Жексенбі, 15 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Көзі тірісінде жаннатқа баратындықтары айтылған сахабалардың саны он ғана ма?

20.10.2014
- Сұрақ-жауап
0
273
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бұл сахабаларды илам терминологиясында «ашарату мубашшара», яғни жаннатпен  сүйіншіленген он сахаба деген сөз. Пайғамбарымыз бір хадисінде “Мына он кісі Жәннатқа кіреді: Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли, Зүбәйр ибн Әууәм, Талха ибн Ұбайдуллаһ, Сағд ибн Әби Уаққас, Әбу Ұбайда ибн Жаррах, Абдуррахман ибн Ауф және Саид ибн Зәйд (р.а.)”,– деген.

Көзі тірісінде жаннатпен сүйіншіленген осы он кісіден бөлек басқалар да бар. Алайда  есімдері бірге аталған сахабалар осылар. Аттары аталмаған басқа сахабалар Жәннатқа кірмейді деген сөз емес. Өйткені, сахабаларға Аллаһ Тағала разы екендігін білдіретін Құранда көптеген аяттар бар (Мәида, 119; Тәуба, 110; Фәтх, 118; Мужәдәлә, 22; Бәййінә, 8). Демек, Аллаһ Тағала риза болған құлдарын Жәннатқа кіргізері сөзсіз. Алайда, жоғарыда атап кеткендей, олардың арасынан да дәрежелері әр түрлі сахабалар ұшырасады. Бұл сахабалардың көз тірісінде Жәннатпен сүйіншіленуінің өзіндік бірнеше себебі бар:

Кей уақытта жасалған істің басқа кезде жасалған істерден артықшылығы болады. Бұл сахабалар Исламның алғашқы қиын-қыстау кезеңінде мұсылмандықты қабылдады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Меккеде Исламды уағыздай бастаған алғашқы кезде (өзгелердің теріс айналғандарына қарамастан), олар Құранның әмірлеріне құлай сеніп, мойынсұнды. Қауіп-қатерге толы сол күндері көзсіз ержүректілік танытқандар болмаса, мұсылман болуға кез келгеннің батылы бара бермейтін. Хазіреті Әбу Бәкір: “Басымызды өлімге тікпейінше сыртқа шығуға да, бір жерге кіруге де жүрексінетінбіз”,– деуі арқылы сол күндердің көз көрген қиыншылығын тілге тиек еткен.

Бұлардың ешқайсысы алған бетінен қайтпай, Әлемдердің Рақым Нұрының (с.а.у.) жан серіктері болып, Исламды шынайы көңілмен қабылдап, өмірлерінің соңына дейін қасиетті жолдан бас тартпады. 

Рамазан айы ең ұзақ уақыт ауыз бекітетін шілде айына қанша жылдан кейін келеді?

13.03.2026
Рекомендации паломникам, совершающим Хадж-2022

Қажылықта «лаббайка» деп жиі айтылатын қандай сөз?

11.03.2026

Олардың барлығы Аллаһ Тағала тарапынан әмір түскен кезде бала-шаға, мал-мүліктен айрылып қалу қаупіне қарамастан, қиындыққа көз жұмып, тәуекелге бел байлап һижрет етті. Бұлардың арасында шетелдермен қатынасып  саудамен айналысарлықтай аса бай Абдуррахман Ибн Ауфтың бәрін тастап Мәдинаға көшіп келгенінде өмірін қайта бастауына тура келгендігін айта кету керек. Демек, олар бір ғана мақсатты көздеді: тек қана Аллаһтың ризашылығына бөлену.

Жәннатпен сүйіншіленген бұл он кісінің ортақ ерекшеліктерінің бірі – ел тізгінін ұстай алатын парасаттылықты иеленуі. Әу бастағы төрт халифаның өмірі бұған дәлел. Хазіреті Пайғамбардың “Үмбетімнің сенімдісі” деген марапатына ие болған Әбу Ұбайданың бойында әйгілі қолбасшы Халидті он орап аларлық парасаттылық бар еді. Міне, осындай қабілеттеріне, дара қасиеттеріне қарамастан Пайғамбарымызға (с.а.у.) еруі – ардақтылық-тың үлгісі болатын.   

Аты аталған тұлғалардың бәрі текті жерден шыққан. Хазіреті Әлидің әкесі аса дәулетті болмаса да, Меккеде сөзі өтетін беделді кісілердің бірі еді. Исламның болашағы бұлдыр тартып тұрса да байлық пен шен-шекпенге көз сатпай, бастарын қатерге  тіккендігі үлкен жанқиярлықтың белгісі емей немене?!

Олардың ешбірі дүниеге бас имеді. Керек жерінде Хазіреті Осман бес жүз түйені үстіндегі жүгімен қоса садақаға берсе, Абдуррахман Ибн Ауф дүниесінің ауырлығынан Жәннатқа кірерде кеш қалатынын естіп, қолындағы бар затын көзі қиып тегіс Аллаһтың  ақ  жолына жұмсай білді.  

Исламның аяғын тәй-тәй басқан алғашқы кезеңінде қиындыққа кеудесін тосушылардың бірі болуы олардың дәрежесін басқалардан ерекшелеп жоғары көтерді.  

 

 

 

Таңбалар: Алау Әділбаев
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет
Видео

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет

07.12.2023
Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы
Видео

Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы

03.11.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Құран және хадистер тұрғанда қияс жасаудың не қажеті бар?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120918 бөлісті
    Бөлісу 48367 Твитерге 30230
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1598 бөлісті
    Бөлісу 639 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді
Жаңалықтар

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді

15.03.2026
Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең
Қоғам

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

15.03.2026
Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді
Жаңалықтар

Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді

15.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00