Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мұқағали және дін

27.01.2015
- Қоғам
0
272
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ақиық ақын Мұқағали өлеңдерінің адам жанын жылдам баурап алатындығының бір сыры оның ештеңеден шімірікпей шындықты, ақиқатты дөп басып жырлайтындығында. Кеңес үкіметінің қылышынан қан тамып тұрған кезеңде жазған өлеңдерінен соны байқаймыз. Мешіттер қиратылып, дін жайлы ауыз ашқандар жазаланып жатқан кезеңде Мұқаң:

Қаймағы бұзылмаған қайран дінім,

Қаймағың быт-шыт болды қайдан бүгін?!

Құбылаға бет алып қол қусырып,

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026

Сәждеге жығылатын қайда күнім? деп дінімізді ұстанып, намазымызды еркін оқитын азат күннің ақ таңы туралы арманын ашық білдірді.Сан ғасыр бойы қаймағы бұзылмай, момын халқымызбен бірге жасасып келе жатқан асыл дініміздің қанат-қолы қырқылып, мүгедек күйге ұшырағанын айтып күйзелді. Мұнда ақын күллі қазақтың бір Аллаға бас ұрғанын шын жүректен қалайтыны өлең рухынан анық сезіледі.Демек Мұқағали бүгін бізге бұйырып отырған еркін заманды аңсағаны анық. Бірақ өкінішке орай, бүгін ешкім не үшін мұсылман болдың деп айтпайтын уақытта әлі де иманның, намаздың, діннің қадірін білмей жүргендер жоқ емес.

Сондай-ақ байқаған адамға ақын құбылаға бет алуды, сәждеге жығылуды биік мақсат, ұлы мұрат ретінде көрсеткен. Ал осыдан бірнеше жыл бұрын намаз оқып, дін ұстануды қорлық көріп, намыс санайтын адамдарды да көзіміз көрді. Адамдар «мен мұсылманмын» деп айтуға ұялған кездерді сіз бен біз бастан кешірдік. Дінді біресе апиын, біресе ескіліктің қалдығы дейтіндер болды. Міне, Мұқағалидың Мұқағалилығы сол – ол көпшіліктің ығымен кете бермей, дінімізді мадақтап жыр жазды. Бұл оның батылдығы мен парасаттылығының белгісі.  Мұнысымен шектелмей:

Сатпаймын, сатқан емен дінімді мен,

Өлмейтін, өшпейтұғын күнім білем.

Таппайтын күнде тыным, түнде тыным,

Мұсылман Мұхаммедтің үмбетімін деп маржан сөздерін тізбектей түседі. Дәл осы шумақ бүгінгі таңда ақшаға, басқаға қызығып, өзінің ата діндерінен безіп өзге дін қабылдап кеткен қара көздерге қамшы боп тисе дер едім. Асылында да солай. Бұл жалғанда, не сатылса сатылсын, дінді сатуға жол жоқ. Исламнан шығып мүртәд болу – өте ауыр күнә. Мұсылмандықты тастап, шоқынып кеткен қазақтар бүгінде Алланың мәңгілік қорғауындағы өзгермеген, бүлінбеген Құранды емес, адамдар тарапынан бұрмаланып кеткен түрлі кітаптарды киелі кітабымыз деп ұстанып жүр. Бұл әрине, ұлтымыздың ауыр қайғысы, сүйегімізге басылған таңба. Басқаны қойып, енді өзінің қазақ тілінде шоқынып жатқан қазақтарға Алла ынсап берсін дегеннен өзге айтарымыз жоқ.

 Мұсылман үмбетінің күндіз түні ғибадатпен, еңбекпен айналысатыны да Мұқаңның талданып отырған өлеңінде қамтылған. «Таппайтын күнде тыным, түнде тыным Мұсылман Мұхаммедтің үмбетімін» деп Ислам діні тоңмойын жатыпішерлерді жақтырмайтынын бір-ақ ауыз сөзбен түйген.

Бір күні Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларымен бірге шөл далада келе жатып, бір жерде тынығуға тоқтайды. От жағу керек болып, Алла елшісі (с.ғ.с.): «Жағатын бір нәрсе жинап келіңдер», деді. Қасындағылар: «Уа, Расулаллаһ, қараңызшы, бір тал шөбі жоқ қу далада тұрған жоқпыз ба?» деп қалды. Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Сонда да, жақсылап іздесе, әркім бір нәрсе тауып келе алады ғой» деп жауап қайырды. Осыдан соң сахабалар шексіз шөлден отқа тамызық іздеп тарап кетті. Жерден бас алмай шүйлігіп жүріп іздеді. Болмашы бір талшық көріп қалса, дереу теріп алды. Содан соң барлығы жинағандарын алып келіп біріктіргенде, әжептеуір отын жиналып қалды. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.): «Кішкентай күнәлар да осы секілді алғашқыда көзге бадырайып көріне бермейді. Бірақ барлық ісімізді түгел көріп тұрған Бақылаушымыз бар. Іздеп, мұқият қарап едіңдер, осынша отын жиналды. Күнәларың да осылайша біріктіріліп саналатын болады. Сол күні сол елеусіз саналған кішкентай күнәлардың өзінен үлкен үйінді жиылып қалғанын көресіңдер», – деді.

Міне, осы оқиғада мұсылман жұртының қаншалықты еңбекқор болу керектігі анық айтылып отыр. Мұқағали ақын осындай күндіз-түні дамыл таппайтын еңбекқор Мұхаммед үмбетінің бірімін деп мақтана жырлады.

         Ал өлеңнің соңында:

Қаны аққан қайран менің мұсылманым,

Осы ма екі ортада қысылғаның.

…Бірігіңдер, әлемнің мұсылманы,

Құрбан болсын Құдайың үшін жаның!!! деп әлемдегі исі мұсылмандарды бірігуге шақырған. Бұл да дәл бүгінгі күні айтылуға тиіс ұран секілді. Өйткені балапан басымен, тұрымтай тұсымен кеткен мына аумалы-төкпелі заманда мұсылман мемлекеттері бастары бірігіп, ынтымақ құра алмай отырғаны жасырын емес. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың ұйымдастыруымен Астана қаласында дәстүрлі түрде өтіп жүрген Ислам экономикалық форумының мақсаты да осы олқылықтың орнын толтыру болды деп есептейміз. Шынында да, мұсылман елдері бірігіп, бір күш болмаса, тозған қазды топтанған қарға жейдінің кері келу ғажап емес.

Сөз соңында айтарымыз, Мұқағали ақынның осы өлеңінде айтылғандай, дініміздің қаймағы бұзылмасын, намаз оқымай жүрген бауырларымыз сәждеге бас қойсын, елімізде дінін сататын опасыздар болмасын және күндіз-түні тыным таппайтын еңбекқор үмбет болуды жазсын.

 

 

 Асылбек Әуезханұлы

Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ағымдар ақиқаты

Радикалды көзқарас – қоғам тұрақтылығына төнген қауіп

18.03.2026
Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді
Жаңалықтар

Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді

18.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Алла деген сөз жеңіл

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121107 бөлісті
    Бөлісу 48443 Твитерге 30277
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Ағымдар ақиқаты

Радикалды көзқарас – қоғам тұрақтылығына төнген қауіп

18.03.2026
Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді
Жаңалықтар

Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді

18.03.2026
Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды
Жаңалықтар

Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды

18.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00