Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын
Бүкіл әлемдердің Раббысы болған Аллаһ Тағалаға мадақ болсын әрі Пайғамбарымыз Мұхаммедке,оның сахабаларына және ізбасарларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.
Бүгінгі лекцияның тақырыбы Такфиризм және ислам дінінің кеңшілігі әрі осы төңіректегі қате пікірлерді түзеужайлы болмақ. Бұл тақырыпта оның мән мағынасы, такфиризмнің қоғамға әрі жеке адамға қатері, және оны емдеу жолдарына тоқталамыз. Жергілікті тұрғындарға лайықты болу үшін қысқа әрі жеңіл түрде айтуға тырысам.
Бұл еңбегімде ешбір кемшілік жоқ деп айтпаймын, себебі кемелдік тек Аллаһқа тән, қателіктен тек пайғамбарлар мен елшілер ғана аман, ал адам баласы қателесуші. Бұл тақырып жайында маған дейін де еңбектер жазылған,сондықтан олардан артық ешнәрсе жазған емеспін. Шынында біз қандай еңбек жазсақ та,ғалымдарымыздың кітаптарында бұл жайлы сөз қозғалғанын көреміз. Аллаһ Тағала ғұламаларымыз бен имамдарымызға сауаптан жазып, қате кемшіліктерін кешірсін.
Аллаһ Тағала осы амалдарымызды қабыл етіп, уақыттарымызды пайдалы қылғай.
Расында жаман ой күпірлікке, ал күпірлік күнаға алып барады.
Өкінішке орай ислам дұшпандары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қарапайым халыққа ислам дінін адам өлтіруге, жер бетінде бұзақылық жасауға, ұрлыққа, шақыратын, артта қалып қойған, жүйесіз бір дін деп көрсетуде. Алайда бұл ислам кез келген заманға, кез келген қоғамға жарайтын, өркениетке, көркем -мінезге , тазалық пен мейірімділікке, дұрыс сенімге әрі бақытқа шақыратын дін. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде: «Кімде -кім Аллаһтан басқа Тәңір жоқ және Мұхаммед оның елшісі деп шын жүрегімен айтса жәннатқа кіреді» деген.
Кәлима шәхәданы айтқан мұсылман адамды күпірлікке шығару бұл білімсіз,надан адамның, немесе өзгелерге қызғанышпен қарайтын адамның, немесе дүниелік бір мақсаты бар, немесе басқалардан ерекшеленгісі келетін адамның ісі болып табылады. Аллаһ Тағала қиямет күні неге пәленшені күпірлікке шығармадың деп сұрамайды, алайда біреу мұсылман адамды күпірлікке шығарса сол сұраққа тартылады. Себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мұндай амалдардан тыйған.Ибн Омардан Муслим жеткізген хадисте Аллаһ елшісі: «Кімде- кім өз бауырын күпірлікке шығарса бұл үкім екеуінің біреуіне тиесілі болады.»
Тағы бір сөзінде: «Бір мұсылман басқа бір мұсылманды пасықтыққа не күпірлікке шығармасын,егер ол ондай болмай шықса айтылған сөз өзіне қайтады.» Ибн Асакир осы хадиске байланысты: Мұсылман адамды күпірлікке шығару тиым салынады, ал кім мұсылманды кәпір десе онда ол Пайғамбарға қарсы шыққаны деді. Имам Тахауи: Құбыламыз бір болған адамды күнәсі себепті күпірлікке шығармаймыз деді,тағы бір сөзінде: Намамзды ізгі адамның да пасық адамның да артынан оқимыз, әрі ол екуіне де жаназа намазын оқимыз деді.
Хаммад ибн Абу ханифаның Омар деген баласы мына бір оқиғаны келтіреді:Бір күні Мәлик ибн Әнәсті кезіктірдім,ол кісіден біраз білім алдым,кейін қоштасар алдын оған қарап Сізге Абу Ханифа жайлы оның дұшпандары жалған әңгімелер жеткізді деп сескенем,алайда мен сізге ол кісінің артықшылықтарын айтсам деп едім.Егер сіз мен айтқандардан да артығын білген болсаңыз маған айтарсыз дедім.Имам маған айт,сені тыңдайын деді.Абу ханифа ешбір мұсылманды күнәсі себепті күпірлікке шығармайтын.Ол маған Абу Ханифа дұрыс айтты деді.Абу ханифа бұдан да артығын айтқан.Бір адам арсыздық жасаған болса күпірлікке шығармады, Ол маған дұрыс айтты деді.Тіпті Абу Ханифа бұдан да артығын айтқан.Бір адам әдейі басқа бір адамды өлтіретін болса да күпірлікке шығармады деді.Міне осы Абу Ханифаның сөздері,егер саған біреу осы сөздерге қарсы келетін сөздер айтса оны шындыққа шығарма дедім.
