Бейсенбі, 29 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Рамазан рухы

15.06.2015
- Ислам
0
124
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Екінші, таңдаулы тұлғалардың тұтқан оразасы. Яғни, тамақтан ғана тартынып қоймай, ораза тұтуға жан-дүниесімен бет бұрып, сыртқы пішінін түзеумен бірге, ішкі танымына да селкеу түсірмейтін тақуалық.

Үшінші, таңдаулылардың таңдаулысының тұтқан оразасы. Бұл дәрежедегілердің жүрегі Алладан басқаны ойына алмайды. Бүкіл болмысын Аллаға арнап, зәредей бір жаңсақ кетудің өзін ораза бұзушылыққа балайды. Тіпті, шариғат құптаған дүние қызықшылығын да жүрегі мүлде қаламайды.

Жалпы, Ислам ғұламалары ауыз бекіткенде Рамазанның рухын бойға сіңіру үшін мынадай алты мәселеге ерекше көңіл бөлу керектігін айтады:

Біріншіден, көзді харамнан қорғау. Яғни, біз екі көзімізбен де ораза тұтып, ұдайы тек Алланы ғана ойлауымыз қажет. Өйткені, жанарымызды харамға малысақ, жан-дүниеміз де таза болмайды.

Рамазанда жұмыс уақытын қысқартуға бола ма?

Қасиетті үш ай: Ережеп, Шағбан, Рамазан – рухани жаңару маусымы

20.01.2026
Шағбан айының қасиеті неде?

Шарапаты мол Шағбан

19.01.2026

Хақ Елшісі (с.ғ.а.): «Көзбен харам нәрсеге сұқтана қарасақ, рухымызға сайтанның улы жебесі қадалады. Ал, Алладан қорқып, жанарымыздың нұрын сақтай білсек, оның рухани қарымтасы еселеніп, жүрегіміздегі имандылық күшейе түседі», — дейді. Анас ибн Мәліктің жеткізуіне қарағанда Пайғамбарымыз (с.а.у.) оразаны мынадай бес нәрсенің бұзатынын айтқан: Жалған сөйлеу. Ғайбат айту. Өсек айту. Өтірік куә келтіру. Оймен зина жасау.

Екіншіден, тілді харамнан қорғау. Ораза тұтқан кезде мүмкіндігінше көп сөйлемеген абзал. Пікір таластыруға итермелейтін орталардан барынша аулақ болып, оның есесіне Құран-Кәрімді көп оқыған жөн. Базбір ғалымдардың көзқарасынша, өтірік сөз сөйлеу мен ғайбат жасау да оразаны бұзады. Сондықтан, әрбір мұсылман аузынан шыққан сөзге қарауыл қойып сөйлеуі қажет.

Үшіншіден, құлағымен харам нәрсені тыңдамау. Әсілі, айтуға болмайтын нәрсені, тыңдауға да болмайды. Егер харам саналған әңгімені тыңдасақ, сол нәрсені айтқан секілді күнәға батамыз.

Төртіншіден, қол-аяқпен бірге бүкіл дене-мүшелерін күнә жасаудан қорғау. Ауыз бекіткенімен күнә істерден бойымызды аулақ ұстамасақ, ораза ұстамай, харамға белшесінен батқан адаммен бірдей боламыз. Алла Елшісі (с.а.у.) хадис-шарифтерінің бірінде былай дейді: «Кейбір ораза тұтқан адамдар бар. Олар ауыз бекітуді ас-су ішпей, ашқұрсақ болып жүру деп қателеседі». Бұдан шығатын қорытынды — оразаны тек ауызбен емес, тұтас дене мүшемізбен тұтуымыз қажет.

Бесіншіден, ауыз ашарда харам немесе күмәнді болған ас ішпеу. Негізі, адал астың өзін сылқия тойып ішпеген абзал. Өйткені, ора -заны нәпсі қалауларын әлсірету үшін тұтамыз. Ал, күндіз ауыз бекіткенімен, түнде оның есесіне күндіз ас ішкендей көп тамақ ішетін болсақ, онда ол оразаның ешбір мәні қалмайды. Сондай-ақ, екі бөлек ішетін асты бір уақытта ішу де нәпсі қалауларын ауыздықтауымызға кедергі келтіреді. Бұл жөнінде Хақ Елшісі (с.а.у): «Алла-Тағалаға іші толы болған қаптан (асқазан) асқан дұшпан жоқ» деген болатын.

Алтыншыдан, ауыз ашқаннан кейін жүректің үміт пен күдіктің арасында болуы. Яғни, мұсылмандар күні бойы ашқұрсақ болып жүргенімен, тұтқан оразасының қабыл болып-болмағанына көз жетпейді. Сондықтан Алла-Тағалаға: «Тұтқан оразамызды қабыл ете гөр!» деп жалбарынуы шарт.

Б       іздің ауыз бекіткендегі негізгі мақсатымыз періштелердей пəктікке ұмтылу болып табылады. Ал, аузымыз ораза тұтқанымен, ішкі жан-дүниеміз нəпсі қалауларын ауыздықтамаса, онда ол оразаның рухы жоқ, тек пішіні ғана бар. Ауызбен ғана ораза тұту — күні бойы аузы буылып, жем-шөбін жей алмай, кешке босанған шағында бар екпінімен тұмсығын дүние-боққа тыққан хайуанға ұқсайды. Əсілі, адам баласы ауыз бекіткенде тақуа болуға талпынып, Рамазан рухын бойына сіңіре алса, періштедей пəк күйге бөленіп, Хақ разылығын иемдене алады. Ендеше, Хақ шұғыласына бөлейтін илаһи зор мүмкіндіктен құр алақан қалмайық, ағайын!

Мұхан ИСАХАН,

Діни мәселелерді ғылыми зерттеу

және талдау орталығы,

Исламды зерттеу бөлімінің басшысы

 

 
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ағым түбі – алауыздық
Видео

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Жаңа айды көргенде не айту керек?
Сұрақ-жауап

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

АРБАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. ИШИР-дің құпиясы: қатары қалай көбеюде?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Ағым түбі – алауыздық
Видео

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Жаңа айды көргенде не айту керек?
Сұрақ-жауап

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026
АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті
Жаңалықтар

АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті

28.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00