Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зекет берудің пайдасы туралы кеңінен түсіндіріп жіберсеңіз?

08.12.2014
- Сұрақ-жауап
0
764
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

 

Исламдағы әрбір парыздың өзіндік пайдалары мен хикметтері болғаны сияқты зекеттің де көптеген пайдасы мен хикметтері бар. Олар:

  1. Зекет алдыменен зекет берушінің өзін барлық күнәларынан арылтып, зекетін берген мал-мүлкінің берекесін асырып, көбейтеді. Зекет бәле-жаладан апат, ауру-сырқаудан, ұрлықтан сақтап, байлығының құрып кетпеуіне үлкен мүмкіншілік жасайды.
  2. Әз Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің хадис шәріпінде; «Кімде-кім малының зекетін берсе, жамандығы кетіпті», – десе, екінші бір хадисінде: «Малдарыңды зекет беру арқылы қорғаңдар, ауруларыңды садақа беру арқылы емдеңдер, бастарыңа келетін бәлелерді тілейтін дұғаларыңмен тойтарыңдар», – деп өсиет еткен.
  3. Зекет қоғамдағы бай мен кедейдің арасындағы байланысты жақсартып, бауырмалдыққа, кедей-кепшіктерге мейірімменен қарауға тәрбиелейді. Мал-дүниесі аз кедейлердің орташа өмір сүруіне ықпал жасап, өзара байланысты нығайта түседі, мемлекетті әлсіздіктен сақтайды. Пайғамбарымыз Мұхаммад (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Зекет Исламның көпірі»,- деп әлеуметтік өмірдегі табиғи түрде бай, кедей деп бөлінудің мәнін жойып, зекет арқылы бір дастархан басына жиналатындығына ишарат етеді. Өйткені зекет бай мен кедейді жақындастыратын маңызды ғибадат.
  4. Зекет қоғамдағы ұрлық-қарылық, алдап-арбау, адам тонау кісі өлтіру, құмар ойнау (казино, ойын автоматтары т.с.с) сияқты жаман әдеттердің алдын алады. Мысалы; бір нәрсеге мұқтаж болған кембағал кісі мақсатына жету үшін жоғарыдағы айтылып өткен істердің кез-келгеніне баруы әбден мүмкін.
  5. Зекет ғибадаты, Алла Тағаланың берген байлық нығметіне шүкір ету болып саналады. Зекет беруші мұсылман әрқашан қолындағы байлықтың Алла Тағала тарапынан берілген жақсылық екенін түсініп өзінен де зерек, қабілетті, ден-саулығы мықты талай адамдардың бұл нығыметтен мақұрым екендігін түсініп сол нығметтерді өзіне нәсіп еткен Алла тағалаға шүкір етуі керек. Әр нығмет өзіне сай шүкірді талап етеді. Ілімнің шүкірі оны басқаға үйретуменен дене мүшеміздің шүкірі ораза ұстап, намаз оқу тәрізді ғибадаттармен орындалатыны сияқты байлық нығметінің де шүкірі мұқтаждарға көмектесіп, зекет беру арқылы жүзеге асады.
  6. Ең маңыздысы, барша пенделердің арманы болған ақыреттегі ұлық мәртебеге жету. Алла Тағала Құранда өзінің әмірлерін орындап, тыйған тыйымдарынан тиылған құлдарын ақыретте сый-сыйапатқа кенелтіп, өзінің мархаметіне бөлейтіндігі турасында сөз беріп уәде еткен. Зекет те Алла Тағаланың бұйрған әмірлерінің біреуі, сондықтан орындаушысы уәде етілген сый-сыяпатқа кенеліп, Алланың ризашылығына бөленері сөзсіз. Сонымен қоса, зекет – «Тәубе» сүресінің 103-аятында білдірілгендей күнәлардың кешірілуіне себеп болады. «Олардың малдары көбейіп және өздері күналардан тазалануы үшін мұсылмандардың малдарынан садақа ал»,- деген.

 

 

Рамазан айы ең ұзақ уақыт ауыз бекітетін шілде айына қанша жылдан кейін келеді?

13.03.2026
Рекомендации паломникам, совершающим Хадж-2022

Қажылықта «лаббайка» деп жиі айтылатын қандай сөз?

11.03.2026

 

 

Таңбалар: Ершат Оңғар
Бөлісу18Твитерге12Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ершат ОҢҒАР: Зияткер дін маманын қалыптастыруды мақсат етеміз
Сұхбат

Ершат ОҢҒАР: Зияткер дін маманын қалыптастыруды мақсат етеміз

03.01.2025
Ершат Оңғар: Діндер арасындағы диалог – бейбітшіліктің кілті
Жаңалықтар

Ершат Оңғар: Діндер арасындағы диалог – бейбітшіліктің кілті

09.10.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Кеңшілік Тышхан: "Қазақстандағы ислам тарихы тәкфіршілерден басталмайды"

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120937 бөлісті
    Бөлісу 48375 Твитерге 30234
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1598 бөлісті
    Бөлісу 639 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Елімізде тіркелген діни бірлестіктер (2025 жылдың 4-тоқсаны)
Инфографика

Елімізде тіркелген діни бірлестіктер (2025 жылдың 4-тоқсаны)

16.03.2026
Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы
Қоғам

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

16.03.2026
Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді
Жаңалықтар

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді

15.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00