Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ат-Такфир уаль-хиджра» ойраны

06.11.2014
- Ағымдар ақиқаты
0
206
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Астанадағы Сарыарқа аудандық сотының «Ат-такфир уаль-хиджра» халықаралық ұйымын экстремистік топ ретінде тануының көптеген себептері бар. «Алланың ғана заңына бағынуға тиістіміз, өзге заңдарға бағыну күпірлік» деп білетін бұл лаңкестік ағым әлемнің әр тұсынан шақпақ шағып, мұсылмандарды әскери сипаттағы жихад жасауға ұдайы үндеп келеді. Әсілі, олардың идеологиясының шығу тегі – Ислам тарихындағы алғашқы лаңкестік топ Харижидтерден бастау алады. Сондай-ақ, «Ат-Такфир уаль-хиджраның» ұстанымы Х-ХІ ғасырлардағы Солтүстік Африкадағы Захирия-Хашабия мәзһабының канондық негіздерімен үндеседі.

Иә, өткен ғасырдың екінші жартысында Мысыр мен Сауд-Арабияда орын алған саяси жағдайларға байланысты «Ат-Такфир уаль-хиджра» және Сурурия экстремистік тобы ортаға шыққанымен, дәл қазір тәкпіршілдік идеологиясымен қаруланған лаңкестік бұл топтар көптеген Ислам елдерінде әскери сипаттағы жихад жүргізіп келеді. Сондай тәкпіршілдік идеологиясының құрбанына айналған елдердің бірі – сөз жоқ үш жылдан бері қанды қақтығыс жалғасып келе жатқан Сирия Араб Республикасы десек еш қателеспейміз.

                 Сирия дағдарысы және тәкпіршілер

Нағында, Президент Башар Асад шииттік алауиттер тобынан шыққанымен, Сирия сунниттік мемлекеттердің қатарына жатады. Жалпы, Сирия халқының 90 пайызын мұсылмандар құрайды. Оның 87 пайызы – сунниттер, ал шииттер  (яғни, нурсай-алауия,  иснашария жане дүрзия топтары)  бар-жоғы 13 пайыздқұрайды. Сондай-ақ, Сирияда 5-7 пайыз көлемінде православ христиандар да өмір сүреді.

Жат діни ағымдардың қоғамға қаупі

Жат ағымның зардабы – қоғамға төнген қатер

24.11.2025
Жат ағымға тән негізгі белгілер

Деструктивті діни ағымдардың зардабы

18.11.2025

Тегі, көне Шам елін діни жіктеліске қарай бөлшектеуі өткен ғасырдағы І-ІІ дүниежүзілік соғысы кезінде басталғ. Франция мемлекеті 1922 жылы Һашимит Файсал билеушіні жеңіп, Сирияны доминион елге айналдырған кезден-ақ елдің терістігінде – алауия, орталық аймағында – сунни, ал күнгейінде – дурзия мемлекетін құруды жоспарлаған еді. Дегенмен, Франция өз мақсатына толық қол жеткізбегенімен, Сирияны діни және ұлттық жіктеліске орай  (яғни, арабтар, күрдтер, армияндар, түркімендер, шеркестердің топтасуына байланысты), Сирия мемлекеті Дурзи, Шам, Алеппо, Ләзкия  уалаяттарына бөліп тастады.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Сирия өз егемендігін жариялағанымен, жедел даму жолына түсе қойған жоқ. Елдің ішкі жағдайында ұзақ уақыт саяси дағдарыстың орын алуына сунниттік-шииттік діни жіктеліс те кер әсерін тигізіп келді. Әйтсе де, 1963 жылы Баас партиясы билікке келіп, Сирияның тұтастығын сақтап қалуға қал-қадерінше күресіп бақты. Партия жетекшілерінің бірі елдің Қорғаныс министрі Хафез әл-Асад 1971 жылы қарулы күшпен төңкеріс жасап, Шам тізгінін қолына алды. Өзін әһлі-байт (Пайғамбар с.а.у ұрпағы) санайтын Хафез әл-Асад отыз жылдай уақыт Сирияны билеп-төстеді. Оның тұсында елдің басқарушы элитасы шиттік Нурсай-Алауия тобынан құрала бастады. Осыған байланысты өзге мұсылман елдері Сирияны «Нурсай-Алауия империясы» деп атады. Бірақ, Хафез әл-Асад генеологиялық шығу тегі жағынан Нурсай-Алауия тобынан болғанымен, Сирияда сунниттік ілімнің өркендеуіне барынша мүмкіндік туғызды. Осының әсірінен көне Шам елінде іргелі сунниттік мектептер қалыптасты.

