Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бала тәрбиесі құрсақтан басталады

15.07.2015
- Қоғам
0
511
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Асыл дініміз балаға мағынасы дұрыс, естір құлаққа жағымды, жақсы есім қоюға шақырады. Сондықтан балаға есім берерде аса жауапкершілікпен қараған жөн. Баланың өз ортасында жүзі жарқын жүруіне,  жақсы кісілерге еліктеп өсуіне оған таңылған есімнің маңызы зор. Сүннет бойынша сәби туа салысымен немесе туғанына жеті күн толғанда ат қою керек. Бір хадисте бұл туралы «Баланың әкесіндегі құқықтарының бірі – жақсы әдеп пен жақсы есім» деп жазылған. Тағы бір хадисте «Сендер қиямет күні аттарыңмен және әкелеріңнің есімімен шақырыласыңдар» деген жолдар бар.

Бала алдындағы екінші міндет – дұрыс тәрбие, яғни дінге сауатты, көзі ашық, саналы ұрпақ өсіру. Әр ұл мен қыз ата-анасынан жақсы тәрбие алуға құқылы. Құран аяттарында: «Отбасыңа намаз оқуды үйрет. Өзің де оны сабырмен жалғастыр» делінген. Мұхаммад Ибн Абдуллаh (р.а.) риуаят еткен хадисте «Сахабалар: «Баланың ізгі болуы – Алла тағаладан, ал әдептілік – әкеден» деп айтатын» дейді. Яғни, Жаратушы тағдырға ізгілікті жазғаннан кейін, әкенің міндеті – баланы мұсылмандық әдепке үйрету.

Ер жеткен ұлын үйлендіріп, бой жеткен қызын құтты орнына қондыру да ата-ананың бала алдындағы міндетінің бірі. Әбу Хурайрадан келген риуаяттардың бірінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Әкедегі бала ақысының бірі – балиғат жасына толғанда үйлендіру». Басқа бір хадисте уақыты келсе де баласын үйлендіріп, аяқтандырмаса, баласының күнә істеуіне себеп болса, бұған әкесі жауапты екендігі ескертілген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде «Әке баласына жақсы тәрбиеден артық мирас қалдыра алмайды» дейді. Сондықтан, әсіресе, қазіргі таңда балаларымызды шынайы иманға баулуға айрықша көңіл бөлгеніміз жөн.

Әр қоғамның келешегі ұлт тәрбиесіне қатысты. Қоғамды құрайтын жанұяның бір мүшесі – бала. Ата-ана болудың зор жауапкершілігі де осы кезден басталады. Ислам дінінде бала – өмірдегі сынақтардың бірі ретінде қаралады. Сол себепті сынақтан сүрінбей өту үшін балаға өмірде жақсы – жаманның, обал – сауаптың не екенін, қалай еткенде жақсы адам болып қалыптасудың жолдарын үйрету, парасатты тәрбие беру – ата-анаға міндеттелген іс.

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026

Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ислам тәрбиесін қалыптастыруда балаларды көзден таса қылмаған. Жоғарыда айтқанымыздай, қайта дүниеге келмей жатып, балаға алаңдаушылық білдірген. Бала дүниеге келісімен діни салт-жоралғылар жасап, мұсылман үмбетінің тағы бір адамға толыққанын қуаныш көрген. Әрі сол мұсылман үмбеті деген атқа сай тәрбие алуын қадағалаған.

Бір мұсылман ғалымы өзінің балалық шағының бір сәтін былайша әңгімелейді: «Дінге көзімді ашқан кісі атам еді. Ол кісі маған діни әңгімелерді көп айтатын. Бірде хазірет Әлидің батырлығын әңгімелегенде, былай деп сұрағаным есімде: «Ата, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) күшті ме, әлде Әли күшті ме?» Сонда бес жасар баланың пәк көңілінен шыққан сұрағына атам әрі балаларды, әрі үлкендерді ойлантатындай былай деп жауап беріп еді: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бойында қосымша пайғамбарлық күш бар емес пе?!» Атамның осы бір сөзін әлі күнге ұмытқан емеспін».

Бұл жерде айтпағымыз, кейбір ғалымдар балалардың барлық қабілеттерінің балалық шақта жетілетінін жеткізген. Сондықтан балалардың мінез-құлқына, кісілік тұлғасына әсер ететін нәрселерді үйрете білген жөн. Баланың бойында кісілік тұлғасының қалыптасуына себін тигізетін тәрбиенің бірі – жаратылысына сай істерге баулу. Мысалы, ұл балаларды атқа міну, садақ тарту, жүзу, күрес және жүгіру секілді спорттық ойындарға жаттықтырған дұрыс. Бұл туралы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әкенің бала алдындағы міндеттерін баяндағаны бар. Олар жақсы ат қою, құлағына азан шақыру, адал рызықпен тамақтандыру, жазуды үйретумен қатар садақ тарту, атқа міну, күрес және жүзуді үйрету екен.

Екі дүние сәруәрі (с.ғ.с.) сонымен қатар балаға жеті жасында намаз үйретуді өсиеттейді. Олай болса, ата-аналар жеткіншектің шынайы көңілмен, өз қалауымен намаз үйренуі үшін намазды көзтаныс, үйреншікті ету керек. Айналасындағылардың намаз оқығанын кішкентайынан көріп өскен бала саналы түрде оның қажеттігін ұғынады. Тағы бір мұсылман ғалымының пікірінше,  мешітке баланы ертіп апару оның тұла-бойына мұсылмандық өмір-салтының сіңуіне көмектеседі. Әрі әкесімен немесе анасымен бірге барғандықтан, балалық шақтың ең ыстық сәттері ретінде жадында мәңгі сақталып қалады.

Қазіргі қазақ қоғамы барлығымызға таныс. Бүлдіршіндер мен жеткіншектердің арасында исламнан гөрі интернетке, кітаптан гөрі компьютерге байланғандары басым. Осындай келеңсіз келбетімізден арылудың бірден-бір жолы – діни тәрбие. Дәстүрлі дініміздің қағидатымызбен келешегімізді дайындасақ, болашағымыздың да берекелі, жарқын болатыны сөзсіз.

 

Әділ АҒЫТАЕВ,

«С.Ғылмани» мешітінің наиб имамы

Бөлісу12Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?
Ағымдар ақиқаты

Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

17.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

ИШИМ туралы бар шындық

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121054 бөлісті
    Бөлісу 48422 Твитерге 30264
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?
Ағымдар ақиқаты

Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

17.03.2026
Қазақтың әскери өнері қандай болған?
Қоғам

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00