Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Мәңгілік ел» идеясын қолдайтыныңызды айттыңыз. Не себептен?

25.12.2014
- Сұрақ-жауап
0
162
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Елбасының «Мәңгілік ел» идеясының саяси, философиялық, діни қырларын бөлек-бөлек талдауға болады. Оның әрқайсысы ауқымды зерттеуді қажет етеді. Дегенмен, біз тек діни қырын ғана сөз етіп көрейік.

Иә, «әл-бақи» – Хаққа тән сипат. Оған ешкім дауласа алмайды әрі «әл-бақи» сипаты Алланың құдіреттілігін әйгілейді. Әйтсе де, біз Тәңір-Тағаланың қалауымен базбір болмыс түрлері мәңгі-бақилық болып жаратылған деп айта аламыз. Мысалы, Ұлы Жаратушының сүйікті құлдарына әзірлеген жұмағының басталуында кесім болғанмен, оның соңы жоқ. Бұл хақында Хақ Тағала Құран-Кәрімде: «(Мұхаммед Ғ.С.) иман келтіріп, ізгі іс істегендерді қуандыр! Расында олар үшін астарынан өзендер ағатын жәннәттар бар. Әрқашан оларға оның жемісінен бір ризық берілсе, олар: «Осы бізге бұрын да беріліп еді» дейді. Тағы оның ұқсасы келтіріледі. Әрі олар үшін онда тап-таза жұбайлар да бар. Олар онда мәңгі қалады» (Бақара, 25) деп бұйырады. Яғни, жұмақтық қауым үшін бақытты ғұмыр кешу мәңгілік.

Мемлекет және құқық теориясы ғылымында екі дүниенің бақытымен қауыштыруды іске асыратын жоғары саяси ұйым теократиялық мемлекет деп аталады. Теократиялық билік өз азаматтарын мәңгілік  бақытпен қауыштыру үшін ең алдымен Алламен байланысын нығайтады, сондай-ақ, қоғамдық қатынастарды реттеуде діни нормаларға жүгінеді. Тіпті, отбасылық қатынас та шариғат бекіткен заңдылықтарға негізделеді. Ал, шариғат шарттарына жүгінгеннің қайтарымы ретінде азаматтарды жұмақпен сүйіншілейді. Мысалы, 621 жылғы Ақаба келісіміндегі шарттарға мойынсұнуға уәде берген Мәдиналық мұсылмандар: «Уа Алланың Елшісі! Бұл шарттардың қайтарымы не болады?» дегенде, Хақ Елшісі (с.а.у): «Жұмақ болады» (мәңгілік бақыт) деп жауап берген еді. Тарихшылар осы Ақаба келісімдерінің негізінде Мәдина Ислам мемлекетін құрылды деп біледі. Олай болса, Пайғамбарымыз (с.а.у) өзінің соңынан ергендерді екі дүниенің бақытымен қауыштыруды көздеген «Мәңгілік елді» құруға ұмтылған еді.

Үшінші мыңжылдықтың қарсаңында тағдырдың жазуымен егемендікке қол жеткізген Алаш баласы Атазаңында өзін зайырлы мемлекет деп жариялады.  Зайырлы мемлекеттің заңдары тікелей тылсымдағы бақытқа (жұмақ) қол жеткізуді мақсат етпейді. Негізінен халықтың бұл дүниедегі мәселелерін шешуді қолға алады. Әйткенмен, зайырлы мемлекетте азаматтардың мәңгілік бақытпен (жұмақ) қауышуына құқықтық тұрғыда толығымен мүмкіншілік қарастырылады.  Оған мынадай екі аргуменетті алға тартуға болады:

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Біріншіден, Ислам ақидасы бойынша ақыретте Алланың рахымы тек момын-мұсылмандарға нәсіп болады. Хақтың осы шексіз мейірімінің арқасында момын-мұсылмандар жұмаққа кіре алады. Ал, зайырлы мемлекет өз азаматтарының Аллаға сеніп, момын-мұсылман болуына ешқандай кедергі келтірмейді. Яғни, зайырлылықтың атеизмнен айырмашылығы азаматтардың діни сенімді таңдауына толық еркіндік береді. Бұл біздің елімізде мәңгілік бақытпен қауышудың негіздемесі бар деген сөз.    

Екіншіден, Ислам шариғаты бойынша бекіген парыз, уәжіп, сүннет амалдарды мүлтіксіз орындаушы адам ғана жұмаққа кіре алады. Ал, зайырлы мемлекетте өз азаматтарына сенім бостандығын бере отырып, олардың діни ғұрыптарды ұстануына рұқсат береді. Мысалы, біздің елімізде мұсылмандардың намаз, ораза, зекет, қажылық т.б құлшылық амалдарды һәм қоғамдық және отбасылық қатынастарда діни шарттарды ұстануына мол мүмкіншілік қарастырылған. Яғни, мұсылмандардың ақыретте есеп күні сүрінбесі үшін бұл фәниде діни ғұрыптарды жүзеге асыруына толықтай рұқсат етілген. Бұл мүмкіншілікті мәңгілік бақытпен қауышудың алтын тұғыры десек асыра айтқандық емес.

Түптеп келгенде айтпағымыз, «Ханда қырық кісінің ақылы болады» демекеші, Елбасымыз «Мәңгілік ел» идеясын тектен-текке айтып отырған жоқ. Біздің зайырлы мемлекетімізде азаматтардың жұмақпен қауышып, мәңгілікке қол жеткізу мәселесі олардың ар-ұждан бостандығына қалдырылған. Демек, мәңгілікке иек арту үшін ең алдымен өзіміз ынталы болуымыз шарт. Осы себептен де мен «Мәңгілік ел» идеясын қызу қолдаймын.

 

Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Дағуатшыларды тыңдау керек пе?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00