Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Абай діннің қай жолын ұстанды?

21.05.2015
- Қоғам
0
186
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында бір-біріне керағар келетін басты екі бағыт, екі идеология болды. Оның бірі – реакцияшыл аса діншіл бағыт, екіншісі – демократтық-ағартушылықты қолдаған бағыт. Бұл жайында ғалым Р.Сыздық: «Абай өмір сүрген тұс қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік күштердің арасындағы идеологиялық қайшылықтардың әрі қарай шиеленісе түскен кезеңі болды. Әлеуметтік ой-сана негізгі екі түрлі бағытта өмір сүрді: бірі – реакцияшыл – кертартпа, екіншісі – ағартушы-демократтық»,– дейді. Мұндай бағыттар қазақ қоғамында орнығып, қазақ даласы өз ішінен хандықтар құрып, автономды түрде Ресей арқылы басқарылып жатты.

Ислам дінінің қазақ даласына келуіне байланысты молда-ишандар мен қожалардың да қоғамдағы беделі артты. Әсіресе пайғамбар ұрпағы саналатын қожалар қазақ даласында ғана емес, жалпы Орта Азияда абырой-атаққа ие болатын. Бұл туралы А.Муминов: «…Следует отметить, что казахские ходжи играли и играют важную роль в сложении и функционировании конкретного мусульманского общества в Центральной Азии. Ее игнорирование приводило к возникновению и циркуляции ненаучных определений типа «поверхностная исламизация», «плохие мумульмане» ит.д.», – дейді.

Ташкент, Бұхара, Хиуадағы сияқты Қазақстанға діни орталықтары қалыптасқан қалалардан келген сауда керуендері арқылы қазақ халқы арасында ислам дінінің таралуына жол ашылды. Сауда-саттық керуендерімен бірге діни, рухани байланыс жүріп жатты.

Дегенмен, «…1787-1791 жылдары орыс-түрік соғысы кезінде Бұхара тарапынан қазақтардың арасында Осман империясын қолдау мақсатында орыстарға қарсы үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүргізілді. Осыған қарсы шара ретінде қазақ даласында Бұхара мен Хиуаның саяси ықпалын әлсірету мақсатында орыс шенеуніктері ислам дінін қазақ даласында татар молдалары арқылы таратуды қолдады».

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

«…Ал татар молдалары өз тарапынан қазақ халқын ислам дініне баулып, мектептер ашып, мешіттер салып, діни кітаптар таратып, қажылықты уағыздады».

Абай діни білім алған Семейдегі Ахмед Риза медресесі де осы татар молдалардың ықпалында болғандығы белгілі. Бірақ осы медреседе нақты қандай пәндердің оқытылғандығы туралы мәлімет жоқ.

Абай он жасқа келгенде, әкесi оны Семейдегi Ахмет Риза медресесiне оқуға бередi. Медресе сол кездегi алдыңғы қатарлы оқу орындарының бiрi едi. Ол медреседе үш жыл оқиды. Абайдың рухани өсу жолында бұл кезеңнiң аса маңызды болғанына дау жоқ. Медреседе шәкiрттерге терең рухани бiлiм беруге баса назар аударылды. Ислам дiнiнiң қағидалары Құран арқылы ғана емес, сонымен бiрге сопылық iлiмiмен де үйлестiрiлiп отырды. Ал сопылық iлiмдер – мұсылман iлiмiнiң шыңы болатын. Абай әдебиет майданына әлі келе қоймаған жас шағында Шығыстың, әсіресе орта ғасырлық Таяу Шығыс әдебиетінің оқырманы болды.

Абай медреседе сопылықтың өкiлдерi Бақырғани, Софы Аллаяр, Ахмет Иасауидың рухани мұрасынан сусындайды.

Ұлы ойшыл-ақындар Фердауси, Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Жами т.б. мектебінен нәр алып өсті. Шығыстың бұлардан басқа көрнекті ақындарын, араб-парсы әдебиетінің діни аядағы қисса-дастандарын, «Шығыстың діни ғалымдарының пайымдауындағы логика мен мұсылман право негіздерін» (М.Әуезов) жақсы білді. Тіпті, бертін келе де, дүниеге көзқарастарының қалыптасып, творчестволық талантының шарықтап, кең арнаға түскен шағы орыс әдебиетінің өкілдері мен революционер-демократтардың идеясына етене бой ұрып, осы бағытқа біржола берілген кезде де Абай Шығыстың бұл тектес бай әдебиетінен қол үзбеген, әр кез қайта айналып отырған. Бұл тұста шәкірттік еліктеу емес, заман төрешілерінің мұңдастығы, сырластығы аңсата табыстыратын.

Бұл туралы академик Мұхтар Әуезов былай деді: «Абай «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі» сияқты терең мағыналы дастандар мен «Көзімнің қарасы», «Қор болды жаным» сияқты сыршылдық жырлар жазғанда; «Өлең – сөздің патшасы» сияқты әсем сөздің қадірін айтқанда, Шығыстың классикалық поэзиясы үлгілерін алады.Осылардың ішінде ұлы ақын Абайға бірден-бір ықпал еткен Қожа Ахмет Иасауи болды».

Қорытындылай келе, Абайдың туындыларын оқығанда байқайтынымыз – Қожа Ахмет Иасауи екеуінің де ұстанған жолы бір екендігі. Ұлы ғұламаларымыздың да ұстанған жолдары – Алланың құдіретін сезіну, адамзатты бауырым деп білу. Екеуінде де жетім мен жесірді аяу, әлпештеу, жоқ-жітікке қол ұшын беру кеңінен айтылады.

А. Утемисов,

ҚР МСМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің

халықаралық орталығы

Талдау жұмысы бөлімінің сарапшысы

Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Айнұр Әбдірәсілқызы: "Рухы азат қазақ елін көруді арман етемін"

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00