Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дәстүрлі емес діни ағымдардан жапа шеккендерге насихат

11.05.2014
- Ағымдар ақиқаты
0
336
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Елбасымыз өз жолдауында: «ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін» атты тақырыбында: «Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр. Жастарымыздың бір бөлігі осы жат жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені, біздің қоғамның шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз» деп, қоғамда болып жатқан келеңсіз жағдайлардың себебі халқымыздың теріс ағымдарға қарсы иммунитетінің жоқтығын айтқандығы баршамызға мәлім. Тарихқа көз жүгіртер болсақ ислам әлемінің дұшпандары мұсылмандарды майданда жеңе алмаған соң оларды әл¬сірету үшін түрлі теріс ағымдарды қолдан жасап, мұсылман жамағатын дүрдараз етіп, ынтымақ пен бірлікті ыдыратып, мемлекеттерін әлсірету үшін қитұрқы әрекеттерге барғаны белгілі.

Қазіргі таңда дүние жүзінде көпдінділік құбылысы белең алып, олардың уақыт өткен сайын дамуы, қанат жаюы және бет-бейнелерінің заман ағымына сай үнемі өзгеріске түсіп отыруы, іштей бөлшектенуі немесе бірігу процестері орын алуда. Өз кезегінде, аталмыш құбылыс халықаралық қарым-қатынастардың күрделенуіне, тіпті қарулы қақтығыстар мен қантөгістерге әкеліп соқтыруда. Еліміздегі діни ағымдардың алшаң басып жүрулеріне келсек, қазақ жерінің көптеген аймағы оның ішінде белгілі бір аймақтары дәстүрлі емес діни ағымдардың шырмауында қалғанын аңғарамыз. Осы мәселелерді шешу әруақытта адамның діни сенім бостандығы құқын қамтамасыз ететін мәселелермен ажырамастай байланыста болуы керек екенін ескерген абзал. Бұл мәселе күн сайын ішкі саясатта да, сондай-ақ мемлекетаралық қатынаста да ерекше маңызға ие болып отыр.

Жауыннан кейінгі жапырлай шыққан саңырауқұлақтай саны күннен-күнге көбейген діни бірлестіктердің жұмысын мемлекетіміз заң қабылдап бір ізге түсіріп берді. Деструктивті діни ағымдардан сақтанудың жолдарын күнделікті БАҚ құралдарынан естіп біліп оқып жатамыз, имам молдаларымыз айтудай ақ айтуда. Ендігі теріс пиғылды діни топтардан сақтануға арналған сүзгі әрқайсымыздың ішімізде болуға тиісті. Біз мысалға келтірген дәстүрлі емес діни ағымдардың көздеген мақсаты — үкімет билігіне көз жеткізу және халық арасында өз діндерінің үстемдігін орнату. Осы мақсатта олар жеке адамдардың діни наным-сеніміне нұқсан келтіріп, көпте ген отбасыларға іріткі салады. Адамдардың өзіндік пікірін жоғалтып, тобырға айналдыруға тырысады. Түптеп келгенде бұл тұтас мемлекет пен халықтың тұрақтылығына қауіп төндіретін құбылыс екендігін естен шығармаған жөн. 

«Иманы берік елді, жау алмайды» – деген. Кешегі атеисттік қоғам қалыптастырған қылышынан қан тамған қызыл империяның құлауынан кейін адамдар қандай да бір сенімге табан тіреуі керек болды. Қандай сенім түрі болса да. Сол себепті көптеген адамдар әртүрлі дәстүрден тысқары діни бірлестіктермен, діни культтердің ортасынан бір-ақ шықты. Өздерінің өзекті проблемаларын солар шешеді деп ойлады. Мұның бәрі өтпелі кезеңдегі тұрақсыздықтың, ертеңгі күнге деген сенімсіздіктің жағдайында пайда болды. Өз кезегінде дәстүрден тысқары діни бірлестіктердің белсенділігі мен ауқымдылығы көптеген әлеуметтік-психологиялық проблемалардың туындауына әкелді. Сол сияқты, дәстүрден тысқары діни бірлестіктер тұтас алғанда, азаматтардың өмірі мен денсаулығына және қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Көптеген дәстүрден тысқары діни ұйымдар өз ізбасарларына психикалық террор қолданатындығы да белгілі болды.

Жат діни ағымдардың қоғамға қаупі

Жат ағымның зардабы – қоғамға төнген қатер

24.11.2025
Жат ағымға тән негізгі белгілер

Деструктивті діни ағымдардың зардабы

18.11.2025

Біздің қазақта «адасқанның алды жөн, арты соқпақ» деген нақыл бар. Елдегі біраз жастардың адасып, теріс ағымның соңына ілініп, жиһадшылап кетуі – бұл бүкіл қоғамның кінәсі, қоғамның дерті. Қай заманда болсын қазақ халқының жер бетінен жоғалып кетпей, жоралы жұрт болып қалыптасуының негізгі факторы – діні мен дәстүрі болды. Дәстүріңді баққаның – үмітіңді жаққаның. Салт-дәстүріне, ұлттық ерекшеліктеріне ерекше мән берген елдің іргесі берік, келешегі кемел. Асыл дініміз Исламнан бастау алған салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз – ұлтымызды өзгелерден ерекшелейтін құндылықтар. Бабаларымыздың сан ғасырлардан бергі ұстанған діни жолынан ауытқымай дәстүрлі емес діни ағымның жетегіне ермей бірлігімізді сақтайтын болсақ нұр үстіне нұр болар еді. 

«Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Айбек Асқарбекұлы

 

 

 

Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Этномәдени білім мен тәрбие – қоғамдық қажеттілік.

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00