Жұма, 27 Ақпан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тұрар ӘБУОВ: Шет елде оқу мәселе емес, мәселе – кімнің оқығанында

18.07.2014
- Сұхбат
0
173
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 18 шілде. E-ISLAM.KZ – Құрылғанына жыл тола қоймаса да, Қызылорда облысы Дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығы талай шаруа тындырып үлгерді. Халықтың әртүрлі топтарымен кездесіп, дәстүрлі емес және деструктивті діни ұйымдардың қоғамға зияны туралы айтумен келеді. Қала және аудан әкімдіктері жанындағы терроризмге қарсы комиссия аппаратының мүшелеріне тоқсан сайын семинар өтіп тұрады. «Жыл басынан бері облыс орталығында жүзден астам шара ұйымдастырылып, оларға 5 мыңнан астам адам қатысты. Біз осылайша дәстүрлі рухани-діни құндылықтарды насихаттауға тырысамыз», – дейді орталық директоры, дінтанушы Тұрар Әбуов. 

    – Қасиетті Рамазан айы құтты болсын, аға! Біреулер «ораза ұстаған адам намаз оқу керек» деп жатады. Осы дұрыс па өзі?

     – Кейбір көзқарастар бойынша ораза жеке діни парыз болғандықтан намаз оқымағандардың оразасы есептеледі. Бірақ намазды тәрк еткендері үшін өздері жауап береді. Қазір намаз оқып жүргендердің көбі құлшылықты оразадан бастаған. Сонымен бірге ораза ұстаған адамның амалы оны ұстауға шамасы келе тұрып, қасақана ауыз ашып жүргеннен абзалырақ. Алайда ол келешекте намаз оқуға ниет етіп, оны тезірек меңгеріп алғаны жөн. 

    – Қоғамда титімдей жақсылығын айтып, дабыра қылатындар көп. Рамазан айында кейбіреулердің тіпті ауызашар жасағанына дейін «жарнама». Қазақ «істеген жақсылығыңды судағы балық білсін» деуші…

Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Кез келген қазақтың негізінде ақындық бар

Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Кез келген қазақтың негізінде ақындық бар

27.02.2026
Кенжетай БАЙКЕМЕЛҰЛЫ: Ораза – адамның рухын тазартатын құлшылық

Кенжетай БАЙКЕМЕЛҰЛЫ: Ораза – адамның рухын тазартатын құлшылық

24.02.2026

     – Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көптеген хадистерде ауызашар беруге қызықтырып, ауыз аштырған адамға ораза ұстағанның сауабындай сауап жазылатынын уәде еткен. Ал ауызашар бергенін «жарнамалау» мәселесі адамның ниеті, көздеген мақсатымен байланысты. Бір адамның жасаған ауызашары басқаларға да түрткі болуы мүмкін. Исламда жақсылық жасауда жарысу деген ұғым бар. Сондықтан ауыз аштырушының ниеті түзу болып, оны Алла ризалығы үшін жасаса, нұр үстіне нұр. Ал мақтану үшін ауыз аштырса, онда күнә екені айтпаса да түсінікті.

     – Талас-тартысқа толы хиджаб тақырыбына қандай пәтуа айтуға болады? Қысқа шалбар киіп, шоқша сақал қойғандардан да қорқатын болдық қой қазір. Олардың көксегені не?

     – Мұсылман әйелдер әуретін жабатын кең киім киюге міндетті. Алланың парызы болғандықтан, бұл – талқыланбайтын мәселе. Сонымен бірге әйелдердің де бетін жауып, тұмшаланып, Араб еліне немесе Пәкістанға еліктеуі де дұрыс емес. Дұрысы ұлттық үлгіде, шариғат талаптарына сәйкес киінуі. Өкінішке орай кейбір бауырларымыз жан дүниесі, жүрек тазалығынан гөрі сыртқы көрініске көбірек мән береді. Нәтижесінде әдеп, ахлақ сынды рухани қасиеттері кенжелеп қалады. Онсыз да дінді түсіне алмай жүргендерге діндарларымыздың кейбір «қылықтары» кәдімгідей салмақ түсіреді. Қорқыныш та, түсінбеушілік те осы себептен болса керек. Қысқа белдемше киген қыздардың барлығы жеңіл жүрісті деп айта алмаймыз ғой. Сол сияқты орамал таққанның барлығын өзге ағымның мүшесі деп айту тағы әбестік.

    – Сіз басқаратын орталық мамандары Шәкәрім айтқан «шатақ діндердің» елге зияны туралы бір кісідей-ақ айтып келеді. Олар төрімізге озғалы қашан бірақ. Исламның өзі қырық бөлінді. Ақ пен қараны қалай ажыратамыз сонда? 

