Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қасиетті айлардағы мүбәрак кештердің рухани маңыздылығын қалай түсінсек болады?

22.04.2015
- Сұрақ-жауап
0
98
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Адам баласының өмірі әрдайым біркелкі бола бермейді. Кейде еңіс, ылдиға құлдырап, кейде өр биікке құлаш ұрады. Адамның тағдырында қуаныш пен қайғы қатараласа жүреді. Кейде, балшырын ғұмыр кешіп, бақыттың бал дәмін татамыз. Кейде, тағдырдың талайына душар болып, тауқымет тартамыз. Шынтуайтында, әрбір күн мен күннің, ай мен айдың, жыл мен жылдың бір біріне ұқсамайтын ерекшелігі бар. Адам баласы, өзін бақытты ететін қуаныштты жәйттерге тап болатыны секілді, қайғы-мұңға батыратын қаралы кезеңді де басынан кешіріп жататыны жасырын емес. Өйткені, адам баласының өмірі толқымалы, кейде қияға самғап, кейде құзға құлдилайды. Шыр етіп дүниеге келгеннен, жан тәсілім еткенге дейінгі аралықта, адам бірсызықтың бойымен өмір сүре алмайды. Әрбір адам өз өміріне мұқият назар аударар болса, кейде төбеге көтерілгенін, кейде төмендегенін, кейде төрге шыққанын, кейде табалдырықта қалғанын ұғына алады. Демек, бұл жағдайлар адам өмірінің ұдайы бір деңгейде емес екендігінің жарқын  көрінісі.  

Мұндай жағдайларда адам баласы не істеуі тиіс? Адам баласы бақытты болған болса, оған шүкір етіп, қиыншылықтарға тап болған болса, абыржымастан салқынқандық танытып, мәселелердің орайын тауып, ұтымды шешім жасай білуі керек. Яғни, шүкіршілік, сабырлық және қиындықты еңсеруге табандылық танытуы қажет. Себебі, шүкір етуіміз, Ұлы Жаратушының бізге тарту еткен нығметтерінің артуына, сабырлық болса, қиыншылықтарды оңай еңсеруімізге септігін тигізеді. Қаншалықты шүкіршілік жасап, сабырлы бола алсақ, есесіне соншалықты сауап алатынымыз талассыз ақиқат. Осы тұрғыда қасиетті күндер мен түндерді бақытты болған шағымыз үшін шүкіршілік жасауымызға, қиыншылық үшін сабыр етуімізге берілген зор мүмкіндік деп қабылдауымыз шарт.

Айталық: сіз ұзақ бір сапарға шықтыңыз делік. Жолшыбай күн қара қарғаның миы қайнайтындай аптап ыстық болды. Бойыңыздан тер моншақтап ағып, тамағыңыз кеуіп, әл-дәрменіңіз алмады. Бір жұтым су мен күн көзінен тасаланар көлеңке іздеп шарқ ұрдыңыз. Бір уақытта самал жел есіп, құстары сайраған суы мол, көкорай шалғын баққа тап болдыңыз. Бұл жасыл бақта жата кетіп демалдыңыз. Шаршағаныңызды басып, сергіп тынықтыңыз. Әлденіп алған соң, сапарыңызды арықарай жалғастырасыз.

Мінеки, Ережеп, Шағбан, Рамазан айларындағы қасиетті күндер мен түндер де шаршап-шалдыққан кезедерімізде дем алып, тынығып, өткенімізге көз жіберіп және өз-өзімізге есеп беретін бір аялдама, бекет тәрізді. Осы шақта өмірімізді көз алдымызға келтіргенде қайырлы, сауапты һәм әсем іс-әрекеттерді қалай жасасам болады? Қателік пен кемшілік атаулыдан қалайша ада бола аламын? деп осы сұрақтардың жауабын іздей бастаймыз. Жасаған күнәларымызға тәубе етеміз. Құлшылығымыздағы кем-кетіктің орнын толтыруға мән береміз. Құран оқу мен діни танымымызда орын алған нұқсандықты жойып, діни білімізді жетілдіру үшін қараңғылықтың пердесін серпи алар кітаптар мен оқулықтарды бас қойып оқимыз. Рухани сұхбаттарда болып, Құран мен Сүннеттің мән-мағынасын түсініп, ондағы ғанибеттен ғибрат пен өнеге аламыз. Көңілімізді тасытар рух ләззатын іздеп, өмірімізді жаңадан түлетуге бас ұрамыз.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

 

 

Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Рағайып кешінің мән-маңызы туралы айтып берсеңіз?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00