Бейсенбі, 18 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қарттар үйі «қарашаңыраққа» айналып бара жатыр

10.04.2015
- Қоғам
0
685
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«Неменеге қуандың, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі мініп кемесін жағада тұр…» Ақын Мұқағалидың бұл шумағы шындықтың шамшырағы болып отыр бүгінгі таңда. Қуанатын ретіміз жоқ.

Иә, қариялар, қазыналы қарттар азайып бара жатыр… Өкінішке орай, алтын асықтай азамат ұлдары бола тұра қарттар үйін паналап, қарттық қайғысын күрсініс көмгендіктен таяғына сүйеніп, әр күнін үміт пен үрей ішінде өткізіп, алды-артына жалтақтағыш, жасты ақсақал мен жаулықты анаға айналған олар.

Хадистердің бірінде:  «Алла Тағала бір адамға жамандық қаласа, одан ұятын алып қояды»,-деп айтылған.  Енді бірде Мұхаммед пайғамбар: «Ұялмасаң қалағаныңды істе»,-деген. Өкініштісі, бүгінгі таңда жеке адамның бойындағы кемшіліктер қоғамдық сипатқа айналып отыр. Бәлкім, бұл жетпіс жыл насихатталған, кесапаттың кесірі атеизмнің «жемісі» болар. Өйткені, елді ұлттық құндылықтардан айыру үшін оны ең алдымен діннен жұрдай ету көзделгені анық.

Сондықтан, қоғамымыздағы руханиятқа қатысты мәселелердің белең алуы діннен алыстап қалғанымызбен тікелей байланысты болса керек. Сол мәселелердің ішінде жанымызға ерекше бататыны – қарттар мәселесі. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының ортасында «Қара шал» әнінен бастап көтерілген бұл проблема әлі шешімін таппай жатыр.

Sarap Reflections: сараптамалық көзқарас және жаңа пайым

Sarap Reflections: сараптамалық көзқарас және жаңа пайым

17.12.2025
Ұлттық идеология: қорғалуға тиіс құндылықтар

Ұлттық идеология: қорғалуға тиіс құндылықтар

09.12.2025

Мұхаммед пайғамбар: «Үлкенімізді қадірлемеген, кішімізді аямаған, ғалымдарымызға қатысты міндетімізді білмегендер бізден емес!»-деген.

Мұсылман адам өзінің пайғамбарға қаншалықты жақын не алыс екенін осы хадис негізінде анықтай алады. Үлкендерді сыйлау – мұсылманшылықтың, адамгершіліктің белгісі болса, оларды сыйламау – дінсіздіктің, көргенсіздіктің белгісі. Өкінішке орай, бұл белгілер қаракөз қандастарымыздың бойынан да табылуда.

Шынтуайтында, сериал көріп, «жүз грамдатқанды» жақсы көретін қарияларымыздың да оңып тұрғаны шамалы.  «Атаңа не істесең, алдыңа сол келер» демекші, бір кезде істегендері алдынан келіп жатқан болар. Алайда, дініміз ата-анамызды олар кәпір болса да құрметтеуге бұйырады.

Олар қартайған шақта қайырым жасап, көмек қолын созу – әрбір перзенттің парызы. Тіпті, оларға «туһ» деп айтуымыз дұрыс емес. Шынын айту керек, дінді білмегендіктен ата-анасынан тірісінде безінгендер әке-шешесін  қарттар үйіне апарып тапсыратын болды. Кейбіреулер шаршы метр жердің жетпей жатқандығын сылтауратады. Ал, іс жүзінде ол үйдің емес, пейілдің тарлығынан. Атамыз қазақтың «он бала бір әкеге жүк болмайды, бір әке он балаға жүк болады» дегенінің сыры осында жатқандай ма, қалай?

Ислам дінінде ата-анаға жақсылық жасау – Аллаға құлшылық жасаудан кейін тұрған ең сауапты амалдардың бірі, Алланың разылығына жетудің бірден-бір жолы. Ал олардың ренжіту, тілін алмау – ең ауыр күнәлардың бірі. Сондықтан, «Алланың разылығы – ата-ананың разылығында, Алланың қаһары – ата-ананың қаһарында» демекші, әке-шешемізге жақсылық жасасақ, олардың ақ батасын алсақ, Алланың мейірімімен Жәннатқа кіреміз, керісінше, оларды ренжітсек, күнәға батып, тозақтан бір-ақ шығамыз.

