Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Көрінгеннің теңі емес қаракөздер

12.02.2015
- Ағымдар ақиқаты
0
83
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Кісі өлтіру, қан төгу, ғимараттарды өртеу, жазықсыз жандардарды баудай қыру актілері, өкінішке қарай, Ислам дінінің атымен жүзеге асуда. Жер бетінде Ислам халифатын құрамыз деген көзсіз ұранмен бір мұсылман екінші мұсылманның өмірін қиып жатыр. Бұл әрекеттердің арғы жағында кімдер тұр, бұл «ойындардың» «авторы» кім, бір діннің өкілдері бірін-бірі қойша қырғаны кімдерге керек деген сауалдар туындайды. Әрине, мұның бәрі арнайы ғылыми зерттеулердің нысаны. Алайда, біздің қозғамақ ойымыз басқа.  Қайдағы біреулердің айтақтағанына «иттей шауып», арттарынан «маймылша еріп», шетел асу, қолға қару алу – сауатты мұсылманның да, парасатты қазақтың да тірлігі емес.

Әсіресе, қорқатынымыз – қаракөз қарындастарымыздың кісі өлтіруді жиһад деп, күнәні сауап деп, қылмысты Алла жолына шақыру деп адасып жүрген сауатсыз біреулердің қолжаулығына айналу қаупі.

Мән-мазмұнын өздері түсінбейтін аят-хадистермен қорқытып алдымен ниқабқа (көзді ғана ашық қалдырып киінетін арабша киім), сосын никахқа (некеге), содан соң һижратқа (өзге елге көшу), одан жиһадқа (Алла жолында күресу), ақыр соңы шаһидтікке (Алла жолында жан тапсыру) тартып әкетпесе екен деген тілегіміз бар. «Алла тұрғанда, ата-ананы қайтесің?» деп шариғат айтқансығандардың жетегіне еріп кетпесе екен? «Күнә жасайтындар – кәпір, біз ғана адал, имандымыз» деп туған-туыс, ағайыннан бездіріп жіберетін улы «уағыздар» да бүгінде жоқ емес. Содан абай болуымыз керек. Олардың айтып жүргені шын иман, нағыз Ислам емес екені анық.

Иә, иман мен ибаны өміріне ту қылып, ұят пен арды тірек етіп, ата-ананың айтқанынан шықпай тіршілік етіп жүрген бейкүнә қарындастарымыз әйелді қолғапша ауыстыратындардың айтқан жалған уағызына алданып қалмаса екен деп бүгінде есі бар жұрт алаңдап отыр.

Жат діни ағымдардың қоғамға қаупі

Жат ағымның зардабы – қоғамға төнген қатер

24.11.2025
Жат ағымға тән негізгі белгілер

Деструктивті діни ағымдардың зардабы

18.11.2025

Әрине, дініміз Исламда қыз балаға қойылатын талаптар жоқ емес. Бірақ оның көбін ата-әжелеріміз күнделікті ақыл-кеңестерімен үйде отырып-ақ ұрпақтарының бойына сіңіріп қойған.

Қызым, «жалғыздық Құдайға жарасқан», «беталды көшеде қаңғырма», «ұятыңды сақта», «орынсыз күлегештене берме», «сен ертең бір үйге келін боласың, соған осы бастан дайын бол» деген секілді мың түрлі өсиеттер қазақ қызының бойына дарып, қанына сіңіп кеткен десек, артық айтқандық емес. Мұның бәрі Құран мен хадистен алынған тәлімнен шығып отырғаны анық.

Ғасырлар бойы байтақ далада ың-жыңсыз, берекелі ғұмыр кешіп келген қазақ дінсіз, Құдайсыз болмаған. «Сақтаушы Алла, сақтай гөр!», «Жасаған ием, жар бол!» деген дұғаларды Исламнан болмаса қайдан алғанбыз?

Бұл айтылғандардан қазақ қыздары еш ізденбесін, Ислам атаулының тәлімінен мүлдем ұзақ болсын деген қорытынды шықпайды. Әрбір қыз баланың міндетті түрде білуі тиіс тақырыптар бар. Қызға тән мінез-құлқы, әдебі, киімі, кімдерден үлгі алуы керек, кімдерді жақсы көріп, кімдерді жек көреді, қандай адамдармен дос болғаны жөн, жолдасы кім, дұшпаны кім, отбасын қашан және қалай құрғаны абзал, өмірлік серіктің қай қасиеттеріне қарау керек, өмірлік мақсаты не, көңілі жабырқаса өзін қалай жұбатады – мұның бәрі оқып-білуді, үйренуді қажет ететін сұрақтар. Бұрын әр қазақ ұл-қыздарына жастайынан иман шарттары мен қырық парызды үйрететін. Бұл да қыз бала білмесе, өмірде іске асырмаса  болмайтын құндылықтар қатарына жатады.

