Дүйсенбі, 2 Ақпан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Иемен еліндегі Шиғаның Зайдийа мәзһабы қандай мектеп?

10.04.2015
- Сұрақ-жауап
0
266
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Зайдийа мәзһабы Шиғаның ең ірі тарауларының бірі. Мәзһаб атауы – атақты әһли-байт өкілі Зайд б. Әли б. Хусайн б. Али б. Әбу Тәліп (699-740) есіміне байланысты қойылған. Бұл мәзһабты Зайдтің ұлы Яхия негізін салды. Шынтуайтында, Шиға бағытының ішінде әхлу суннаға ең жақын мәзһаб – осы Зайдийа саналады. Осыған байланысты, кейбір ғалымдар Зайдийа мәзһабын Шиғалық бағытқа жатқызбайды. 

Омаяттар билігі кезеңінде аһли-байтқа (Пайғамбар (с.а.у) ұрпақтары) мемлекет тарапынан қатаң түрде қудалау жүргізілді. Хз. Әлидің немересі Зайд та бұл нәубеттен шет қалған жоқ. Басынан небір ауыр азапты өткерді. Омая халифы Хишам б. Абдумәлікке қарсы өзінің бауыры Әбу Жафар Мұхаммед әл-Бақырмен бірге Куфада көтеріліс жасайды. Алайда, Хишам б. Абдумәліктің жіберген тыңшылары Зайдтің соңынан ерген сарбаздардың арасына іріткі салып, көтерілісшілердің күшін әлсіретеді. Осы соғыста Зайд шахид болады.

Кейбір зерттеушілер көтерілістің жеңіліске ұшырауына Зайд пен Мұхаммед әл-Бақырдың арасында ымырасыздық себеп болғанын айтады. Мысалы, аш-Шахристанидің айтуынша Муғтазалийаның негізін қалаушы Васыл б. Атаның Зайдтқа ұстаз болуы, яғни,  Зайдтың «Әли соғыстарда қателіктер жіберген» деген ұстаздан дәріс алуы, сондай-ақ, Зайдтың: «имам болуы үшін көтеріліске жетекшілік ету керек» деген көзқарастары Мұхаммед әл-Бақырдың онымен араз болуына әкеп соқтырды» (Мұхаммед б. Абдулкарим аш-Шахристани. ал-Милал уан-Нихал 141 б) дейді..

Зайд өте тахуа, ғалым кісі болғандықтан жер-жерде оның жақтастары көп еді. Оның мүридтері Омаяттар билігі тарапынан қысым мен құқай көрсе де, Зайдтың ұлы Яхия өз жақтастарының басын қосып, Зайдийа мәзһабын құрды. Әрине, Зайдийа мәзһабының ғұмыры күні бүгінге дейін жетіп, өмершең болуына Яхиямен қатар мәзһабтың кейінгі жетекшілерінің де сіңірген еңбегі елеулі еді.

Исламда отан туралы түсінік бар ма?

30.01.2026
Жаңа айды көргенде не айту керек?

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026

Зайдийа мәзһабы да өзге Шиғалық ағымдар секілді саяси биліктің әһли-байтқа тиесілі екенін жақтағанмен, негізінен ақида, фиқһ және саяси басшыға қатысты өзіндік көзқарастарға ие-тін. Олардың пікірінше саяси басшы (имам) сипаттарымен анықталады. Имамның негізгі сипаттары хашими (Пайғамбарымыдың (с.а.у) руы), тақуа, сенімді, ғалым һәм жомарт болу керек. Сондай-ақ, имам өзінің имамдығын ашық жариялауы тиіс. Осындай көзқарастары ақылы Зайдийа өзге Шиттік мәзһабтардан ерекшеленетін. Сондай-ақ, өзге Шииттік мәһабтардан тағы бір айырмашылығы имамның күнәсіз (исмат) болуы және аса білгір болуы (уахби) шарт емес дейтін. Олар хз. Әли алғашқы имам болуға лайықты, өйткені, имамға керекті сипаттардың бәрі хз.Әлидің бойында бар еді деп білді. Сонымен бірге, Зайдийа мәзһабында ғайыптан келер имам түсінігі жоқ. Олардың мемлекет басшысына қоятын талабы өзге Шиғалық мәзһабтардың шарттарына қарағанда жеңілдеу еді. Мысалы, олардың түсінігінше мемлекет басшысының рухани көсем болуы шарт емес. Осы себептен де, ең кемел (афдал) адам бар кезде кемелді (мафдул) имам бола алады деп білді. Яғни, Зайдийа өкілдері Әбу Бәкір, Омар және Османның халифалықтарын теріске шығармайды. Тіпті, хз. Әлиді қолдамаған сахабаларды күпірлікке кірген деген емес. Десек те, Зайдийа өкілдері үлкен күнә жасаған мұсылман толық тәубе жасамаса, мәңгі тамұқтық деп біледі. Олардың ақидаға қатысты осы көзқарасы Харижилер мен Муғтазалилерге жақын еді. Ал, Зайдийаның фиқһтық көзқарастары Ханафи мәзһабына өт жақын болатын.

Зайдийа – қәзіргі күні Иемен Республикасының ресми мәзһабы саналады. Өз ішінен Жарудийа, Сүлейманийа, Салихийа, Уатрийа және Хуситтер болып бөлінеді.

Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Иемендегі азаматтық соғыс неден туындады? Хуситтер қандай топ?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Қатарда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді
Жаңалықтар

Қатарда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді

02.02.2026
Шерхан Мұртазаның шығармашылық мұрасына арналған дөңгелек үстел өтті
Жаңалықтар

Шерхан Мұртазаның шығармашылық мұрасына арналған дөңгелек үстел өтті

02.02.2026
Ұлттық басылым күнімен құттықтады
Жаңалықтар

Ұлттық басылым күнімен құттықтады

02.02.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00