Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Құлпытас орнатудың әдебі мен тыйымдары қандай?

30.08.2014
- Сұрақ-жауап
0
542
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қабірді қоршау ең алдымен белгі үшін, екіншіден аяқ асты болмауы үшін, үшіншіден қабірді жан-жануарлардың таптамауы, жыртқыш аңдардың мәйітке зақым келтірмеуі үшін жасалады. Қабір басына құрылыс салуға қатысты исламда бірнеше түрлі пікір қалыптасып, әр мазхаб ғалымдары түрліше пәтуа берген. «Көпшілік қабірстанында құрылыс салуға болмайды, ал жеке қабірлерді қоршауға болады» деген пікір мен «кез келген қабір басында құрылыс жүргізуге болады» деген көзқарастар қатар өмір сүріп келеді. Кей ғалымдар белгілі діни тұлғалардың қабірі басына күмбез салуды тағылымды іс деп санаса, ендігі бір ислам ғұламалары ысырапшылдық пен сенімнің әлсіреуіне себеп болады деген пікірмен қабір басына қандай да бір құрылыс нысанын салуға үзілді-кесілді қарсы шығады. Олардың әрқайсысының өзіндік дәлелі, сүйенетін негіздері бар. Қабір басына құрылыс салу исламның алғашқы дәуірлерінен басталған. Көптеген белгілі дін ғалымдарының қабірі күмбезді кесенемен қоршалған. Пайғамбар қаласындағы «Жәннатул Бақида» жерленген саңлақ сахабалардың сәулетті сағаналары уаххабилік идеология күшіне енген ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін бой түзеп тұрды. Имам Абу Ханифа негізін қалаған ханафи мазхабы ғалымдарының пәтуасы бойынша қабірді кіндіктен жоғары етіп қоршауға, белгі қойып, жазу жазуға рұқсат етіледі. Ал күмбезді құрылыс салу мәселесін ханафи ғалымдары күнәлі іс деп санамайды, бірақ «тахриман (харамға жақын) мәкруһ» санатына қосады. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мазар мәдениетіне көз салсақ, айтылған қағидалардан алшақ кетпегенін, шариғатқа шалыс емес, салт-санаға тиімді тұстарын екшеп пайдаланғанын байқаймыз. Дін дүниесінде даңқы шыққан рухани ұстаздарының қабіріне ғана еңселі ғимарат орнатқан аталарымыз ел бастаған көсемі мен сөз бастаған шешенінің зиратын сән-салтанатсыз қоңырқай ғана күмбезбен қоршаған. Көпшілік қабірлер аяқ асты болмау үшін төбесі ашық төрт құлақ бейіт ретінде соғылған. Қазір де ел ішіндегі есті азаматтар бақилық болған жақындарына төрт құлақ бейіт тұрғызумен шектелуді жөн санайды. Қарапайым адамдардың қабірінің қоршауын қам кесектен тұрғызудың да өз қажеттілігі бар. Уақыт өтіп, марқұмның сүйегі қурап кеткен кезде қабір қоршауы да үгітіліп, жер молаға айналып жатса, одан жаңа жерленген мәйітке келгендей залал келе қоймайды. Дегенмен, «заманына қарай – амалы» демекші, қазір қабірді темір қоршаумен қоршап, жазулы құлпытас орнату үрдісі кең тарап отыр. Өз әдебінен аспаса, мұндай үрдістердің де жерлеу әдебіне, мазар мәдениетіне қайшылығы жоқ. Рас, өкінішке орай, ғасырлар бойы қалыптасқан мазар мәдениеті мен қабірстанның қастерлі қағидаларын ескерусіз қалдырып, қабір басына салтанатты құрылыс салуды мақтан көретіндер де көбейіп барады. Бірақ бұл даурықтыратындай дауасыз дерт емес, ауыл ақсақалдарының ақыл-кеңесімен, имамдарымыздың уағыз-насихатымен орны толатын олқылық.

Рамазан айы ең ұзақ уақыт ауыз бекітетін шілде айына қанша жылдан кейін келеді?

13.03.2026
Рекомендации паломникам, совершающим Хадж-2022

Қажылықта «лаббайка» деп жиі айтылатын қандай сөз?

11.03.2026
Таңбалар: Айнұр Әбдірәсілқызы
Бөлісу13Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Қазақ жерінде таралған исламның қандай ерекшеліктері бар?

05.11.2021
Сұрақ-жауап

«Аққастың» мағынасы не?

04.11.2021
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Захирия мәзһабы туралы не айтасыз?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120924 бөлісті
    Бөлісу 48370 Твитерге 30231
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1598 бөлісті
    Бөлісу 639 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Елімізде тіркелген діни бірлестіктер (2025 жылдың 4-тоқсаны)
Инфографика

Елімізде тіркелген діни бірлестіктер (2025 жылдың 4-тоқсаны)

16.03.2026
Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы
Қоғам

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

16.03.2026
Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді
Жаңалықтар

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді

15.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00