Жаны мен тәні таза, жүрегінде Алласы бар, мінезі көркем, кішіпейіл, қарапайым, ұяң, адамгершілігі мол, берген серті мен уәдесінде тұратын, көзі ашық сауатты, зерделі, ибалы қыз балалар қай ғасырда, қай қоғамда болмасын қадірлі.  

Бұл тұста ата-ананың, үлкендер қауымының да діни сауатты болуы маңызды. Сауатты болып қана қоймай, білгендерін тұрмыс-тіршілікке енгезуі де соншалықты маңызды болмақ. Жастар, соның ішінде қыз балалар өзінен бұрынғыға қарап бойын түзейді. Ағаш ағаштан сәнін алса, адам адамға қарап тәлім алады. Мысалы, ортан белден асып қалған жасына қарамастан қысқа «шортик» киіп жүрген аналар мен апалар қыз балаға дұрыс үлгі бола алмайды. Ертең қызы немесе сіңілісі де көшеге солай шығамын деп, етек аңдыған қулардың құрығына түсіп қалса,  пәктігінен айырылса, одан ащы дерт жоқ. «Жеңіл киінгім келеді, ну что же тут такого?» деп көлгірситін парықсыз ата-аналар сол кезде бармақ тістейді. Бірақ ол кезде кеш болады.

Бұдан бөлек, отандық дінтанушылар жазған, сараптамадан өткен кітаптарды оқып, білім жетілдірудің де маңызы кем емес. Мұсылманмын деген еркекке де, әйелге де білім іздену – парыз, яғни міндет.

Ізденусіз жақсылыққа қол жеткізу қиын. Білімсіздіктен жат ағым өкілдерінің біріне құрбан болған бір қыз бүкіл басынан кешкендерін айтып берді. Әлгі адам бұл қызды студент болып жүрген жерінен алып кетіп, үйленеді. Аз уақыттан кейін-ақ қит етсе ұрып-соғуды бастайды. Туысқандарымен араластырмай қояды. Үйден шығармайды. Мешіт иманмдарынан ештеңе сұратқызбайды. Сұрақтарың болса, шетелдегі «шейхтардан» сұрап әперем дейді. Тіпті бірде жап-жас тағы бір қызды ертіп келіп: «мен мына қызды жақсы көрем, танысып қойыңдар», дейді. «Мынауың енді шектен шығу ғой. Мынау анық зина ғой» дегеніне: «Қайтемін, нәпсіме ие бола алмай жүрмін» деген жауап қайтарады. (Осыдан-ақ ол күйеудің тек «ширктен» аман болсақ, өзге күнәлар маңызды емес деген түсінігін байқауға болады). Жаңа туған шақалағына да әке болып көңіл аудармайды. Аңдығаны төсек болады. Осылай бейшара қыздың бірнеше жылы өтеді. Сауатсыздықтың құрбаны болған қыз өзін-өзі: «Күйеуімнің разылығын тапсам, жұмаққа кірем. Не десе де мақұл деуім керек. Шыдауым керек» деп жүре береді, көне береді. Ал шын Ислам негізінде қарасаңыз, бұл аталғандар – қиянат, зұлымдық, тіпті қастандық. Ардақты Пайғамбарымыз ең соңғы қоштасу өсиетінде: «Сендер әйелді аманат етіп алдыңдар. Оларға жақсы қараңдар» деп анықтап айтып кеткен жоқ па еді. Аталмыш қылықтарды аманатқа адалдық деп кім айтады? «Сендердің ең жақсыларың – отбасына жақсы қарағандарың» деген қассиетті  хадиске неге амал етілмейді? Үлкен сүннеттердің бірі осы емес пе? Бұл мысалды біреудің сырын ашу, айыбын әшкерелеу мақсатында емес, қаракөз бауырларымыз діни құндылықтарға сауатты қараса деген тілекпен ғана келтірдік.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, аяулы қарындастарымыз діни сауатын жетілдіріп, ата-әжесінен алған тәлімді жаңғыртса, ибалы, әдепті, парасатты болса, мұндай мәнсіз әрекеттерге тосқауыл қояры анық. Жаратқан иеміз жер бетіндегі мұсылман қыз-келіншектерді қор қылудан сақтап, панасына алсын. Иманды елде жайқалып өскен қарындастарымыз содыр-сойқандардың қолжаулығына айналмасын!

Асылбек ӘУЕЗХАНҰЛЫ,

дінтанушы

Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Тәкфир ұстанымдары Исламмен үйлеседі ме?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00