Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақтың төл діні тәңіршілдік пе?

26.11.2014
- Сұрақ-жауап
0
353
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Иә, сіз айтқан жиынға мен де қатыстым. Сол басқосуда журналистің бірі:«Қазақтың төл діні тәңіршілдік» деп пікір білдірді. Бұл мәселеге қатысты осыдан бірнеше жылдар бұрын жауап берген едік. Ол жазғанымды қайталап жатпай-ақ қояйын. Ал, журналистің уәжіне қысқаша жауап беретін болсақ.

Біріншіден, Исламға дейін Қазақ халқының, яғни, біздің арғы бабаларымыз қыпшақ пен түркілердің діні тәңіршілдік болған. Ал, тәңіршілдік қандай дін? Кезінде бұл тақырып бойынша отандасымыз, белгілі ғалым Нұрмағамбет Аюпов пен Әуезхан Қодар және татарстандық Рафаэль Безертинов т.б. зерттеушілер академиялық зерттеулер жүргізді. Бүкіл ғұмырын осы тақырыпты жан-жақты зерттеуге арнаған ғалымдар «тәңіршілдік – монетейстік дін», – деген қорытынды жасаған. Х ғасырда Сыр бойындағы оғұздарға саяхат жасаған Ибн Фадлан түркілердің көпшілігі «Бір Тәңірге» табынатынын, іштерінде полетеистік (көпқұдайшылдық) нанымдағы түркі тайпаларын да кезіктіргенін жазған болатын (Саяхатнама). Дегенмен, бізге жеткен деректерді саралай келіп, түркілердің негізгі сенімі «Бір тәңірге нану» болғанын бажайлаймыз.  Ал, түркілерге монетеистік сенімді кім әкелген? Алла Тағала Құран Кәрімде: «Ескертуші пайғамбар келмеген ешбір үмбет жоқ» (Фатр, 24) деп бұйырады.  Хақ Елшісі (с.а.у) өзінің хадис-шарифтерінің бірінде адамзат баласына «Жүз жиырма төрт мың нәби, үш жүз он бес елші» (Ахмат ибн Ханбал, Мүснад, 5/266, Суюти, әд-Дурул-мәнсур фит-Тафсирил-Мәсур, 1/126) жіберілгенін айтады. Демек, біздің жобалауымызша, түркілерге де көне заманда бір Тәңірге табынуға шақырған пайғамбар келген. Бірақ, оның кім болғанын кесіп айта алмаймыз. Әйтсе де, Исламға дейінгі діндердің түрлі өзгеріске ұшырағаны секілді Тәңір діні де әу бастағы саф күйін сақтай алмаған. Бұл пікірімізді қуаттайтын көптеген деректік мысалдар (тәңіршілдерге қарсы) бере аламыз. Шиырып айтқанда, түркі халқы тал бесіктегі құндақтаулы кезінде Тәңір дінін ұстанған десек қателеспейміз.  

Екіншіден, Қазақ мемлекетінің рәмізі – көк байрағымыздағы айшықты белгілер ешқандай да тәңіршілдіктің символы емес. Елбасымыздың  “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығында: «Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi», деп мемлекеттік ту белгілеріне айқын түсіндірме жасалған.

Яғни, «Қазақтың төл діні тәңіршілдік. Оның айқын дәлелі Қазақстан Республикасының  мемлекеттік Туында тәңіршілдіктің символы – көк аспан мен күн бейнеленген», деген пікір Қазақстан Республикасының конституциялық заң күші бар құқықтық нормаларына қайшы келеді.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

 

 

 

Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Періштенің еркек немесе ұрғашысы бола ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00