Осы мәселеге қатысты ескертулер:
Күпірлікке шығару ол халал, харам үкімдері сияқты Аллаһ пен Оның елшісі белгілейтін шариғи үкім.Күпірлік сөзін айтқан немесе күпірлік амалын жасаған кез келген адам кәпір болып,діннен шықпайды.Жоғарыда айтқанымыздай күпірлікке шығару Аллаһ пен оның елшісінің белгілейтін үкімі болғандықтан Құран сүннетте анық келген дәлелге сүйене отырып қана күпірлікке шығарылады. Сондықтан күмәнді дәлелдерге сүйеніп үкім берілмейді.Қылмыс жазалардың өзіне анық емес дәлелге сүйеніп үкім беру тыйым салынған болса,бұндай дәлелдерге сүйеніп күпірлікке шығару әсте болмайды.
Құран сүннетке сүйеніп белгілі бір сөзді не амалды не сенімді күпірлік деп білгенмен бір адам осы күпірлікпен сипатталса да, кедергі себептерге байланысты оны күпірлікке шығармаймыз. Бұл үкім басқа үкімдер сияқты арнайы себептер мен шарттарды қажет етеді. Мысалы мирас мәселесінде баласы әкесінен мирасқор болып есептелгенімен баласы мұсылман болмаса бұл себеп оны мирасқор болудан тосады. Кейде мұсылман қатты қуанғанынан немесе қатты ашуы себепті күпір сөзі аузынан шығуы мүмкін.Бұл жағдайда ниеті күпір сөзі болмағандықтан ол адам кәпір болмайды.Бір адам қатты қуанғанынан қателесіп :Иә Аллаһым сен менің құлымсың, мен сенің Раббыңмын деген.
Бір адамды күпірлікке шығарса ол адамның жаны, дүниесі адал болады,мирасқор бола амайды, некесі бұзылады.осындай істерді қалайша күмәнді дәлелдерге сүйеніп атқара аламыз. Ал күпірлікті үкімет басшыларына тиесілі ету оданда қатерлі.Өйткені ол адамдарды күпірлікке шығарса бұл үкім көтеріліске, қару көтеруге, қан төгіске, жүйесіздікке,елдің бүлінуіне алып соғады. Сол себепті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) үкіметке қарсы шығудан тыйған.
Бір хадисінде : Анық күпірлікті көрмейінше,әрі оның күпірлік екеніне Аллаһтан дәлел болмайынша деп ескерткен. Бұл хадистен түсінетініміз біріншіден: Көрмейінше деді,яғни анық емес,күмәнді ойлар болмау керек,екіншіден: анық күпірлік болу керек, пасықтық, зұлымдық,құмар ойындар, харам істер емес.Үшіншіден:Анық деді, яғни анық емес болмау керек.Төртіншіден: анық дәлел болмайынша деді, яғни дәлел әлсіз болмау керек. Бесіншіден: Аллаһтан дәлел деді, яғни қандай ұлы ғалым болсын, оның сөзі құран сүннетке сәйкес келмейінше алынбайды.
Осындай қате пікірлердің салдарынан қан төгіс, біреудің намысын таптау, мал дүниесін ұрлау, көліктерді, мекемелерді жару көрініс табуда.Алайда бұл істердің барлығын ислам харам қылған. Керісінше ислам адам баласының ар-намысын,мал дүниесін, денесін сақтайды. Пайғамбарымыз(с.ғ.с) соңғы қоштасу қажылығында «Расында сендердің қандарың, малдарың, ар –намыстарың бір бірлеріңі харам…»деді. Басқа хадисінде «Мұсылманның басқа мұсылманға жаны, малы ар намысы харам» деген. Тағы бір сөзінде «Зұлымдықтан қорқыңдар,шынында зұлымдық қиямет күні қасірет» деді. Аллаһ Тағала кінәсіз адамды өлтіруге байлнысты қатты ескерткен.
