Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қауіп қайдан демеңіз…

04.11.2014
- Ағымдар ақиқаты
0
171
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты «Ат-такфир уаль-хиджра» халықаралық ұйымын экстремистік топ деп танып, еліміздің аумағында оның қызметіне тыйым салу жөнінде шешімі шыққаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары тәкпіршілдік идеологиясының қауіптілігі хақында оқтын-оқтын дабыл қаға бастады.

Қазақстан сотының ­так­фи­­ри­з­м­ге қарсы батыл шешім қабыл­дауына, алыс-жақын ше­т елдерде орын алып жатқан қан­дауыр оқиғалардың әсер еткені белгілі. Әйтсе де, биліктің тәк­пір­шілдікке қарсы бір байламға келуі, мем­лекетіміз үшін дұрыс шешім бол­ды.

Сонымен, тәкпіршілдік идео­логиясы бізге несімен қауіпті?

Біріншіден, «Ат-такфир уаль-хиджра» экстремистік ұйымының әлемдегі саяси жүйелерді тек дарул-ислам (ислам нормаларына не­гізделген мемлекет) және дарул-һарб (ислам құндылықтарын өз тер­риториясында насихатталуына немесе ғұрыптарының орында­луына тыйым салатын мемлекет) деп бөліп, оның ішінде секуляри­тивті елдерді кәпірстан санауы, зайырлы Қазақ­стан мемлекеті үшін аса қауіпті құбылыс. «Ат-такфир уаль-хиджра» экстремистік тобы: «Алланың за­ңына ғана мойынсұнуымыз керек. Зайырлы қоғамдағы адам шығарған заңдарға мойынсұну күпірлік» деп біледі. Олардың бұл ұстанымы дәстүрлі Ханафи мәзһабының негіздеріне қайшы. Сонымен бірге, «Ат-такфир уаль-хиджра» экс­тремистік тобы бұл ұстанымымен Қазақ­станның лигитимді билігіне қарсы радикалды өз жақтастарын төң­керіс жасауға үгіттейді деген сөз.

Жат діни ағымдардың қоғамға қаупі

Жат ағымның зардабы – қоғамға төнген қатер

24.11.2025
Жат ағымға тән негізгі белгілер

Деструктивті діни ағымдардың зардабы

18.11.2025

Екіншіден, ислам дініне ең қолайлы саяси жүйе дарул-ислам болғанымен, зайырлы мемлекет­терде мұсылмандардың ақыреттік бақыты қамтамасыз етілмейді деген сөз емес. Рас, дарул-ислам саяси жүйесі  мұсылмандардың екі дүние­дегі бақытын қамтамасыз етуді қолға алады. Дарул-ислам жүйесінде азаматтар жұмақтағы мәңгі бақытпен қауышуы үшін қоғамдық қатынасты реттеуші жалпы құқықтық нормалар діни нормалармен бекітіледі.

Ал зайырлы мемлекеттер өз азаматтарын тек бұл дүниедегі бақытпен қамтамасыз етуді көз­дейді. Бірақ, бұл зайырлылық жүйе діни еркіндікке қол сұқты дегенді білдірмейді. Зайырлы мемлекетте тылсым әлемдегі ба­қытқа (жұмаққа) қол жеткізу мә­селесі азаматтардың ар-ұждан бостандығына қалдырады.

Бұл туралы ҚР Конституция­сының 19-бабының 1-тармағында «Әркiм өзiнiң қай ұлтқа, қай пар­тияға және қай дiнге жататы­нын өзi анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы» және ҚР Конституциясының 20-бабының 1-2 тармақтарында «Әркiмнiң ар-ождан бостандығына құқығы бар», «Ар-ождан бостан­дығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және аза­маттық құқықтар мен мемлекет ал­дындағы мiндет­терге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиiс» деген нормалар қарастырылған. Яғни, «Ат-такфир уаль-хиджра» экс­тремистік тобының бір кеңістікте өмір сүріп жатқан адамдардың өзара мәмiлесінің негізінде құ­рылған дүниеуи (светский) мем­лекеттің заңдарын «ақыреттегі жұмақты мақсат етпейді» деп мансұқтауы мүлде жөнсіз.

Сондай-ақ зайырлы мемлекетті жоққа шығарып отырып, ол жер­ден хиджра (көшіп кету) жасауға үгіттеуі де қисынсыз. Себебі, дәс­түрлі ислам канондық негіздері мұсылмандық ритуалдардың орын­далуына мүлде рұқсат бер­мейтін мемлекеттен ғана көшіп кетуге шақырады.

Ал Қазақстан Республи­ка­сы­ның заңдарында діни ғұрыптардың орындалуына тыйым салатын бірде-бір құқықтық норма жоқ. Демек, «Ат-такфир уаль-хиджра» экс­тремистік тобының мұсыл­мандарды хиджра жасауға ша­қыруы – Қа­зақстан мемлекетіне ашықтан-ашық жасалып отырған қаскөйлік деп білеміз.

Үшіншіден, ислам дінінде негізсіз ешкімді кәпірге шығаруға болмайды. Хз. Әли бір соғыста қылыш мойнына тақалған шақта тілін кәлимаға келтірген дұшпа­нын өлтіріп жібергенде, Пайғам­барымыз (с.ғ.с): «Оның жүрегінде не бар екенін сен қайдан білесің?» деп Хз. Әлиге қатты кейіген бо­латын. Сондай-ақ, Хақ елшісі (с.ғ.с): «Кім­де-кім біреуге «кәпір» деп жала жапса, жала жапқаны үшін өзі кәпір болады» деп мұсыл­мандарды күпір­лік мәселесіне аса ыждағатты болуға шақырған.

Жалпы, қазақ халқының дәс­түрлі Матуруди ақидасы бойынша иман мен амал бөлек-бөлек ұғым саналады. Яғни, кімде-кім аузы­мен кәлиманы айтып, Алла таға­ланың бір, Мұхаммедтің – Хақ елшісі (с.а.у) екенін жүрегімен мойындаса, ол адам момын мұ­сылман болып есептеледі. Одан кейін ары қарай ислам ғұрыптарын орындамаса, тек күнәһар сана­лады. «Ат-такфир уаль-хиджра» экстремистік тобы иман мен амалды біртұтас деп біледі.

Осы себептен де олардың док­тринасында ислами амалды (намаз, ораза, қажылық т.б ри­туалдар) орын­дамаған кез кел­ген адам кәпір болып есептеледі. Яғни, «Ат-такфир уаль-хиджра» экстремистік тобының бұл идео­логиясын Қазақ қоғамының ді­ни тұтастығына сына қағу деп біле­міз.

«Ат-такфир уаль-хиджра» жа­мағаты саяси тұрғыдан алғанда зайырлы мемлекеттің құндылық­тарын жоққа шығарады. Заманауи Қазақстан мемлекетінде діни рә­сімдерді орындауға рұқсат бер­мейді деп арандатып, ел азамат­тарын өзге мемлекеттерге көшуге (хиджра) үгіттейді.

Өздеріне қосылмаған дербес пі­кірі бар азаматтарды кәпірге шы­ғарып, дәстүрлі Матуруди док­тринасына жат идеологияны наси­хаттайды. Осы себептен де бұл діни ағымның қызметіне қазақ соты қатаң тыйым салып отыр.

Мұхан Исахан

Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Әбу Ханифаның ақидаға байланысты өсиеті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00