Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Кәсіппен шұғылданып, несібе іздеу туралы Исламда не делінген?

16.02.2015
- Сұрақ-жауап
0
334
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Мұхан Исахан: Пайғамбарымыз (с.а.с.) үзеңгілес серіктерін және мұсылман қауымын әрдайым өз маңдай терімен нәпақа табуға үндеген. Мұсылманның қас сипатының бірі ретінде қанағатшыл болуды, мүсәпір күйге түсіп, алақан жайып, ешкімге кіріптар болмау керектігін насихаттаған. Тіпті, Мұхаммед (с.а.у) өзінің өнегелі өмірімен жеке тұлғаның әлеуметтік-экономикалық жай-күйі қалай болу керектігін де үйреткен.

Сахабаларының бірі:

–         Уа Алланың Елшісі! Маған қайырлы бір іс туралы айтсаң. Ол істі жасағанымда Алла да, адамдар да жақсы көрсін!», дейді.

 Хақ Елшісі (с.а.у):

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

–         Дүниеқұмар болма. Сені сонда Алла жақсы көреді. Өзгенің мүлкіне сұқтанба, сонда адамдар да сені жақсы көреді, – деп жауап береді.

Рафи Бин Хадиждің риуаяты бойынша сахабалардың бірі Алла Елшісінен: Уа, Алланың Елшісі! Қандай табыс адал (таза)?» деп сұрайды. Сонда Хақ Елшісі (с.а.у): Адамның маңдай тері төгілген заңды сауда – ең таза табыс», деп жауап береді.

Парасат падишасы (с.а.у) тағы бір хадис-шарифінде үмбетін адал сауда-саттық һәм еңбек етуге үндеп: «Ризықтың оннан тоғызы саудада. Ал, оннан бірі түйе мен сиыр тәрізді ірі қара немесе қой мен ешкі сияқты ұсақ малдарда», деп бұйырған.

Хақ Елшісі (с.а.у) Табарани жеткізген хадис-шарифте сахабасына сауда-саттық жасауды Хақ жолында жасалған жиһад деп суреттеген. Хадиске нақты тоқталатын болсақ: «Өзің және отбасың үшін адал еңбек ет. Өйткені, бұл – Алла жолындағы бір жиһад. Біліп қой, Алланың көмегі заңды саудамен бірге», деп айтылған. Яғни, Алла Елшісі (с.а.у) отбасын адал азықпен қамтамасыз етуді жиһад дәрежесіне дейін көтерген. Тіпті, адал сауда-саттықтың сауабы мол екенін былайша жеткізген: «Әділ және сенімді саудагерлер – пайғамбарлар, адал адамдар және шәйіттермен бірге».

Хақ Елшісі (с.а.у)  «Хауариім» деп атаған Зүбайр бин Аууам бізге мынадай хадисті жеткізеді: «Сендердің іштеріңнен бір кісінің бір десте отынды арқалап апарып (базарға) сатып, осылайша Алланың осы арқылы ар-намысын қорғауы – оның басқадан бір нәрсе сұрауынан әлдеқайда қайырлы. Кім біледі, бәлкім, біреу көмек қолын созуы мүмкін. Онда береген қолға қарыздар болады, Егер, бермесе масқара болады».

Әнас бин Малик осы хадистің айтылуына мына оқиғаның түрткі болғанын жеткізеді: «Бірде Пайғамбарымызға  бір мәдиналық мұсылман келіп, қайыр сұрайды. Пайғамбарымыз  әлгіден: «Үйіңде не бар?», – деп сұрайды. Әлгі болса: «Жартысын астымызға төсеп, ал қалған жартысын үстімізге жабатын көрпе бар. Сосын су ішетін бір құмырам бар», – деп жауап береді. Алла Расулі  әлгі айтқан заттарын алып келуді бұйырады. Сахаба алып келеді. Пайғамбарымыз  сахабалардан: «Кім мына заттарды сатып алады», – деп сұрайды. Араларындағы біреу: «Бір дирхемге мен сатып алайын», – дейді. Алла Елшісі : «Кім бір дирхемнен көбірек ұсына алады», – дейді. Тағы біреуі 2 дирхемге сатып алатынын айтады. Алла Елшісі  заттарды соған береді де, 2 дирхемді қайыр сұрап келген жігітке береді. Сосын: «Мына бір дирхемге отбасыңа талғажау етерлік тамақ ал да, екіншісіне базардан балта сатып әкел», – деп жұмсайды. Сахаба айтқанын орындайды да, базардан балта сатып әкеледі. Пайғамбарымыз : «Енді осы балтаны алып, орманға бар да, ағаш шауып әкеліп, базарға шығарып сат. Ал мен сені бұл жерден он бес күн бойы көрмейін», – дейді. Сахаба айтқанындай орманға кетеді. Он бес күн өткеннен кейін Пайғамбарымызға келіп, осы уақытқа дейін 10 дирхем пайда тапқанын, оны тамақ пен киімге жұмсағанын айтып келеді. Сонда Пайғамбарымыз : Міне, саған қайыршылықтан гөрі осы еңбегің қайырлы. Себебі, қайыршылық Қияметте мұсылманның бетіне қара таңба болып басылады», – дейді.

Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Пайғамбарымыз садақа алмауды неге насихаттады?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00