Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Серікхан Рымханұлы: Пайғамбарлар мөрі

16.01.2015
- Қоғам
0
279
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ол тумысынан таза, қоғамда адалдығымен әйгіленіп, ел ортасында айнымас сенімге ие болған, тектілігі жүзінен ерекше байқалып тұратын, ешбір адаммен салыстыруға келмейтін жеке дара тұлға еді.

Қырық жасынан пайғамбарлық келген күннен алпыс үш жасқа дейін өмірінің әрбір минутын адамзаттың екі дүниеде бақытты болуына арнаған ізгі жан. Осы жылдар ішінде бейбіт өмірді, береке-бірлікті және тәуелсіздікпен мамыражай заманды ойлағандықтан, еңбек демалысы тұрмақ, бір күн демалуды ойына да алған емес.

Осы еңбегінің жемісін адамзат бүгінгі күнге дейін жеп келе жатыр. Оның пайғамбарлығы келген уақыт өте қиын, надандық жайлаған заман еді. Ұлағатты тәрбиесінің нәтижесінде араб жазирасын адам сенгісіз өркениетпен, мәдениеттің ошағына айналдырды. Әрбір тәрбиелеген сахабалары кез-келген мемілекетті басқара алатындай көсемдік деңгейге жетті. Бүкіл әлем осы мектепті зерттеу арқылы біліммен өркениетке қадам басты. Бұл пікірімізді шығыстану ілімінің пайда болуы айғақтайды.

Шынында да пайғамбарымыз (с.ғ.с) ерекше тұлға еді. Оны бүкіл әлем ғалымдары мойындап, ол туралы қалам тербеген. Ақиқатында миллиондаған ғалымдарды топтастырса да, ол кісіге жетуі әсте мүмкін емес. Өйткені ол Алла Тағала тарапынан жіберілген пайғамбар еді. Ол арқылы Алла Тағала өзінің сөзі Құран Кәрімді халыққа жеткізді, әлемдердің сырын ашып, ғылыммен, ақыл жетпейтін көптеген ғажайыптардан хабардар етті. Жаратушы Иемізді  дұрыс тану, оған қалай құлшылық қылу керек екенімізді тек пайғамбар арқылы ғана үйрене аламыз.

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026

Басқасын айтпағанда ол үйреткен адамдар арасындағы заңдылықтың өзі, оның пайғамбар екеніне анық дәлел. Бүгінгі ғылым дамыған заманның өзінде адамдардың шығарған заңын бірнеше жылдан кейін түбегейлі өзгертуге мәжбүр боласың немесе бір мемлекеттің заңы екінші мемлекетке жарамайтыны тағы бар. Ал Ислам заңы мыңжарым жылдан бері бүкіл әлемге ортақ болып күшін жоймай, керісінше күн өткен сайын қажеттілігі артып келеді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с)  үйреткен заңдылықты сақтай білген адам, бүгінгі күндегі орын алып жатқан: отбасының бұзылуы, жас қыздың тұрмысқа шықпай жүкті болуы, ата-анасын құрметтемеу сияқты толып жатқан келеңсіздіктерден ада болып, адамгершіліктің шыңына жетіп, берекемен бақытта, абыройлы өмір сүрер еді. Себебі, ол заңдылықта таңертең оянғаннан бастап, түнгі ұйқыға кеткенге дейінгі үлкенді кішілі өмірдің барлық құрылымдарына жауап береді.

Құран Кәрімде: «Расында сендер үшін, Алладан ақырет күнінен үміттенгендер мен Алланы еске алып тұратындар үшін пайғамбарда әлбетте тамаша үлгі өнегелер бар»,-делінген.

Пайғамбарымыз өз сөзінде: «Мен кемел мінездерді толықтыру үшін жіберілдім»,- деген.

Бірде пайғамбарымыздың (с.ғ.с) шәкірті, сол қоғамның көсемдерінің бірі, бірнеше мемілекетті билеген халифа Әбу Бәкір (р.ғ) ойланып отырып пайғамбарымызға (с.ғ.с): «Ия Алланың елшісі, мен көптеген патшалармен, ғалымдармен сұхбаттастым. Олардың ешқайсысы сіздің парасатыңыздың қасында салыстыруға келмейді. Сізбен біз бір қоғамда өмір сүріп жатырмыз және сіздің ата-анаңыз да болмаған. Осынша көркем әдептілікке сізді кім тәрбиелеген»,– деп таңқалысын жасыра алмай сұрақ қояды. Сонда Алланың елшісі: «Өте көркем әдептілікте тәрбиелеген ұлы Раббым еді»,-деп жауап берді.

Ізгілік атаулының қайнар көзі екенін жақсы түсінген қасиетті қазақ жұрты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сөздерін мақал-мәтел, ал сүннет жолын салт-дәстүр етіп санаға сіңірген. Соның нәтижесінде ұлағатты ұлтқа айналды. Ұланғайыр жерді ұрпақтан-ұрпаққа аман сақтап аманаттап отырды. Арлы өмір сүре білді.

Құдайға шүкір бүгінгі күні қол жеткізген жетістіктеріміз шаш етектен. Ғылымы дамыған бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз. Экономикамызда ешкімнен кем емес.

Енді бізге ар-ұят, обал-сауап, мейірімділік, жанашырлық, адалдық, сыйластық және жақсы қарым-қатынас тәрізді өмірдің сәнін келтіретін рухани қасиеттер керек.

Дана Абай атамыз айтқандай:

Алла мінсіз, әуелден пайғамбар хақ

Мүмин болсаң, үйреніп сенде ұқсап бақ,-деп айтқан өсиетінің астарында әрбір қарақөзіміз пайғамбарымыздың жолын үйреніп, ұқсап бағып, көңіліне қаяу түспей, бақытты да саналы өмір сүрсе екен деген ізгі ниет еді.

Серікхан Рымханұлы,

Алматы облысы Талдықорған өңірінің өкіл имамы

Бөлісу7Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?
Ағымдар ақиқаты

Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

17.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Айнұр Әбдірәсілқызы: «Бір жол бар - алыс, алыс та болса жақын»

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121057 бөлісті
    Бөлісу 48423 Твитерге 30264
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?
Ағымдар ақиқаты

Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

17.03.2026
Қазақтың әскери өнері қандай болған?
Қоғам

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00