Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Құрбанды Раббың үшін шал!

06.10.2014
- Ислам
0
90
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу
Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026

Зекет – байлықтың қорғаны

15.03.2026

Алғаш Абдулла ибн Хузафа деген саңлақ сахабаның осы мерекеде Минада қажылық жасап жүргендердің арасын аралап жүріп: «Бүгін жейтін, ішетін және Алланы еске алатын күндер» деп жар салуы тегін емес. Алла еске алынған жерде арақ ішу, құмар ойнау, мәнсіз, мағынасыз істер жасау секілді тәртіпсіздіктер атымен болмайды. Жұрттың бәрі ақыл-есі сау, күнәлі істерден ада күйде бір-бірінің үйлерін аралап, марқұм болған ата-бабаларына құран бағыштап, ренжіскен жандар кешірім сұрасып, арқа-жарқа күй кешеді.

Екіншіден, мұсылмандар қонақтарға арнап дастархан жайғанда, бәрінен бұрын ішіп-жемнің адалдығына мән береді. «Бісмилләһи Аллаһу әкбар» деп Алланың атымен сойылған еттер, ұннан жасалған бауырсақ, шелпектер, қымыз, қымыран, құрт-май секілді ағарғанның түр-түрі қонақ алдына қойылады. Жеміс-жидек, көкөністердің де алуан түрі айттыққа әзірленеді. «Бүгін мереке ғой» деген сылтаумен жасалатын шектен шығушылықтардың ешбірі Құрбан айтында рұқсат берілмейді.

Үшіншіден, бұл күндердің ұлықтығы сол – мұнда адам баласы бір малды құрбан етіп, өз Жаратушы Иесіне жақындай түсуге мүмкіндік алады. «Құрбан» сөзінің араб тілінде «жақын болу», «жақындау» мағынасында келуі де осыны аңғартпай ма? Олай болса, құрбандық шалуды мал сою, қан шығарудан бұрын тап осы Аллаға жақындау тұрғысынан түсінген абзал.

Қасиетті Құран Кәрімде: «Аллаға қүрбанның еттері, қандары, әсте жетпейді. Бірақ сендердің тақуалықтарың жетеді», – деген аят бар («Хаж» сүресі, 37-аят)».

Міне, бұл аятта құлшылық ретінде сойылған құрбанның маңызды бір шарты шынайылық пен тақуалық екендігі ашық баяндалған. Олай болса, құрбандықтың мәні Алла жолына аталған малдың етінде де, қанында да, қалтамыздан шыққан ақшада да емес, оны шалушының тақуалық көрсетуінде. Тақуалық деген не? Тақуалық деп Алла Тағаланың әрбір бұйрығын шын ықыласпен орындап, ал тыйым салынған күнәлі істерден сақтанып жүруді айтамыз. Мысалы, оқу, білу, ғылым іздеу, намаз оқу, зекет беру, ата-анаға, туған-туыс, көрші-қолаңға жақсылық жасау, арлы, намысты болу, қайда жүрсек те Алланы еске алып жүру секілді Құранда айтылған барлық бұйрықтарды орындап жүру тақуалыққа жатады. Сол секілді  ұрлық, зорлық, қиянаттың түр-түрі, жетімді жылату, кісінің көңілін қалдыру, адам өміріне қол сұғу секілді түрлі-түрлі жамандық әдеттерді жасау түгіл, маңайына жоламау тақуалыққа жатады. Міне, осы тақуалық пендені Аллаға жақындатады. Аллаға құрбандықтың еті де, қаны да емес, адамның тақуалық жететіні аталмыш аятта келтірілді.

Сондықтан құрбандық ісінде бәрінен бұрын Алла разылығы деген ниет маңызды. «Раббың үшін намаз оқы, Құрбан шал!» деген аятта да құрбандықты өзге ниетпен емес, Раббымыздың разылығы үшін шалу бұйырылған. Ендеше, қалтамыздан ақша шығарып, мал шалсақ болды, сонымыз құрбандық болады деген ниет жеткіліксіз. «Құлшылықтың аздығын немесе көптігін емес, қабыл болуын ойла» деген нақыл сөздің бір мәні, міне осында.

Құрбан шалынып жатқанда көбірек айтылатын дұғаның бірі «Аллаһумма минкә уә ләке» – (Уа, Алла Тағалам, бұл мал Сенен келді, Саған барады) болуы тегін емес. Сондықтан бүкіл мал атаулыны толығымен Адам еркіне жығып берген Алла Тағалаға шүкіршілік жасауды осы күндерде әдеттегіден де көбейткен дұрыс.

Ал Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Кімде-кім мүмкіншілігі бола тұрып, құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!», – деген хадисі құрбан шалу мерзімін бейқамдықпен өткізіп алмауға үндейді, һәм сараңдық танытып, бұйрықты орындаудан бас тартудың күнә екенін білдіреді.

Ардақты Алла елшісінің (с.ғ.с.) осы сүннетіне ұқыптылықпен қарап, шын ризашылықпен дұрыс шалынған мал Алла Тағала назарына ілігуге, Оның разылығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Құран Кәрімде Адам (а.с.) атамыздың дәуірінде де құрбандықтың тек Алла разылығын іздейтін ықыласқа қарай қабыл болатыны туралы хабар бар. «Маида» сүресінде: «Оларға Адамның (а.с.) екі ұлының әңгімесін оқып бер: «Сол уақытта екеуі Аллаға жақындауға құрбан шалған еді. Сонда (ол) бірінен қабылданып, ал екіншісінен қабылданбады.» (Құрбаны қабыл болмағаны): «Әлбетте, мен сенді өлтіремін,» – деді. (Екіншісі): «Алла сөзсіз тақуалардың құрбанын қабыл етеді,» – деді. «Сен мені шын өлтіруге қол созсаң да, мен сені өлтіру үшін қол созбаспын. Күдіксіз, мен әлемдердің Раббы Алладан қорқамын!» делінген («Маида» сүресі, 27-28-аяттар). Раббымыз Құрбандықтың сонау ықылым заманнан келе жатқан құлшылық екендігін және оның қабыл болуы үшін тақуалық керектігін көрсетіп берді. Демек құрбандықты, ең алдымен, тақуалық пен ықыласпен безендіруіміз керек. Оны Алла тағаланың бізді көріп тұрғанын сезе отырып атқаруымыз ләзім.

Асылбек Әуезханұлы

Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ағымдар ақиқаты

Радикалды көзқарас – қоғам тұрақтылығына төнген қауіп

18.03.2026
Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді
Жаңалықтар

Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді

18.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Айнұр ӘБДІРӘСІЛҚЫЗЫ: Имандылық - әдебиеттің күретамыры

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121110 бөлісті
    Бөлісу 48444 Твитерге 30278
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Ағымдар ақиқаты

Радикалды көзқарас – қоғам тұрақтылығына төнген қауіп

18.03.2026
Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді
Жаңалықтар

Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді

18.03.2026
Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды
Жаңалықтар

Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды

18.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00