Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жаңа жыл және жыл санау туралы не айтасыз?

30.12.2014
- Сұрақ-жауап
0
474
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Адамзат баласының шығу тегі бір болғанымен, жер бетін мекен әрбір халықтың өз мәдениеті мен дүниетанымы бар. Әртүрлі таным мен әрқилы өмір сүру формасының пайда болуына әлбетте діни-рухани қайнар-көздер мен локальді табиғи жағдай әсер етіп отырған. Яғни, жаңа жыл мерекесінің мерзімі мен философиясы туралы әрбір халықтың өзіндік дара пайымдаулары бар. Айталық, Будда діні бойынша жаңа жыл (Сагаалган) қаңтар айының соңынан наурыз айының ортасындағы күндерге түседі. Үндістанның әр ауданында жаңа жылды әр уақытта, қыркүйектен наурызға дейін қарсы алады. Ветнам елі жаңа жылды (Тет нгуен дан) қаңтар айының соңы мен ақпан айының басында атап өтеді. Африка құрлығында орналасқан Эфиопиялықтар жаңа жылды қыркүйектің 10-11-інде қарсы алады (Юлиан күнтізбесіне негізделген). Бенгалдықтар 14 сәуірде жаңа жылды қарсы алады. Африканық берберлер жаңа жылды (Еннаер деп аталады) қаңтар айының 12-13 күндеріне белгілеген. Ал, Америка құрлығын мекендеген майя тайпалары жыл санауды ұзын, діни, азаматтық деп үш түрге бөледі. Ұзын жыл санауы бойынша жаратылыс 67 миллион жыл бұрын басталып, 2012 жылдың 23 желтоқсанында қиямет қайым орнауы тиіс. Азаматтық жыл санауында әрбір жыл 584 күн, яғни, 18 ай 20 күннен тұрады. Діни жыл санауы 12 айдан тұратын күн календарына негізделген. Қытай халқының Шаған (көктем) атты жаңа жыл мерекесі қаңтар, ақпан, наурыз айларының ішінде тойланады. Парсы және түркі халықтарының басым көпшілігі жаңа жылды Наурыздың 21 күні тойлайды. Мәшһүр Жүсіп жеткізген «Салнама» атты еңбектегі деректерге қарағанда Наурыздың 21 күні топан су тартылып, Нұһ пайғамбардың кемесі жерге тоқтаған көрінеді. Жер бетінде қайтадан жаңа тіршілік Наурыздың 21-і басталғандықтан, осы күнді жаңа жыл мерекесі ретінде бекіткен. Дін мұсылман қауымының хижра жыл күнтізбесі Хақ Елшісі (с.а.у)-ның  Меккеден Мәдинаға көшкен 622 жылдан басталады. Хижра жыл санағы бойынша Мухаррам айының бірінші түні жаңа жылдық мерзім саналады. Мұсылмандық күнтізбеде уақыт ай (қамари) есебімен анықталады. Қазіргі жаңа жыл мерекесі ретінде атап өтетін қаңтар айының 1 жұлдызын көпшілік Иса пайғамбардың туған күні деп қабылдағанмен, оның тарихи деректемелік негізі жоқ. Бізге жеткен мәліметке қарайтын болсақ, 532 жылға дейін бүкіл Еуропа Диоклитан календарын тұтынған. Ал, ол христиан дініне қарсы адам болған. Осыған ерегіскен христиан кординалдары Иса пайғамбар шамамен 532 жыл бұрын туылған деп, қаңтар айын жылдың алғашқы айы деп бекіте салған.

Сөз соңында айтарымыз, жер бетіндегі әрбір халық жыл санауды өз мәдениетіне сай бекіткен болса, онда ғаламдық деңгейде жыл санаудың бірізділігі жоғалады. Жаһан халықтары жаңа жыл мерзімін анықтауда әрқилы ұстанымда болса, жалпыға ортақ халықаралық келісімдер, мерекелер мен атаулы күндер мерзімін бекітуі де мүмкін болмайды. Осы себептен де, бүгінгі таңда әрбір ұлт пен қауым өз есебімен жыл санап, төл жаңа жыл мерекесін автономды түрде атап өтеді. Ал, ғаламдық жыл санауда Қаңтардың 1-ші жұлдызынан басталатын 12 ай, 365 күннен тұратын уақыт өлшемін ұстанады.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025
Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу11Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Нұрбек Есмағамбет: "Жаңа жыл - халық арасына түскен сына емес, бірлік, берекенің бастаушысы"

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00