Бейсенбі, 19 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Адам өмірге не үшін келеді?

08.01.2014
- Қоғам
0
757
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

 

Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ

 

Өмір өзендей аққан бойы өтіп жатыр. Үйреншікті күн арайлап атып, алаулап батуда. Адамдардың көбі пәни дүниенің қамын жеп, өздерінің мына дүниеге қайдан, не үшін келгендерін, қайда баратындарын ұмытқан. Бәрі сағым қуғандай бір арманнан екінші бір арманның, бір белестен екінші белестің ізіне түсуде. Біріне енді жеттім дегенде, екіншісі анау жақтан мен мұндалап тұрады. Бірақ адам бәрібір тоймайды, бәрібір қанағаттанбайды. Енді асыл арманыма, аңсаған мақсат-мұратыма жеттім дегенде, өлім оны өкшелеп жетеді. Сөйтіп, адам мына пәнидің алдамшы қызылына қызығып, қайран бір ғұмырды жоқ етеді.

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026

Бұл күнде адамдар өмірдегі өзіне жүктелген міндетін орындау үшін тамақ ішпейді, керісінше, тамақ ішу үшін өмір сүреді. Яғни, өмірдегі мақсаты – қарын тойдыру. Ойланғанға екеуі екі бөлек. Тамақты мақсат ететіндей ғаламдағы ең саналы жаратылыс – адамның осындай мағынасыз жаратылғаны ма? Сонда адамның құрсағын тойдыруы үшін мектепте он бір жыл, университетте бес-алты жыл оқып, сол бір қарнының қамы үшін өтірік пен өсек айтып, басқаны қызғанғаны ма? Сол үшін қан төгіп, жауласқаны ма? Сонда адам бар ғұмырын құрсақтың қамы үшін арнайтындай осыншама төмен деңгейге түскені ғой… Жо-жооқ, әлемдегі ең саналы, ең кемел жаратылыстың әсте мұндай төмен болуы мүмкін емес. Мал екеш малдың өзін алып қарасақ, әрқайсысының белгілі бір мақсат үшін жаратылған көреміз. Қорадағы мөңіреген сиырдың да өзіндік міндеті бар. Таңертең өріске барып, кеш ауа желінін сыздата аппақ сүт әкеледі. Кім үшін? Адам үшін. Ара да таңның атысы, кештің батысымен мыңдаған гүлдерге қонып жүріп, кешке улы денесінен шипасы мол бал тарту етеді. Демек, бұл өмірдегі әрбір жаратылыс иесінің өзіндік міндеті бар. Олар саналы болмаған күннің өзінде сол міндетін мүлтіксіз орындауда. Ал, ең көркем жаратылыс иесі адамның міндеті не? Ол сиыр, ара сияқты денесінен басқаға пайдалы бір нәрсе шығара ма?

Иә, ең көркем жаратылыс иесі адамның да өз санасы мен абырой-дәрежесіне қарай өзіндік үлкен міндеті болға тиіс. Егер адамның да өзіндік орны мен міндеті болмаса, онда оның кім болғаны? Жай ғана асхана мен дәретхананың ортасында жүріп, ас қорытып шығарудан аспайтын жанды аппарат болғаны ма?! Жо-жооқ, әсте олай емес! Ең кемел жаратылыс иесі адамның өзіне тән жоғары міндеті бар. Ол міндет – бәрінен де жоғары, аса абыройлы міндет.

Ол – өзін жоқтан бар еткен құдіреті шексіз Ұлы Жаратушыны тану. Ол − күллі жаратылыс атаулының бойынан Алла Тағаланың тіл жетпес шеберлігі мен ұлылығын көріп, Оның құдырет-күшінің алдында таңғала бас иіп, құлшылық жасау.
Ол – өзіне тегін берілген сансыз жақсылық, нығметтер үшін Ұлы жаратушы Иеге алғыс-рахметін білдіріп, Оның алдында мәңгілік қарыздар екенін сезіну.

Бұған қоса табиғатындағы қызғану, сабырсыздық, жалқаулық, қанағатсыздық сияқты жаман қылықтардан арылып, бойындағы асыл қасиеттерді шыңдап, сан алуан сезімдерін кемелдендіріп, әр түрлі қабілеттерін жетілдіру арқылы «кәміл адам» тұғырына көтерілу. Сөйтіп, «кәміл адам» күйінде о бастағы асыл мекені – Жәннатқа оралу. Хақ Тағаланың ризашылығына бөленіп, ондағы мәңгілік бақытқа, бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген, ақыл ойлап елестете алмаған Ұлы Жаратушысының өлшеусіз ғажайып сый-сияпатына қауышу һәм бұның бәрінен де қымбаты − Жұмақта Алла Тағаланың аса көркем дидарын тамашалап шексіз ләззатқа кенелу.

Дереккөз

 

Бөлісу18Твитерге11Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ағымдар ақиқаты

Радикалды көзқарас – қоғам тұрақтылығына төнген қауіп

18.03.2026
Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді
Жаңалықтар

Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді

18.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Діни басқарманың бір жыныстыларға қатысты берген үкімі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121141 бөлісті
    Бөлісу 48456 Твитерге 30285
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Ағымдар ақиқаты

Радикалды көзқарас – қоғам тұрақтылығына төнген қауіп

18.03.2026
Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді
Жаңалықтар

Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді

18.03.2026
Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды
Жаңалықтар

Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды

18.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00