Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

ИШИМ туралы бар шындық

15.07.2015
- Ағымдар ақиқаты
0
203
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

 

Омар – Түркия астанасының 27 жастағы тұрғыны, егіз баланың әкесі.

Осы жылдың ақпан мен мамыр айларының арасында ИШИМ-нің қатарында болып келген азамат. Осындан 1 жыл бұрын есірткіге әуес ол кей кісілермен танысады. Кейінгілері оған «шариғат, жиһад пен Алла жайлы» түсінік айта бастайды. Бұдан кейінгі оқиға әдеттегі қалыппен өрбіді:

 

Жат діни ағымдардың қоғамға қаупі

Жат ағымның зардабы – қоғамға төнген қатер

24.11.2025
Жат ағымға тән негізгі белгілер

Деструктивті діни ағымдардың зардабы

18.11.2025

– Біз – 11-12 адамнан құралған топ ұшақ арқылы Газиантеп (Түркияның шығысында орналасқан) қаласына келіп жеттік. Түнде шекара астық. Шекараның арғы бетіне өткен соң, «әл-Каида» сарбаздары біздің кім екенімізді сұрады. Арамызда араб тілінде еркін сөйлеген серіктесіміз барды. Ол сарбаздарға біздің ИШИМ-нен екенімізді айтып түсіндірді. Жарты сағатта артымыздан адамдар келіп, түнгі сағат 3-те Сирияның Ракка деп аталатын қаласына жеткізді. Таң ата лагерге жайғастық. Осыдан соң 15 күн бойы әскери дайындықтан өттік. Бәрі де әскерде болғандай өтті. Жүгіруге, жаттығуға, оқ атуға тура келді. Біздің жеке нұсқаушымыз болса да, бізді жақсы дайындады деп айта алмаймын. Басты талап – оқ ата білсек болғаны. Бұдай кейін бізді топ-топқа жіктеп, соғыс қимылдары өтіп жатқан аймақтарға аттандырды. Біздің топ жасақталған соң, басшымыз болып түрік азаматы тағайындалды.

Келесі күні жаттығу лагерінен кейін алғаш рет соғыс қимылдарына қатыстым. Нақтырақ айтқанда, қоршауға түсіп қалдық. Жан-жағымыздан оқ атты, машиналарымыз бірінен соң бірі жарылып жатты, біз болсақ, соққы бетін қайтарумен болдық. Кескілескен ұрыстан соң тірі қалғанымыз өліктерді арқалап, Раккаға кері қайттық.

– ИШИМ-діктердің өлім жазасын көзбен көрдіңіз бе?

– Иә. Сол түні-ақ 3 жәбірлеушіні жазалау керек болды. Біреуі бетіме тесіле қарап, ыржиды. Өмір сүруіне аз уақыт қалғаны оны мазаламаған тәрізді. Бұған төзімім жетпеген мен «Қазір ақырғы демің таусылады, неге мәз боласың?» дегенді білдіріп, аяғыммен теуіп жібердім. Ұрыстан соң онсыз да жүйкем әбден жұқарды. Есесіне, әлгі байғұс неме күліп отыра берді.

– Бастың қалай кесілгенін де көрдіңіз бе?

– Осы әрекетімен олар адамдарға үрей салғысы келеді. Егер 14 жастағы жас бала көз қақпай адамды қойша бауыздайтын болса, онда қалғанын өздеріңіз түсініп біліңіз. Мүмкін, олар белгілі бір дәрі қабылдайтын шығар. Қалай десек те, нәтижесінде мәңгүртке айналып, адамды малша бауыздап жатқанын ойламайды да, есесіне отанын азат еткендей бақырып, қатты қуанады. Өз көзім осындай 3-4 оқиғаға куәгер болдым. Бұл, әрине, сұмдық көрініс болды.

– Өз қолыңызбен адам өлтірдіңіз бе?

– Ондай болды. Себебі соғыс қой.

–Ақша төледі ме?

–Төледі. Ай сайын 250, әрбір ұрысқа қатысқаның үшін қосымша 150 доллардан төленді. Бұған қоса тамағың мен баспанаң да тегін.

– Әбу Бәкір Бағдадиды көру сәтін салды ма?

– Оның айналасында  200 адамнан құралған  топ бар. Машинасында 7-8 адамды алып жүреді. Ол жеке жүрмейді. Сонымен қатар, теледидарда да көп көріне бермейді. Оның артында Израиль тұр деп ойлаймын.

– Қайтып келуге не себеп болды?

