Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Наурыз ұлттық мейрамымыз

21.03.2015
- Ислам
0
188
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

 Ол құндылықтар кейбір жағдайда тоқырауға да ұшырап жатады. Оның себебі әртүрлі саяси идеологиялармен қайшылық болған жағдайда немесе басқа елдердің бодандығына түскен жағдайларда. Қазақ халқы да жоғарыда аталған жәйттардың барлығын басынан кешірген халық. Сондықтан, халқымыздың салт-санасына шабуыл жасалған кезді де бастан кешірдік. Ботандық жылдарында көптеген салтымыз бен құндылықтарымызға шектеу салыпты, тіпті ұмыт бола бастағандары да бар.

Тәуелсіздік тізгінін қолға алысымен еліміздің жоғалуға жүз тұтқан көптеген жәдігерлерімен бірге рухани салт-санасы, тілі, діні, ділі қайта жаңғыру мүмкіндігіне ие болды. Осы орайда қазақ халқының көптеген дәстүрінің арасында Наурыз мерекесінің орны ерекше. Халқымыз үшін дүниетанымдық тұрғыдан да салттық тұрғыдан да ерекше орны бар көптеген салт-дәстүрлер жаңғыру барысында кейбір қисық сұрақтар мен талаптарға ұшырап, оны қайта дәйектеуге де, тіпті қорғауға да мәжбүр болып жатамыз. Ол жаңғыру үрдісінде ерекше орны бар діни дүниетаным ерекшеліктеріне байланысты болып отыр. Қазіргі еліміз азаматтарының діни танымының қалыптасуы сатысында дін және салт-дәстүрді таразының екі басына қойып сараптайтындар да табылып жүр. Осыған байланысты діни тұрғыдағы мәтіндер мен қағидалар шеңберінде ғана көзқарас қалыптастырып басқа пікірлерді аластауға талпыныс танытушылар да жоқ емес.

Осындай күрделі қалыптасу кезеңінде  дәстүрдің орнын айқындау, оның ұстанатын сенімімізбен сабақтастығын қалыптастыру өте маңызды мәселе. Бұл қатынасты тіпті ислам дінінің келу тарихындағы пайғамбар ұстанымдарымен де байланыстыра қарастыруға болады. Олай дейтініміз Мұхаммед пайғамбар өзіне ислам дінінің келуімен араб қоғамындағы дәстүрдің барлығына қарсы болған жоқ. Тіпті кейбір исламдағы қалыптасқан әдеттер исламнан бұрынғы араб қоғамының әдеті болатын. Бұлардың қатарына қасиетті айлар түсінігі, кейбір күндерде ұсталатын оразалар салты т.б. көптеп мысалдар келтіре беруге болады.

Демек діннің мүддесі барлық салт-сананы тазарту емес, егер негізгі сенім қағидаларына қайшы келмеген жағдайда халықтың салтына құрметпен қарау түсінігін құптайды. Сол сияқты біз ұстанатын Ханафи мәзхабында салт-дәстүр өз орнымен қағида ретінде де қабылданатындығын ескерсек, халықтың салтына жеңіл қарауға болмайтындығын байқаймыз.

Шынайы бол…

25.11.2025
Бірінші байлық – денсаулық

Бірінші байлық – денсаулық

24.11.2025

Қыңыр ұстанымдағы азаматтар мен топтардың қарсы келіп жүрген мәселелерінің бірі осы Наурыз мерекесіне қатысты болып отыр. Ол топтар мұның ежелгі Зороастр дінінің сарқыншағы екендігін, исламға қарсы элементтерді қамтитындығын алға тартады. Бұл қарсылық негізсіз. Олай болатыны кез-келген салт немесе дәстүр халықтың діни ұстанымдарына қарай бейімделеді. Наурыз мерекесінің шығу тарихы әрине исламнан ерте ғасырларға тиесілі. Бұл мерекенің тарихы мен ерекшеліктеріне қатысты мәліметтер көптеп жазылуда болғандықтан біз басқа бір қырына тоқталуды жөн санадық. Наурыздың қазіргі бет-бейнесі біздің салтымыз бен діни құндылықтарымызға әбден сіңіскен деуге болады. Наурыз кезіндегі адамдардың татуласуы, ағайындар арасындағы көже ішу арқылы байланыстың нығаюы, ұлттық ерекшеліктеріміздің жаңғыруы, ішімдіктің қолданылмауы т.б. көптеген элементтер исламның құндылықтарына сай келеді.  Олай болса, оны жатырқауға, халық арасында дау тудыруға, салт-санаға шабуыл жасауға негіз жоқ. Әрі бұл мереке діни мереке ретінде аталып өтілмейді. Рухани жаңғыру барысында кейбір азаматтарымыздың бұл мерекені исламдық мереке ретінде түсінуіне де кешіріммен қараған абзал. Олай болатыны, біздің салт-санамыз мен рухани дәстүріміздің ислам құндылықтарымен астасқаны соншалық дәстүрдегі бар мұрамызды исламнан санау жақсы ниеттен туындаса керек. Алайда ұлтымызда және осы аймақтарды мекен еткен көптеген халықтарда аталып өтілетін бұл мерекенің ұлттық бояуы басым. Сол себептен халықтың жаппай қабылдап, жақсы көңіл-күймен қарсы алатын мерекесінің әлі де орны мен құнын бағалау қажеттілігі бар.

Қыстың қатал шарттарынан көктемге жеткен, әсіресе мал-шаруашылығымен айналысқан халықтың көктеммен бірге қуануы, тіршіліктің жаңғыруымен бірге жаңаруға талпынысының астарында терең мән-мағына бар. Сондықтан ұлыстың ұлы күні саналған бұл ұлттық мерекеміздің халық өмірі мен бірлігіне тигізер пайдасы орасан. Еліміз үшін құт-береке әкелсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын деп жаратушыдан тілейміз! Бұл да руханиятқа аттаған тағы бір қадамымыз деп санаймын.

 

Тышхан К.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Дінтану кафедрасының доценті,

Философия ғылымдарының кандидаты

 

 

 

Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ауылдағы үлкен әжеміз кішкентай бала ауырып қалса болды, бар білген дұғасын оқитын еді жарықтық. Кейде дәрігердің көмегінсіз-ақ, құлан-таза жазылып кетуші еді. Осы ретте, шипа ниетімен Құран оқу және оқыту туралы не айтуға болады?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00