Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бәйдібек ата кесенесі

05.05.2014
- Қоғам
0
621
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бәйдібек  кесенесі,  Қасиетті  бес  ана  –  тарихи  ескерткіштер  кешенінің  құрамдас  бөлігі.  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  Бәйдібек  ауданы  Бәйдібек  ата  ауылының  аймағында  орналасқан.

Бәйдібек  Қарашаұлының  Қарахан  дәуірі  үлгісіндегі  Балабөген  өзеннің  биік  жағасында  ежелден  сақталған  көне  мазар  күмбезі  болған.  Ескі  мазар  күмбез  замана  толқынымен  қаншама  рет  бұзылып,  қайта  тұрғызылып  келді.

«Бәйдібек-Сыланды»  қайырымдық  қорының  (президенті  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері,  жазушы  Е.Тұрысов)  ұйымдастыруымен  1996-1998  жылдар  аралығында  Бәйдібек  ата  мен  қасиетті  бес  ана  –  Марау  (Сары  бәйбіше),  Зеріп,  Жұпар,  Қарашаш,  Сыландының  мазар  кесенелерінің  орнына  шығыс  сәулет  өнерінің  үлгісінде  орнатылған.  Бас  сәулетшісі  –  Ғабит  Сұлтанғалиұлы  Садырбаев.

Бәйдібек  кесенесі  құрылысына  Орта  Азия  мен  Оңтүстік  Қазақстанда  өндірілетін  таңдаулы  құрылыс  материалдары  –  Ташкент  зауыттарының  арнаулы  сары  кірпіші,  Нұратаның  ақшыл  мәрмәрі,  Тараз  бен  Қаратаудың  қызыл  граниттері,  Қошқарата  қатпарлы  тау  жыныстарының  тақтатастары  пайдаланылған.  Бәйдібек  ата  кесенесін  салуға  Самарқанд,  Ташкент,  Сайрам,  Шымкент  шеберлері  қатысқан.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Бәйдібек  кесенесінің  күмбезбен  көмкерілген  ғибадат  бөлмесіне  Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  ұлы  баба  рухына  арнап,  салмағы  6  тонна  бесік  мүсінді  ақ  мәрмәр  құлпытас  қойған.

Бәйдібек  баба  1356-1419  жылдары  Шығыс  Қаратау  өлкесінде  өмір  сүріп,  осы  ауданның  қазіргі  Бәйдібек  ата  елді  мекені  жерінде  дүниеден  өткен.  Сүйегі  Балабөген  өзенінің  жағасында  жерленген.  Бәйдібек  Қарашаұлының  өмірі,  заманы,  өскен  ортасы  жайлы  тарихи  деректемелер  негізгі  Қазақ  елінің  шежіресі,  ел  ішінде  сақталған  аңыз-әңгіме  және  әйгілі  Шығыс  зерттеушісі  ғалым-этнограф  Николай  Аристов,  Шоқан  Уәлиханов  жазбалары  арқылы  баяндалады.  Өз  заманында  көшпелі  елдің  басын  біріктіріп,  елді,  жерді  сыртқы  жау  шапқыншылығынан  қорғауды  ұйымдастырушы  және  бастаушы,  ақылшы,  қолбасшы  ретінде  көрінетін  аса  ірі  тарихи  тұлға  болған.

Бәйдібек  бүгіндері  қиыр  шеті  Алтай,  Шәуешек,  көршілес  Қытай  халық  республикасының  Шыңжаң  өлкесімен  бірге  республикамыздың  Алматы,  Жамбыл  облыстары,  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  Түлкібас,  Төлеби,  Сайрам,  Бәйдібек,  Ордабасы  аудандарын  мекендеген  ежелгі  Албан,  Суан,  Дулат,  Сарыүйсін,  Шапырашты,  Ысты,  Ошақты  ру  тайпаларының  түпкі  аталары.

Дерек  көзі:Қазақстан  ұлттық  энциклопедиясы,  2  том

 

 

 

 

Таңбалар: қазақ жеріндегі ескерткіштер
Бөлісу15Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қоғам

Абайдың Жидебайдағы қорық-мұражайы

10.12.2014
Қоғам

Домалақ ана кесенесі

27.10.2014
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Дәстүрлі емес діни ағымдардан жапа шеккендерге насихат

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00