     – Өкінішке орай тәуелсіздігіміздің алғашқы жиырма жылында жат ағымдардың елімізге дендеп еніп, таралуына жағдай жасап, оларды қолдамасақ та, жұмыс істеп, күшеюіне кедергі бола алмадық. Мұның көптеген себептері бар. Дегенмен, дін істері агенттігі құрылғалы бері діни ахуал біршама түзеліп қалды. Атқарылған жұмыстар аз емес. Ал ақ пен қараны, шындық пен жалғанды ажырату үшін елімізде дәстүрлі дінімізді насихаттаушы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бағытын негізге алу керек. Бұл талас-тартыстың алдын алу және ауызбіршіліктің кепілі деп үміт етеміз. 

    – Дін қызметкерлерінің шет елдерде оқуына қалай қарайсыз? Қанша дегенмен, әр елдің салты басқа ғой…

     – Бабаларымыз қанша діндар болса да, күрделі білімдерді сырттан, нақтырақ айтсақ, Бұқара, Хиуа жақтардан алып қайтатын. Діни мәртебеге ие болу үшін оқуды Бұқарада тәмамдау керек еді. Бұқарада оқу бітірген ахун, ишандарымыздың елге әсері де, ықпалы да өте жоғары болатын. Шет елде білім алудың адам дүниетанымының қалыптасуына көптеген пайдасы бар болса да, қазіргі таңда шет елге барып, діни білім алу тәртібі реттелмегендіктен, кейбір жастарымыздың пайдасынан зияны көбірек болды. Ал басқа жағынан алып қарасақ, мүфтиятта отырғандардың көбі, мүфтиден бастап шет елде оқып келген. Басқа мемлекетте оқу мәселе емес. Мәселе – кімнің оқығанында. Сондықтан мектепті енді бітіріп, ұлттық дүниетанымы қалыптаспаған жастарымызды оқуға жіберу сау басымызға сақина тілеумен бірдей. Олардың қайтып келуі, келген жағдайда елге сіңісуі екіталай. Демек, шет елде оқитындардың елімізде діни білімді меңгерген, отаншыл, қазаққа жанашыр жастар болғаны жөн. 

    – Әлемдік сарапшылар ислам іліміне реформа керектігін айтып жүр. Бұған не дейсіз?

     – Шынымды айтсам, қай реформаны меңзеп отырғаныңызды түсібедім. Бірақ елдің реформадан шаршағаны жасырын емес. Ислам діні – қиямет-қайымға дейін барлық елдерді мекендеген ұлттарға барлық уақытта ұстауға жарамды дін. Реформа жаңалық енгізу, бір нәрсені өзгерту емес пе?! Егер дін Құран мен сүннетке негізделіп, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі жолмен насихатталса, ешқандай реформаның қажеті жоқ. Елдің дәстүрлі дініне қайтуын реформа деп айтпайды. Әлемді жаулаған исламофобия да осындай «реформалардың» сәтсіз жемісі болса керек.

    – Имамдардың діни сауаттылығына дауымыз жоқ. Ал интернетті меңгеру, көшке ілесу деңгейі қалай?

     – Имам жамағатының көш басшысы болу керек. Жамағатқа сөзі өтетін, ықпалы мен беделі бар тұлға болу керек. Одан бұрын тақуалығы мен діндарлығы болса, өз ісіне зор жауапкершілікпен қарары сөзсіз. Әрі діни білімінен бөлек психология, педагогика және басқа да салаларды меңгергені абзал. Сол кезде ол адамдардың рухани басшысына айналып, олардың түзелуіне, жақсаруына себепші бола алады. Бұлай болмаған жағдайда діни рәсімдерден нәпақасын тауып отырған қатардағы молда болып жүре береді.

    – Тұшымды ойларыңызға алғыс айтамын. 

     Сұхбаттасқан Назерке САНИЯЗОВА

 

 

 

Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Кез келген қазақтың негізінде ақындық бар
Сұхбат

Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Кез келген қазақтың негізінде ақындық бар

27.02.2026
2003-2026 жылдар аралығындағы Қазақстандағы діни күндер
Инфографика

2003-2026 жылдар аралығындағы Қазақстандағы діни күндер

27.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

АТА-АНАЛАРЫҢА МЕЙІРІМДІ БОЛЫҢДАР

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    119759 бөлісті
    Бөлісу 47904 Твитерге 29940

Соңғы жарияланымдар

Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Кез келген қазақтың негізінде ақындық бар
Сұхбат

Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Кез келген қазақтың негізінде ақындық бар

27.02.2026
2003-2026 жылдар аралығындағы Қазақстандағы діни күндер
Инфографика

2003-2026 жылдар аралығындағы Қазақстандағы діни күндер

27.02.2026
Ислам

Соңғы 23 жылда ораза уақыты қалай өзгерді?

27.02.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00