Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әруақты құрметтеу ширк амалына жата ма?

02.02.2015
- Сұрақ-жауап
0
507
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әсілі, ата-баба рухын құрметтеу – дәстүрлі Ислам негіздеріне қайшы емес. Әлбетте, шегінен асыра дәріптелсе, кез-келген жәйт шариғатқа томпақ. Бабалар рухын да асыра қастер тұтсақ, анимизмге (рухқа табынушылық) жол беруіміз мүмкін. Ал, Құран мен Сүннеттің аясында қадірлесек, оның еш әбестігі жоқ.

Тегінде, ата-баба рухын қастерлеуде көбінесе тәуәссул тақырыбы ортаға шығады. Ал, тәуәссул дегеніміз не? «Тәуәссул» –  өз мұратыңа қол жеткізу үшін шариғат құптаған құралды қолдануды айтамыз. Айталық, «Уа Жаратушы Ием! Екі дүниенің сәруәрі болған Мұхаммедтің (с.а.у.) құрметіне менің мына дұға­мды қабыл ал!» деп тілек тілеу шариғатқа қайшы емес. Базбір діни топтар тәуәссулді «Аллаға серік қосу» деп қарайды. Алайда, әруақтың (рухтар) құрметіне Ұлы Жаратушыдан мұқтаждығыңды сұраудың Аллаға серік қосумен ешқандай байланысы жоқ. Себебі, тәуәссулда сұралатын нәрсе басқадан емес, тек Алладан сұралады. Яки, сұралған нәрсені орындаушы дәнекер етілген әруақ емес, Хақ Тағаланың жалғыз өзі болмақ.  Әрі әруақ (рухтар) дегенде Адам атадан бастап күллі пайғамбарлардың рухы негізге алынады. 

Осы тұста ескеретін жәйт, ілгерідегі бабаларымыз тәуәссулдің орнына «сыйыну», «қолдау» сөздерін қолданған. Аллаға жалбарынуда қазір бұл сөздерді қолдансақ, дәстүрлі емес діни танымдағы бауырларымыз үшін ширк жасағандай боламыз. Задында, ниетіміз оң болса, бұл сөздерді қолданбай-ақ, тәуәссул жасауымызға болады. Сондықтан, Хақтан сұрағанда «Пайғамбарымыздың (с.а.у) құрметіне» не болмаса «Пәлен деген Алланың досының құрметіне дұғамды қабыл ете көр»  деп жалбарынсақ, құба-құп. Жалпы, ата-баба рухын қастер тұтуда тәуәссул, қабірге зиярат, әруаққа арнап дұға-тілек жасау, садақа беру секілді т.б тақырыптарда шариғат негізінен шықпай, амал ететін болсақ, оның еш сөкеттігі болмайды. Қайта сауабы мол қайырлы амал жасаған боламыз. Демек, мұсылман жұрағаты бұл мәселелерде қырғи-қабақ болмасы үшін дін шырақшылары ағартушылық жұмыстарына көбірек мән бергені жөн.

 

Рамазан айы ең ұзақ уақыт ауыз бекітетін шілде айына қанша жылдан кейін келеді?

13.03.2026
Рекомендации паломникам, совершающим Хадж-2022

Қажылықта «лаббайка» деп жиі айтылатын қандай сөз?

11.03.2026
Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу12Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қабір маңынан өткенде дұға еткен мүшрік пе?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120947 бөлісті
    Бөлісу 48379 Твитерге 30237
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1599 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Елімізде тіркелген діни бірлестіктер (2025 жылдың 4-тоқсаны)
Инфографика

Елімізде тіркелген діни бірлестіктер (2025 жылдың 4-тоқсаны)

16.03.2026
Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы
Қоғам

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

16.03.2026
Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді
Жаңалықтар

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді

15.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00