Сенбі, 21 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Кеңшіліктің көрінісі – әз-Наурыз

20.03.2015
- Қоғам
0
199
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Анығын айта кетейік, расында бұл діни мейрам емес, Исламға дейінгі дәуірде пайда болған мереке. Наурыз мейрамының шығу тарихы туралы да түрлі деректер кездеседі. Ислам дініне дейінгі халықтың наным-сеніміне қатысы болуы да, өмірлік өлшемдерімен астаса шығуы да бек мүмкін. Бірақ… Ең алдымен айтарымыз, асыл дініміз Исламда «Дінде зорлық жоқ» деген Хақ Жаббардың бұйрығы бар. Дінге шақырудың да өз шарты мен мәдениеті бар. Шын мұсылман асқан әдепті, өте биік парасатты болуы керек-ақ. Екіншіден, адамзаттың асыл тәжі, Алланың сүйіктісі Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) мұсылман үмметіне:  «Жеңілдетіңдер – әсте ауырлатпаңдар, қуантыңдар – адамдарды қайғыға салмаңдар» деп, дінді дәріптеудің, туралыққа шақырудың шарттарын да көрсетіп кетті. Сондай-ақ, әз пайғамбарымыз сахабаларын дін таратуға жіберген уақытта да сол елдің салт-дәстүрімен санасуды әркез жіті қадағалап, тапсырып отырды. Яғни, шариғатқа томпақ, сенімге қайшы әрекеттерде тыйғанымен, жалпы халықтың өмірлік ұстанымында, салт-санасында қалыптасқан дәстүрлі жоралғылардың бәріне тоқтау қоюға бұйырмағанын баршаға белгілі.

Бүгінгі қазақ қоғамы үшін де салтымыздың орны, ел ішіндегі дәстүрдің тәлімдік-тәрбиелік мәні айрықша. Наурыз мерекесі, ақ дастархан, наурыз көже, шат-шадыман көңіл-күй, алтыбақан тепкен өрімтал жас, ақылы дария қарттардың әңгіме-қиссалары, бата-тілектері, көрісу, сүйінші, кәде сұрау, үлкенге құрмет көрсетудің биік үлгісі саналатын – сәлем салу, сәлем беру, жас баланың ата-тегін сұрау, жеті атасын білуіне айрықша көңіл бөлу – ұлттың ұлт болып, халықтың мың жасауының алғышарттары десек артық айтқандығымыз болмас. Тегіңді, руыңды білуден «рушылдықтың» астарын іздегеннен, өткен тарихыңды, бабалардың сара жолын, ұлы мұратын, аманатын білу деп ұққанымыз бүгінгі ұрпақ үшін маңызды болмақ. Осы аталған қазақтың танымынан, салт-дәстүрінен мұсылманшылыққа жат қандай дүниені көруге болады?!

Бұл орайда біз Алласын бір, пайғамбарын хақ деп білген дана халқымыздың тыныс-тіршілігі, салт-санасы сүннетпен сіңісіп, Құранның қайнарымен қалыптасқанын ғана айта аламыз. Бұл – қазақ халқының тектілігінің айқын көрінісі. Қала берді, асыл шариғатымыз жамандықты сөз қылып, кемшілікті теруге емес, әрбір дүниенің жақсы нышандарын көре білуге бұйырады емес пе?

Әрбір өркениеттің, әр ұлттың өзіндік дүниетанымы болатыны белгілі. Түркі халықтарының тарихын зерттеуші ғалымдар ешбір халықтың дінсіз, наным-сенімсіз өмір сүрмегенін айтады. Адам баласы сан мыңдаған ұлыстар мен ұлттардан құралады. Біз Алланың дініне кемшілік іздей алмайтындығымыз сияқты, түрлі ұлттарға бөліп жаратқан Ұлы Шебердің қолынан шыққан жаратылыстарын да қателік деп шешім шығара алмайтынымыз ақиқат. Себебі, Құранда Алла тағала «Әй, адам баласы! Шүбәсыз, сендерді бір ер, бір әйелден (Адам мен Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында, Алланың қасында ең ардақтыларың – тақуаларың. Шәксіз, Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы» дейді.

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026

Халықтың мекен еткен аймағына, жеріне, ұлты мен нәсіліне сай ерекшеліктері, өз өлшемдері бар. Ал мұсылман халқының діні, танымы, сенімі бір болғандықтан салт-дәстүр, мәдениетінде де ұқсастықтар көптеп кездеседі. Әсіресе, түркі халықтарында. Дегенмен, мұсылман халқының орналасқан ортасы мен табиғатына қарай әрбірінің өзіндік айырмашылығы, мәдениеті мен тілі болуы заңдылық. Бірақ, асыл дініміз бұл ерекшелік, айырмашылықтарды теріске шығармайды, өз заманы мен мекеніне қарай үкімдердің де өзгеруі мүмкін екендігін еске салады.

Жасырып-жабары жоқ, халық арасында шариғатқа қайшы келетін, сенімге селкеу түсіретін де ырым-жоралғылар жоқ емес. Бірақ, бұның байламын дана қазақтың өзі-ақ «дәстүрдің де озығы, тозығы бар» деп бір ауыз сөзбен кесіп айтқан. Ал, ұлтымыздың Ұлы күні болған, көңілге шат-шадыман күй сыйлайтын, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында елдің аузын аққа тигізіп, мәз-мейрам ететін Наурыз мерекесінің астарынан шам алып, діни түсінікті тықпалаудың жөні жоқ екенін иісі мұсылман, қаны қазақ әрбір азамат білуі ләзім. Шариғи мейрам болмаса да, халықпен бірге жасасып, жақсылыққа үміт еткен елдің сан ғасырлық тарихы бар атаулы күні. Ескіден қалған сенім белгілері бүгінгі таңда мүлде жойылып, дәстүрлі мереке ретінде қалыптасып, бұқараның басын бірлікте қосқан күн. Сөз соңында айтарымыз, шариғатымызда «Харам деген үкімге итермелеген себептің жойылуы нәтижесінде, оның харам үкімі де жойылады» деген қағиданы әрбір мұсылман баласы ұғына білсе дейміз. 

Жайық НАҒЫМАШ

Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ұлт келешегін айқындайтын құжат
Мемлекет және дін

Ұлт келешегін айқындайтын құжат

20.03.2026
Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған
Сұрақ-жауап

Наурыз қандай мереке?

20.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Наурыз мерекесін тойлау шариғатқа қайшы ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121255 бөлісті
    Бөлісу 48502 Твитерге 30314
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1601 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    499 бөлісті
    Бөлісу 200 Твитерге 125

Соңғы жарияланымдар

Ұлт келешегін айқындайтын құжат
Мемлекет және дін

Ұлт келешегін айқындайтын құжат

20.03.2026
Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған
Сұрақ-жауап

Наурыз қандай мереке?

20.03.2026
Қазіргі таңдағы «нақшбандия» сопылық тариқаты дұрыс па?
Сұрақ-жауап

Қазіргі таңдағы «нақшбандия» сопылық тариқаты дұрыс па?

20.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00