Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Матуридидың аты-жөні хақында

12.12.2014
- Ислам
0
160
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әбу Мансур Мұхаммед ибн Мұхаммед – өз есімімен қоса Шейх, тура жол көсемі, Һидаят көшбасшысы, тура жолға бағыттаушы, Һидаят туы, Самарқанд шейхтерінің басшысы, Әһли сүннет имамы және Кәламшылар имамы деген сияқты лақап аттармен де кеңінен танылған.

Сондай-ақ, кей дерек көздерінде оның аты көбіне «Әбу Мансур әл-Матуриди», «Әбу Мансур әс-Самарқанди», «Әбу Мансур әл-Матуриди әс-Самарқанди», «аш-Шейх Әбу Мансур» және «аш-Шейх әл-Имам Әбу Мансур әл-Матуриди» деп те кездеседі.

Осы мәліметтердің барлығын жинақтай келе, ғалымның толық аты-жөнін Әбу Мансур Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Махмуд әл-Матуриди әс-Самарқанди деп түйіндеуге де болады.

 

Шынайы бол…

25.11.2025
Бірінші байлық – денсаулық

Бірінші байлық – денсаулық

24.11.2025

Матуридидің туған жері мен шежіресі

Матуридидің туған жылы туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, шамамен кей зерттеушілер оның Әбу Ханифа қайтыс болғаннан кейін бір ғасырдан астам уақыт өткен соң туған десе, кейбірі 235/850 және 248/862 жылдары Самарқанд маңындағы Матурид қалашығында дүниеге келгендігін айтады. Матуриди деген есім оның туған жеріне байланысты берілген. Егер де оның Мұхаммед ибн Муқатиль ар-Разиге (248/862 жылы қайтыс болған) шәкірт болған жылдарын ескерсек, Матуриди шамамен 238/853 жылдары туған болуы мүмкін деген болжам айтуға болады.

Олай болса, имам Матуриди дәстүрлі ақиданы қолдайтын мұғтазилит бағытын ұстанатындармен күрескен Аббасит халифаты әл-Мутауаккилдің (232-247/847-861) тұсында дүниеге келген. Бұл да Матуридидің Әшғариден бұрын туылғандығына дәлел.

Имамның ұлтын да тарихшылар дөп басып дәл айта алмайды. Бір деректер оны түркі тектес халықтарға жатқызса, екінші бір еңбектерде ол мәдиналық атақты Әбу Әйюб Халид ибн Зәйд ибн Кулайб әл-Ансари әулетінен, яғни, арабтардан шыққан деп тұжырымдалған. Кейбір отбасылардың Мәдинадан Самарқандқа келіп қоныстанғаны туралы мағлұмат осы пікірді қуаттайды. Имамның есімі Камаладдин әл-Баязи еңбегінде (1098/1687) «әл-Имам Әбу-Мансур Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Махмуд әл-Матуриди әл-Әнсари» деп берілуі осыдан.

 

Отбасы

Деректерде Матуридидің отбасына қатысты негізінен тек әкесі мен атасы жайлы ғана айтылады. Әкесі – Мұхаммед, атасы – Махмуд. Бір жағынан ол көпшілікке Әбу Мансур (Мансурдың әкесі) деп танылған. Бұл бізге оның Мансур есімді ұлы болғандығын білдіреді. Алайда, Матуридидің ешқандай ұлы болмағандығы анық. Өйткені, Матуридидің өзі бұл лақап есімнің Мансур деген ұлы болсын деген ниеттен туғанын айтады.

Сондай-ақ, кей зерттеулерде Матуридидің бір қызы және осы қызының баласы (Матуридидің немересі) болған деген мәліметтер кездестіреміз. Абдулқадир әл-Қураши (696-775) бір жазбасында: «Әли әл-Хасан ибн Әли ибн Мұхаммед ибн Аффан ибн Әли ибн әл-Фадл ибн Зәкария ибн Осман ибн Зәйд ибн Кулайб әл-Матуриди әл-Қади – Шейху-л Ислам Әбу Мансур әл-Матуридидің немересі. Нағашы атасынан фиқһ ілімін оқыған. Ол 511/1117 жылы қайтыс болып, Жакардизада жерленген. Самарқандтың маңызды мазары болып саналған Жакардиза XII ғасырда тек ғұлама адамдар ғана жерленген мазар ретінде танылған деп Матуридидің бір немересі болғандығын айтады.

 

Қалмахан ЕРЖАН, т.ғ.д. PhD, доцент

Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Имам Матуриди – Имам Ағзамнан кейінгі үлкен ғалым

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00