Әрине, бала балалық жасап, әке-шешесіне еркелейді. «Болар бала он бесінде баспын десе, болмайтын бала қырық бесінде жаспын дейді» демекші, бір талай жасқа келген балалардың өзі ата-анасын алақанына салып, аялаудың, ол екеуін еркелетудін орнына жапа шектіріп, қартайған шағында қайғы сыйлап, мазасын алуда.  Қартайған адам бала секілді көңілшек, әр нәрсеге өкпешіл болып келеді. Бұған денсаулығы мен есінің сыр беретінін қосыңыз. Сондықтан дініміз ата-анаға, әсіресе олар қартайған шағында ерекше көңіл бөлуді бұйырған. Қасиетті Құранда: «Раббың Өзіне ғана құлшылық етуді және ата-анаға жақсылық жасауды бұйырды. Егер қасыңда олардың бірі немесе екеуі де қартайса, оларға «уф» деме де, оларға зекіме де. Оларға жылы сөз айт. Ол екеуіне мейірімді бол және кішіпейілдікпен қанатыңды иіп: «Раббым! Олар мені кішкентайымда тәрбиелегеніндей, оларды мейіріміңе бөле!»-деген аят бар («Исра» сүресі, 22, 23-аяттар). Ғалымдар бұл аятқа қатысты: «Перзент ата-анасының алдында өзін қаншалық төмен ұстаса, соншалықты жақсы. Ол бүкіл мейірімімен кішірейіп, олардың алдында төсеніш болып жайылса да, көп болмайды. Сонымен бірге, оларға әрдайым Алла Тағаладан мейірім мен жарылқау тілеп, дұға жасап жүргені ләзім», – деген.

«Атадан бота алғанша бата ал» демекші, ата-анасының ақ батасын алу әрбір перзент үшін аса маңызды. Пайғамбар дұғасы қайтарылмай, тілегі міндетті түрде қабыл болатындардың қатарында, баласына дұға жасаған ата-ананы атап өткен. Бала әке-шешесі алдындағы борышын ешқашан өтей алмайды. Тек ризашылығын білдіретін батасын алса ғана, міндетінен құтылғандай болады.

Сонымен бірге, олардың теріс батасынан қатты сақтану керек. Адамдардың түрлі сынақтарға ұшырап, жолы болмауы  кезінде ата-анасын ренжіткеннің салдарынан болуы да  ғажап емес. Сондықтан, түзелейік, ағайын! Түзелуді бүгін бастамасақ, ертен кешігіп қалуымыз мүмкін. Адам ата-анасына істеген жамандығын күнә, Аллаға қарсы шығу деп білмей, оған өкінбесе, жазған сөзіміз қағаздағы сия болып қала береді.

«Үйіңде қартың болса, жазулы тұрған хатпен тең» деген. Қазыналы қарттың қадірін біліп, қарттың орны төр екенін түсінсек игі. Сонда ғана қартымыз қайғы жамылмас еді, қарттар үйін жағалап, жанарының жасын көл етіп, күндіз  күрсініп, түнде өз-өзін намыстан өлтірмес еді.

Тұрар Түгелұлы

Бөлісу16Твитерге10Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Sarap Reflections: сараптамалық көзқарас және жаңа пайым
Қоғам

Sarap Reflections: сараптамалық көзқарас және жаңа пайым

17.12.2025
«Отанды сүю – жүректен» байқауы өтті
Жаңалықтар

«Отанды сүю – жүректен» байқауы өтті

17.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Сириядағы ән-Нусра ұйымы туралы не айтасыз?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Sarap Reflections: сараптамалық көзқарас және жаңа пайым
Қоғам

Sarap Reflections: сараптамалық көзқарас және жаңа пайым

17.12.2025
«Отанды сүю – жүректен» байқауы өтті
Жаңалықтар

«Отанды сүю – жүректен» байқауы өтті

17.12.2025
Халықаралық форумда марапат алды
Жаңалықтар

Халықаралық форумда марапат алды

17.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00