قال الله تعالى : ((وَمَا كَانَ لِمُؤْمِنٍ أَنْ يَقْتُلَ مُؤْمِنًا إِلَّا خَطَأً وَمَنْ قَتَلَ مُؤْمِنًا خَطَأً فَتَحْرِيرُ رَقَبَةٍ مُؤْمِنَةٍ وَدِيَةٌ مُسَلَّمَةٌ إِلَى أَهْلِهِ إِلَّا أَنْ يَصَّدَّقُوا فَإِنْ كَانَ مِنْ قَوْمٍ عَدُوٍّ لَكُمْ وَهُوَ مُؤْمِنٌ فَتَحْرِيرُ رَقَبَةٍ مُؤْمِنَةٍ وَإِنْ كَانَ مِنْ قَوْمٍ بَيْنَكُمْ وَبَيْنَهُمْ مِيثَاقٌ فَدِيَةٌ مُسَلَّمَةٌ إِلَى أَهْلِهِ وَتَحْرِيرُ رَقَبَةٍ مُؤْمِنَةٍ فَمَنْ لَمْ يَجِدْ فَصِيَامُ شَهْرَيْنِ مُتَتَابِعَيْنِ تَوْبَةً مِنَ اللَّهِ وَكَانَ اللَّهُ عَلِيمًا حَكِيمًا (92) وَمَنْ يَقْتُلْ مُؤْمِنًا مُتَعَمِّدًا فَجَزَاؤُهُ جَهَنَّمُ خَالِدًا فِيهَا وَغَضِبَ اللَّهُ عَلَيْهِ وَلَعَنَهُ وَأَعَدَّ لَهُ عَذَابًا عَظِيمًا (93) يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا ضَرَبْتُمْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَتَبَيَّنُوا وَلَا تَقُولُوا لِمَنْ أَلْقَى إِلَيْكُمُ السَّلَامَ لَسْتَ مُؤْمِنًا تَبْتَغُونَ عَرَضَ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا فَعِنْدَ اللَّهِ مَغَانِمُ كَثِيرَةٌ كَذَلِكَ كُنْتُمْ مِنْ قَبْلُ فَمَنَّ اللَّهُ عَلَيْكُمْ فَتَبَيَّنُوا إِنَّ اللَّهَ كَانَ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرًا (94) )) .
Құранда:«Бір мүміннің бір мүмінді өлтіруіне болмайды. Бірақ қатеден болса басқа. Және біреу, бір мүмінді қателесіп өлтірсе, сонда бір мүмін құл азат етуі әрі өлгеннің иесіне құн тапсыруы керек. Бірақ олар кешірім етсе ол басқа. Егер өлтірілген сендермен дұшпан елдегі бір мүмін болса, (құн төлемей) бір мүмін құл азат етуі керек. Ал егер (өлтірілген мүмін) сендермен олардың арасында келісім болған бір елден болса, өлгеннің иесіне құн тапсырып, әрі бір мүмін құл азат етуі керек.
Бұларды таба алмаған кісі, Аллаға тәубе (сінің қабыл болуы) үшін тұтас екі ай ораза ұстауы керек. Алла (Т.) толық білуші, хикмет иесі. (92) Кім бір мүмінді әтейге өлтірсе, оның жазасы, ішінде мүлде қалатын тозак болады. Сондай-ақ оған алланың ашуы, қарғысы болып және оған зор қинау әзірлеп қойған. (93) Әй мүміндер! Алла жолында (соғысқа) шықсаңдар, өте анықтаңдар. Сәлем бергенді дүние- мүлікке қызығып: «Мүмін емессің» демеңдер. Өйткені Алланың қасында көптеген олжалар бар. Бұрын сендер де сондай едіңдер. Алла (Т.) сендерге қамқорлық етті. Сондықтан өте- мөте анықтаңдар. Шәксіз Алла істеген істеріңді біледі. (94))
Басқа аятта мұсылмандардың қол астында болған өзге дін өкілдерін қателесіп өлтіріп қою жайлы айтады : «Егер араларыңда келісім болған елдің бір адамын өлтіріп қойған болса құнын төлейді әрі бір мүмін құлды азат етеді…» Егер кәпір адамның өзін қателесіп өлтіргені үшін құнын төлеп, каффаратын өтеу керек болса әдейі өлтіру қалай болмақ. Әлбетте оның күнәсі өте ауыр болады. Аллаһ елшісі хадисінде «кімде – кім келісім астындағы адамды өлтірсе жаннаттың иісін де сезбейді» деді.
