Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ғұлама ғалым Мәшһүр Жүсіп кесенесі

27.08.2014
- Қоғам
0
397
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Халқымыздың болашағын болжаған дала данасы Асан қайғы бабамыз Баянауыл тауларын көргенде: «Ат ерін алмайтын жер екен. Бір түней кетемін деген адам бір жұма тоқтап қалады», – деген екен. Расында да, жері қасиет пен құдіретке тұнған бұл мекенге келіп, тәу етпеген қазақ жоқ шығар, сірә… 

Көне түркі дәстүрі бойынша жасалған кесене жобасын дайындауға С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік универ­си­тетінің мамандары мұрындық болған. Сол кезде қазіргі облыс басшысы Ерлан Арын басқарған университет ғалымдары қолға алған жоба ежелгі түркі тайпалары­ның сәулет ерекшелігі, ислам дінінің өзін­дік өрнектерімен ерекшеленеді. Кесене зиратхана және көрхана атты екі бөліктен тұрады. Көрханада әулие бабамыздың жатқан жері, сандықтасы, құл­пытасы қойы­­лып, шамшырағы орнатылған. Әрбір бө­ліктің көлемі – 8/8 шаршы метр, ал кесе­ненің биіктігі 14 метр болады. Сал­ма­ғы 9,5 тонна бо­латын құлпытасы мен сан­дықтасы мәрмәр тастан жасалған. Айшық темірлері әрленіп, алтынмен жалатылған. Кесененің кіре­берісінде Құраннан аяттар жазылған.

http://www.alashainasy.kz/society/35723/

Мәшһүр Жүсіп Көпеев – ақын, қазақ ауыз әдебиетін жинауда зор еңбек еткен оқымысты, әдебиетші. Оны қазақтар, әсіресе, арқалық ағайындар белгілі дәрежеде әулие тұтады. Тұтса тұтқандай да. Көзінің тірісінде туған-туысқандарын, жақын-жұраттарын жинап алып, өзіне-өзі ас берген бірден-бір қазақ, меніңше, осы, Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Жасарын жасап, асарын асап тірлік дәмін біраз таттым ғой дегендей ақын атамыз жетпіс екіге келген соң көктемнің көрікті бір күндерінде елдің басын косып, сонда өзі сөйлейді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мынау: «Уа, халайық, мен бүгінде жетпістің екеуіндемін, қазір мен балталаса да өлмеймін. Ал келер жылы пайғамбардың өзі арнайы келіп қалқаласа да тірі қала алмаймын! Бұл менің асым. Амандық болса, бір жыл өткен соң дүние саламын!» – дейді. Жұрт не дерін білмей, тарап кетеді. Сонымен сол жазда Мәшһүр Жүсіп жарықтық кесенесін тұрғызады. Асты – кең көр, өзінің о дүниелік орны. Екінші қабатында, едені тақтайланған әп-әдемі бөлмеде жалған дүниеге лайық жиһаз-мүлік. Кітапханасын да сонда көшіріп әкелген. Бір жылың да өтеді. Кешегі асына шақырылған ағайындарға Мәшһүр Жүсіп қайтыс болды деген хабар да жетеді. Ел-жұрты жиналып, арулап көмеді. Көміп қана қоймайды, өзінің айтып кеткен ақыл-кеңестері бойынша бальзамдайды. Кейін бұл жер кішкене Меккеге айналады. Жұрт сонда келіп құран оқиды, мінәжат қылады, жаратқаннан перзент тілейді. Әсіресе ауру-сырқаулар, мүгедектер үлкен сеніммен барады. Ал Кеңес өкіметі ондай оғаш әрекетті ұната қоймайтын… Шыдамы таусылған облыстық партия комитетінің бір хатшысы аудандық партия комитетінің бір басшысына телефон соғып, Мәшһүр Жүсіптің кесенесін құрту жөнінде нұсқау береді. Аудан басшысы бұл шаруаны милицияға тапсырады. Бірақ бұйрықты беру бар да орындату бар ғой. Ал орындау әрқашанда қиындау. Карапайым халық әулие тұтқан аруағына қол көтеруші ме еді?! Көтермейді! Қазақ атаулы ат-тондарын ала қашады. Амалдары таусылған милиция жергілікті жұрттың тарихымен, әдеп-ғұрпымен мүлдем таныс емес бір келімсек тракторшыға ақшасы мен арағын қоса беріп өтініш жасайды. Басы ауырғанда Мәскеуді өртеп жіберуге дайын жүретін ағайын бірден көне кетеді. Ағаштан қиып тұрғызған шағын кесене трактордың тегеурінін қайдан көтерсін, қисайып барып құлайды. Жұрттың айтуы бойынша, содан кейін әлгі тәуекелшіл тракторшы жынданып ауырады. Оған тапсырыс берген милиция бастығының аузы қисайып кетеді.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

 

 

 

Таңбалар: «Мәшһүр Жүсіп»қазақ жеріндегі Ислам
Бөлісу10Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мәшһүр Жүсіп ұстаған Құран
Жаңалықтар

Мәшһүр Жүсіп ұстаған Құран

04.10.2023
Қоғам

Қожа Ахмет Иассауи кесенесі

29.09.2014
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Серікбай қажы ОРАЗ: Ата заң һәм мұсылманның мұраты

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00