– Өмірімде ойламаған, тіпті жоспарымда жоқ талай нәрсеге ұрындым. Құдыретті Алла бізге «шариғат үшін адам өлтір» деді ме? Жоқ! Жаратушы жазықсыз жанды өлтіруге тыйым салды, мешіттердің күлін көкке ұшыруды да қаламайды. Алланың қалауы – Өзі салған заң бойынша өмір сүру, бірақ адам өлтіру ол заңға кірмейді.Бір түні ұйықтай алмай біраз жаттым. Басыма неше түрлі ой кіріп шықты. Өз өзіме сенгім келмеді. Бұл мен бе, бұл мен болуым мүмкін бе, мені осындай жағдайға жеткізген не?! «Не өлемін, не кері қайтамын» деп, сол уақытта өз өзімен серт бердім.

– Сізді осылай оңай жібере алды ма?

– Басшымыз туысқандарымыздың бірі болғандықтан, о жағы қиын болған жоқ. Бөлек мәселе: сол уақыттан бері жарты жыл өтсе де, есімді жия алмай келемін. Түсімде кейде оларды көремін, олар мені кері шақырғандай болады.

– ИШИМ-нің Түркияға баса көктеп ену жоспары бар ма?

– Кейбіреулері Хатай облысын басып алып, шариғат орнатқысы келеді. Бірақ оларды облысқа кірген бойда, жер жастандырады деп ойлаймын.

 

Омардың ИШИМ құрамына керген басқа сарбаздарға қарағанда жолы сәтті аяқталды.  Ал, 25 жасар Хасан топ құрамына өткеннен кейін 9 айдан соң көз жұмды.

Ол Стамбулда тұрды, тариқат сабақтарына қатысты. Алайда, арбаушылардың бірі тариқат құрамына енген болар, Хасан сол жерде жүріп арбаушының қармағына іліккен еді. Ол тез арада өзгеріп шыға келді, сабақты ысырып тастады, бұрынғы достарымен қатынасты үзді, мүлдем басқа адамға айналғандай болды. Сұрағанның бәріне жақын арада «жиһад»  жасайтынын айта берді. Бірақ сөзіне ешкім құлақ аспады, тек жаңа жолдасының әсерінен пайда болған қиял деп қана ұқты. Хасанның ата-анасы ауқатты адамдар еді. Бірақ,  ол тоқыма өндірісімен айналысатын ұйымда жұмыс істеуді қалады. Ұйым ИШИМ жақтастарының меншігі болуы мүмкін. Хасанның достары бірнеше рет оны жаңа жұмысынан табу әрекетін жасады. Жұмысынан қара жамылған, шаштары қатты өскен, ұзын сақал қойған адамдарды кездестірді. Көп кешікпей, Хасанның өзі де сондай адамға айналды. Бұдан кейін ол Антеп айналасындағы лагерлерге бара бастады. Сол жерде оны Түркияның басқа провинциясынан шыққан қызға үйлендірді. Алайда, қыздың ата-анамен танысуына тыйым салынды. Лагерге соңғы барған кезде Хасан Сирияға аттанатынын білді. «Фейсбуктағы» парақшасында ол ұрыс оқиғаларын суреттеп жазып тұрды. Әйелінің жүкті екенін білген соң, «ИншаАлла, балам туғанша шахид болмаймын», деп жазды. Бірақ Хасан баласының туғанына 1 ай қалғанда қайтыс болды.

Хасанның өлімі жайлы хабарды әкесі Антеп лагерінде күнін көрген келінінен телефон арқылы естіп білді. Ұзақ сапардан соң ол Сирияға келіп жетті. Баласының өлі денесін әке қайтарып ала алмады, тек шекара арқылы ИШИМ командирлерінің ұрыс даласында қаза тапқан жақтастарының есімдері мен суреттерін жеткізіп беріп жатқанын көрді. Келіні мен немересін де алып кетуге еш мүмкіндігі болмады. Ұйым тәртібіне сәйкес олар лагерде қалу керек, сондықтан басқа біреуге тұрмысқа шығуға міндетті.

52 жастағы қарт әкей де ұлының мәйітін қайтара алмады. «Маған: «Сенің ұлың шахид болды, қатарымызға қосыл, бірге соғысайық» деп айтты. Сол жерден талай бассыз өліктерді көрдім. 1 күндік өмірімде ғұмырымда болмаған нәрселерге көзім жетті» дейді  қария.

Жеке басының шындығына иланған, әрі «өзімдікі ғана дұрыс» деген ұстаным бойынша өмір сүретін кей адамдар осы мақаланы мұқият оқығаннан кейін бірнеше ызалы жолдар жазып, «Жаратушы жолында күрес жүргізген сарбаздарға» күйе жақты деп айыптауы мен Қиямет алдындағы жауапкершілікпен үркітуі мүмкін. Дегенмен, бұлардың арасынан да ақыл-ойынан толық адаспаған адамдар табылып, адасудың теріс түсінен оянады да шындық пен жалғанды ажырата алады деп сенемін.

 

Дайындаған Г.Шарханқызы

«Islamtoday.ru»

Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Алла тағаланы еске алу деген қалай болады?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00