Екіншіден; Ислам –бұндай қате түсініктен таза дін. Ал, қазіргі таңда, кейбір елдерде жазықсыз жандардың қанын төгу, тұрғын үйлер мен көліктерді жару, қоғамдық жерлерді қирату сияқты көрініс тауып жатқан оқиғалардың барлығы қылмыс болып табылады. Бұл болса, Исламнан алыс, мұсылмандарға жат қылық. Олай жасап жүрген бұрыс сенім мен теріс пікір иелері істеген қүнәларын өздереі ғана көтереді. Өйткені, ол Құран мен сүннетті дұрыс ұстанушы мұсылмандардың іс-әрекеттері емес, керісінше, шариғат құптамайтын іс, тіпті қылмыс пен күнәнің нақ өзі. Құран Кәрімде Аллаһ Тағала:
قال الله تعالى : (( وَمِنَ النَّاسِ مَنْ يُعْجِبُكَ قَوْلُهُ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَيُشْهِدُ اللَّهَ عَلَى مَا فِي قَلْبِهِ وَهُوَ أَلَدُّ الْخِصَامِ (204) وَإِذَا تَوَلَّى سَعَى فِي الْأَرْضِ لِيُفْسِدَ فِيهَا وَيُهْلِكَ الْحَرْثَ وَالنَّسْلَ وَاللَّهُ لَا يُحِبُّ الْفَسَادَ (205) وَإِذَا قِيلَ لَهُ اتَّقِ اللَّهَ أَخَذَتْهُ الْعِزَّةُ بِالْإِثْمِ فَحَسْبُهُ جَهَنَّمُ وَلَبِئْسَ الْمِهَادُ (206) وَمِنَ النَّاسِ مَنْ يَشْرِي نَفْسَهُ ابْتِغَاءَ مَرْضَاتِ اللَّهِ وَاللَّهُ رَءُوفٌ بِالْعِبَادِ (207) يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا ادْخُلُوا فِي السِّلْمِ كَافَّةً وَلَا تَتَّبِعُوا خُطُوَاتِ الشَّيْطَانِ إِنَّهُ لَكُمْ عَدُوٌّ مُبِينٌ )) .
«Ей Мұхаммед! Кей адамның дүние тіршілігі турасында сөйлеген сөзі сені таңдандырады, көңіліндегісіне (өзінің жат ниетте еместігіне ) Аллаһты куәға тартады, іс жүзінде, ол (тілі бір, ділі басқа) барып тұрған сұрқияның өзі.
Халифа Алтай аудармасы: ((Мұхаммед Ғ.С.) адамдардан кейбіреулерінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңырқатады да Алланы жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол өте сотқар қаскүнем. (204) Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады. Алла жауыздықты жақсы көрмейді. (205) Ал қашан оған: «Алладан қорық!»,- делінсе, оның паңдығы ұстап, өзін күнәкар етеді. Оған тозақ жетеді, нендей жаман орын. (206) Адамдардан Алланың ризалығын іздеп жанын сататындар да бар. Алла (Т.) құлдарына тым жұмсақ. (207) Әй мүміндер! Исламға бүтіндей кіріңдер. Шайтанның ізіне ермеңдер. өйткені ол, сендерге ашық дұшпан. (208))
Әнәстан жеткен хадисте Пайғамбар (с.ғ.с): «Жүрегінде тарыдай жақсылық бар адам лә иләһә иллаллаһ десе тозақтан шығады. Жүрегінде бидайдай жақсылық бар адам лә иләһә иллаллаһ десе тозақтан шығады. Жүрегінде шаңның тозаңындай жақсылық бар адам лә иләһә иллаллаһ десе тозақтан шығады» деген.
Тағы бір хадисте Пайғамбар (с.ғ.с) күпір үкімін Аллаһқа серік қосудан кейінгі ең үлкен күнәға, яғни адам өлтіруге теңеп былай дейді: «Кімде-кім бір мүмінді кәпір десе, оны өлтірген мен тең болады».
Күпір үкімінің қаншалықты қиын әрі қатерлі екенін білген Пайғамбардың (с.ғ.с) сахабалары құбыласы бір адамдардың бірде-біреуіне кәпір не пасық деп үкім беруден қатты тартынатын еді.
Мен Жәбирге: «Құбыласы бір адамдардың біріне кәпір деп айтушы ма едіңдер?», дедім. Ол: «жоқ», деді. Мен: «Мүшірік деп ше?», дедім. Ол қатты шошып: «Құдай сақтасын», деп жауап берді.
