Халқымыз үшін ауызашар беру ғасырлар бойы игі дәстүрге айналып, ораза айында дастарханын жайып, ақсақалдардың батасын алып отырған. Аузы дуалы ақсақалдарымыз Алла Тағаладан мемлекетіміздің тұрақтылығы мәңгі, еліміздің іргесі тыныш, жұртымыз аман болсын деп тілек тілеген.

Хадистерде де ораза ұстаушының ауызашар кезінде тілеген дұғасы қабыл болады делінеді.

Бүгінде елімізде ата дініміз – исламның дамып өркендеуі үшін бар жағдай жасалуда. Ақшаңқан мешіттер бой көтеріп, азаматтарымыз имандылыққа ұюда.

Таяу Шығыстағы діни төзімсіздіктен адами төзімсіздікке ұласқан апат та бізге көп ой салады. Бұл өңірдегі рухани мәселеде дәстүр мен заман шындығының арасы ажырап кетті. Саяси менмендік белең алды. Жастарды төзімділікке тәрбиелеу, құндылықтарға баулу жүйесі бұзылды.

Ал, бізде Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарынан бері ел тыныштығы, ұлттар үйлесімділігі Елбасымыздың сындарлы саясатының басым бағытына айналды. Діни төзімділік – елдік дәстүрдің рухани арқауы болды.

«Ұлтым – қазақ, дінім – ислам» деген ұлағатты сөздің астарында халқымыз бен ислам дінінің сан ғасырлардан бері бірге жасасып келе жатқан мәнді тағдыры қатар көрінетіні осыдан болса керек. Дәстүрлі дініміз – халқымызды ортақ мақсаттар мен мұраттар төңірегіне топтастырып келе жатқан жасампаз құндылық екендігін мақтанышпен айта аламыз.

Елімізде ұлтаралық келісім мен конфессияаралық ауызбіршілікті сақтауда жүргізіліп отырған қыруар жұмыстардың басты мәні де осында  – ол діннің оң әлеуетін тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуында мейлінше ұтымды қолдануға тұғырланып отыр.

Сондықтан әрбір мұсылман, ең біріншіден, өзінің көркем мінезімен, таза жүріс-тұрысымен басқаларға үлгі бола білуі керек. Екіншіден, және ең бастысы, елімізде қазақ халқының сан ғасырлық тарихы мен салт-дәстүрлеріне сәйкес қалыптасқан дәстүрлі исламдық түсініктерді қабылдау білуі қажет.

Сондықтан құдіреті күшті Алла Тағаладан мемлекетіміздің тұрақтылығы мәңгі, еліміздің іргесі тыныш, жұртымыз аман болсын деп сұраймыз.

Әлемдегі барша мұсылмандар үшін қасиетті ай – Рамазан айында ұстаған оразаларыңыз бен жасаған ғибадаттарыңыз қабыл болсын!

 

Балғабек МЫРЗАЕВ,

теология ғылымының докторы,

дінтанушы 

Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

ИШИМ-нен сақ болайық

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00