Сириядағы сунниттік мектептердің өкілдері Уаһба Зухайыл, Рамазан әл-Бутидің шығармалары өз кезегінде уахапшылдық ілімнің әлемге қанат жаюына ғылыми тұрғыдан бірден-бір кедергі болды. Әсіресе, Рамазан әл-Бутидің уахапшы-тәкпіршілердің ілімін терістеуге арналған «Лә мәзһабия» атты трактаты лаңкестерге ауыр соққы болып тиді. Осындай қым-қуыт шақта бірқатар Ислам елдерін «Араб көктемі» атты дауыл шарпып, оның ызғырығы 2011 жылы Сирияға да жетті. Елде орын алған жұмыссыздық пен кедейшілік, макро-экономикалық көрсеткіштің төмендігі, жемқорлық, адам құқығының сақталмауы, жариялықтың жоқтығы, қырық жылдан астам уақыт қатал монархиялық-авторитарлық биліктің орнауы – Сирия халқының «Араб көктемі» эстафетасын іліп әкетуіне түрткі болды. Әу баста Даргада тұтанған көтеріліс іле-шала елдің ірі қалалары – Хомс, Алеппо, Ләзкия, Хама, Байда т.б. қалаларын қамтыды.

Сирия халқы басынан осындай сергелдеңді кешіріп жатқанда, лаңкестік топтар тәкпіршілдік идеологиясының отын үрлеп, айқайға сүрең қосты. Нақтырақ айтар болсақ, Сирия президенті Башар Асадтың шииттік Нурсай-Алауия ағымынан шыққанын желеу етіп, Шам билігін кәпірге шығарды. Тіпті, Сирияда көтерілістің тоқтатылып, елде бейбітшіліктің орнауын құптаған суннит ғұламаларды (билікке еш қатысы жоқ) ібіліске теңеді. Мұқым мұсылман қауымын Сирия билігіне қарсы жихад жасауға шақырды. Яғни, тәкпіршілер Сириядағы шииттік жікті сылтау ете отырып, өздеріне ғылыми тұрғыдан кедергі келтіріп отырған сунниттік мектептердің ту-талақайын шығаруды көздеді.

 ИШИР – тәкпіршілдік идеологиясының жемісі

Тәкпіршілердің лаңы Сирияны әлем-тапырық етіп, күллі лаңкестер Голан тау жотасына жихад ұранын айтып жөңкілгенімен, Башар Асадты тақтан тайдыра алмады. Сирия сергелдеңін тыныштандыруға НАТО әскер кіргізбек болғанымен, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі РФ мен ҚХР қарсы тұрды. Осыған байланысты жихадшылардың үкімет әскерлерін тұқыртуға шамасы жетпеді. Дәл осы сәтте тәкпіршілдік идеологиясының жемістерінің бірі – ИШИР лаңкестік ұйымы Сириямен қатар Ирак Араб Республикасының солтүстігінде  де ойран салып, мұқым ғаламға қауіп тудыратын өз жоспарларын паш етті.

ИШИР –  осы жылы Солтүстік Иракты басып алып, саяси билік орната салысымен жер бетінде өз идеологиялары бойынша халифат құратынын ескертті. Олардың бұл жоспары ғаламдағы қайсыбір субъекті үшін де аса қауіпті. Тіпті, ИШИР мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Қағбаны да құлататындығын мәлімдеді. Олардың айтуынша, Қағбадағы қара тасты сүю, оны ұстау Аллаға серік қосу болып табылады-мыс. ИШИР осындай сандырақ діни идеологиясымен күллі ғаламды шошытып отыр.

Түйін: Ислам әлемінің бір бөлшегі саналатын Алаш елі осындай ымырасыз майданда қандай ұстанымда болуы тиіс? Астана қандай рөл атқарады? Әлбетте, осыған дейін қалыптасқан дәстүрлі жолына сәйкес, Қазақстанның діни тұрғыда шиеленіскен мәселелерге тікелей араласпай, бейтарап күй танытқаны жөн. Біз сунниттік мұсылман ел болсақ та, Атазаң бойынша, ешқандай діни сипат телінбеген зайырлы мемлекетпіз. Демек, ИШИМ және өзге де тәкпіршіл экстремистік топтардың ел аумағына енуіне тиым сала отырып, Қазақстан азаматтарының бұл сұрапылдан шет қалуын қамтамасыз етуіміз шарт.

Мұхан Исахан, аналитика жұмыс бөлімінің бастығы

 

Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

М. Алмасұлы: "Қоғамдық қауіпсіздік - дін саласы тұрақтылығына кепіл"

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00