Али ибн Әбу Толибтен Жәмәл мен Сиффин соғысына қатысқандардың үкімі жайлы сұрағандар: «олар мүшірік пе?», деді. Ол: «жоқ, олар ширктен қашатын еді», деді. Олар: «Әлде екіжүзділер ме еді?», деді. Ол: «жоқ, өйткені екіжүзділер Аллаһты тым аз еске алады», деді. Олар: «сонда, олар кім болды?», деп еді, ол: «олар – бізге қарсы шыққан бауырларымыз», деп жауап берді.
Шариғат үкімдерін білместік – Хауариждердің бірден бір сипаты. Осы мәселені ең алғаш қозғап, пайғамбардың (с.ғ.с) сахабаларына кәпір үкімін берген солар еді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оларды былйша сипаттайды: «Олардың намаздары мен оразаларына қарап, өз намаздарың мен оразаларыңды түкке тұрғысыз санайсыңдар, олар Құран оқиды, бірақ кеңірдектерінен төмен түспейді, сондай-ақ, олар жебенің садақтан атылып шыққанындай діннен шығып кетеді». Абу Сағидтің риуаяатында: «тамақтарынан ары аспайды, жүректеріне кірмейді», деген.
Фиқһ және Фиқһ негіздері қағидасы: «Үкім сыртқы көрініске сай беріледі, ал ішкі дүниені Аллаһ біледі»
Бұған дәлел; Усама: «Соғыс майданында бір адамды ізінен қуып жетіп, өлтіргелі жатқанымда ол «лә иләһә иллаллаһ», деді. Мен, оған қарамастан, оны өлтіріп тастадым. Кейін болған жайтты пайғамбарға (с.ғ.с) айттым. Ол: «лә иләһә иллаллаһ десе де өлтірдің бе?», деді. Мен: «уа, Аллаһтың елшісі, ол қылыштан қорыққаннан ғана айтты ғой?!», дедім. Ол: «жүрегін жарып көріп пе едің?», деді. Пайғамбардың (с.ғ.с) маған бұл сөзді қайта-қайта айта бергені соншалықты, мен «әттең сол оқиғадан кейін барып Ислам қабылдағанымда ғой», деп тіледім», дейді.
Ан-Науауи: «Пайғамбардың (с.ғ.с) «жүрегін жарып көріп пе едің?» деген сөзінің мағынасы; Жүрегімен айтты ма, әлде жоқ па, оны білмейсің ғой! Сенің міндетің тек сыртқы көрінісі мен сөзіне қарап әрекет қылу. Ал жүрек болса, жасырын дүние, оның ішін білуің мүмкін емес. Сондықтан, аузынан шыққан сөзін есепке ал, басқа ештеңе талап етпе!».
Осыған орай, Әһли сунна уәл жамаға адамдармен тек сыртқы көріністеріне қарай қарым-қатынас жасайды. Ал ішкі дүниелерін жасырын мен жарияны білуші – АллаҺ Тағалаға тапсырады.
Өз кезінде, Пайғамбар (с.ғ.с) мұнафықтардың аттарын білсе де, олармен мұсылмандармен тең деңгейде қарым-қатынас жасаған. Бұл болса, Пайғамбардың (с.ғ.с) өнегелі үлгісінің үздік көрінісі.
Фиқһ және Фиқһ негіздері қағидасы: «Адамдардың білместігі кешірімді»
Аллаһ Тағала Исраилдық бір адамды Аллаһтың құдіретін жете білмегендігі себепті кешіріп жіберген.
Пайғамбар (с.ғ.с) оның жайын былай баяндайды: «Кезінде, күнәға көп бой ұрған бір адам ажалы жетіп, өлім аузында жатқанда балаларын жинап алады да, оларға «Егер мен өлсем, өлігімді өртеп, күлімді ауаға шашып жіберіңдер. Одан кейін АллаҺ мені азаптауға құдіреті жетсе, маған әлі ешкім көрсетпеген азапты көрсетсін» дейді. Кейін, ол өмірден өтіп, өсиеті орындалады. Сол кезде, Аллаһ Тағала жерге «оны қайтадан жина» деп бұйырып, қалпына келген соң «бұлай істеуіңе не себеп болды» деп сұрады. Сонда, ол «уа, раббым, сене қорықтым» деп жауап береді. Нәтижесінде Аллаһ оны кешіріп жібереді.
Ибн Қутайба: «Ол Аллаһты білетін, оған сенетін және одан қорқатын адам. Алайда, Аллаһтың сипаттарының біреуін ғана білмегендіктен егер өртеніп, күл боп кетсе Аллаһ оны азаптауға құдіреті жетпес деп ойлады. Аллаһты біліп, азабынан қорыққаны үшін Аллаһ оның білмегенін кешірді».
