Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қасиетті ұғымды жезөкшелікпен былғамау керек

27.06.2015
- Қоғам
0
151
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Біріншіден, «Халал жезөкшелік» деп айтудың өзі дұрыс емес. Халал мен жезөкшелік сөздерінің бір-біріне еш байланысы жоқ. Шариғат қағидаларына салатын болсақ, жезөкшелік ешқашан халал болған емес, болмайды да. Өйткені, мұның зинақорлық екені баршаға аян. Сондықтан, халал сөзін жезөкшелікке телуге болмайды. Одан біз ештеңе ұтпаймыз. Тек исламды қаралауға жол ашылады.

Екіншіден, жат ағымдардың шығарған «уақытша неке», «бауырластық», «жиһаду ән-никах» сияқты неке түрлерінің ислам дініне үш-қайнаса сорпасы қосылмайды. Бұларды радикалды ағымдар өз мүдделері үшін ойлап шығарған. 

Үшіншіден, шариғаттың қағидалары бойынша куйеуінен ажырасқан әйел үш етеккір кезеңін (мақалада айтылғандай үш ай он күн емес) күтуі қажет. Бұны шариғатта – идда дейді. Ал күйеуі өмірден өтіп, жесір қалған әйел төрт ай он күн күтеді. Осы аталған екі жағдайда да әйелдің жүкті екені мәлім болса, онда баланы босанғанша күтеді, яғни иддада отырады. Мұсылман әйел жоғарда аталған идда мерзімдерін өткізбей, басқа күйеуге шығуына болмайды (харам).

Төртіншіден, радикалды (сәләфилік-такфирлік) топтардың шығарған, шариғатқа қайшы келетін неке түрілерінің бірі – «жиһаду ан-никах» жыныстық жиһад немесе «әз-зауажу әл-мунакаха» уақытша некелесу деп аталады.  Бейбіт халықты қойдай қырып, қан төгіп, бас кесуді қасиетті жиһад санайтын Сирия жеріндегі Ислам мемлекетінің содырларына тәнін ұсынып, біраз күн немесе бірнеше сағат «әйел» болуды бүгінгі шейх-сымақтар қыз баланың жыныстық жиһады деп атап жүр.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Ғалымдардың пікірінше, «әз-зауажу әл-мунакаха» деген терминді алғашқы болып радикалды Ислам ағымының жақтаушысы Мұхаммед әл-Арифи шығарып, сунниттік бағыттағы мұсылман қыздардың өз еріктерімен Сирияға барып, сол жақта Башар әл-Асадтың режиміне қарсы соғысып жатқан әскерлердің жыныстық құмарларын қандыруға шақырған. «Бұл барып тұрған зинақорлық» деген ғалымдарға Арифи «Ниса» сүресінің 24-ші аятын дәлел ретінде көрсетеді. Ол аятта былай делінген: «Сендер олардан алған ләззаттарың, көрген қызықтарың үшін оларға тиісті мәһірлерін (сыйақыларын) беріңдер».

Бұл аятты «тұрақты ақ некелі әйелден алынған ләззат үшін мәһір ақысын төлеңдер» деп түсінген мақұл. Себебі, әйгілі тәпсірші Ибн Аббас та, Хасан Басри де, Мужаһид те, өзге де көптеген тәпсіршілер бұл аятты осылай түсіндірген. Міне, бұл шектен шыққандар мұсылмандықтан да, адамшылықтан да ауытқығандығы даусыз.

Ғаламтордағы түрлі форумдарда, әлеуметтік желілерде мұсылман қыз нағыз Ислам жолындағы шын мұсылман ерге тию керек деген үндеулерді көп байқауға болады. «Сондықтан да, Ислам халифатын құрамыз деп қан майданда жүрген нағыз ерлерге тию керек» деген шақырулар ашық жазылады.

Тіпті, кейбір әлеуметтік парақшалардан Алла жолында тәнімен жиһад жасаймын дейтін қыздар жартылай жалаңаш денесін көрсетіп жейдесіне: «Бұл тән менікі және менен өзге ешкімнің ар-намысын білдірмейді» деп жазып қойған. Бұл  не деген сұмдық?! Ислам дінінде бұндай арсыздыққа жол берілмейді!

Қорыта келгенде, кез келген мәселенің пәтуасын  монитордың аржағында білгенін жазып отырған көлденең көк аттыдан емес, «Е-islam» порталының білікті сарапшыларынан немесе ҚМБД-ның шариғат және пәтуа бөліміндегі арнаулы мамандардан алған жөн.

Ершат ОҢҒАРОВ,

Исламтанушы, теолог PhD доктор

ҚМДБ-ның уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ғалым ШОЙКИН: «Діни білімнің негізін өз елімізде алған абзал»

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00