Ибн Хажар: «Әл Хаттаби: Бұл жерде «Ол қайта тірілу мен Аллаһтың өлілерді қайта тірілтуге құдіреті жететіндігін мойындамаса Аллаһ оны қалайша кешіруі мүмкін» деген сұрақ туындауы мүмкін. Оған жауап: Ол оны жоққа шығарған жоқ. Бірақ, білместіктен солай ойлады. Ал оның Аллаһтың азабынан қорқуы иманының дәлелі.
Әлгі адам Аллаһ Тағала оны қайтадан жинап, тірілте алмайды деп сенді немесе күмәнданды. Екеуі де күпір. Бірақ ол бұны білмеді және оған бұл жайлы білім де жетпеді. Оның Аллаһқа, бұйрықтары мен тыйымдарына, уәделері мен жазаларына деген иманы болды. Аллаһтың азабынан қорықты. Сол үшін де Аллаһ оны кешірді.
Ислам адамның жанын сақтайды.Бір адамды өлтіруді барлық адамды өлтірумен тең қылды.
قال الله تعالى : ((مَنْ قَتَلَ نَفْسًا بِغَيْرِ نَفْسٍ أَوْ فَسَادٍ فِي الْأَرْضِ فَكَأَنَّمَا قَتَلَ النَّاسَ جَمِيعًا وَمَنْ أَحْيَاهَا فَكَأَنَّمَا أَحْيَا النَّاسَ جَمِيعًا وَلَقَدْ جَاءَتْهُمْ رُسُلُنَا بِالْبَيِّنَاتِ ثُمَّ إِنَّ كَثِيرًا مِنْهُمْ بَعْدَ ذَلِكَ فِي الْأَرْضِ لَمُسْرِفُونَ (32) إِنَّمَا جَزَاءُ الَّذِينَ يُحَارِبُونَ اللَّهَ وَرَسُولَهُ وَيَسْعَوْنَ فِي الْأَرْضِ فَسَادًا أَنْ يُقَتَّلُوا أَوْ يُصَلَّبُوا أَوْ تُقَطَّعَ أَيْدِيهِمْ وَأَرْجُلُهُمْ مِنْ خِلَافٍ أَوْ يُنْفَوْا مِنَ الْأَرْضِ ذَلِكَ لَهُمْ خِزْيٌ فِي الدُّنْيَا وَلَهُمْ فِي الْآخِرَةِ عَذَابٌ عَظِيمٌ (33) إِلَّا الَّذِينَ تَابُوا مِنْ قَبْلِ أَنْ تَقْدِرُوا عَلَيْهِمْ فَاعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ (34)
Халифа Алтай аудармасы: (Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен және кім оны тірілтсе, (өлімнен құтқарса,) барлық адамды тірілткенмен тең деп жаздық. Расында оларға елшілеріміз ашық дәлелдермен келді. Бірақ содан кейін де олардың көбірегі жер жүзінде шектен шығушылар болды. (32) Алла және Елшісімен жағалсқандардың және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің жазасы: Өлтірілулері, не асылулары, яқи, қол- аяқтарының қиғашталып кесілулері немесе жерден айлдалулары. Бұл олардың дүниедегі жапасы. Және олар үшін ахиретте ірі азап бар (33). Бірақ сендердің оларға ықбалдарың жүруден бұрын тәубе қылғандар басқа. Сонда Алла (Т.) ның аса жарылқаушы, ерекше мейірімді екенін біліңдер (34).
Ғұламалар бұл қиссаны тұжырымдай келе: «Кімде кім Аллаһқа, оның елшісіне, ақырет күніне және ізгі істер істеу керек екендігіне сеніп, бірақ, кейбір сенім мәселелерін білмесе, оның жағдайы әлгі адамның жағдайынан жаман емес. Аллаһ оның қатесін кешіреді немесе білгенінің өзіне салғырт қарағаны үшін азапқа алады. Ал иманы белгілі болған адамға кәпір үкімін беру үлкен күнә», деген түйінге тоқтайды.
Бұл еңбегімде ешбір кемшілік жоқ деп айтпаймын,себебі кемелдік тек Аллаһқа тән, қателіктен тек пайғамбарлар мен елшілер ғана аман, ал адам баласы қателесуші. Бұл тақырып жайында маған дейін де еңбектер жазылған,сондықтан олардан артық ешнәрсе жазған емеспін. Шынында біз қандай еңбек жазсақ та,ғалымдарымыздың кітаптарында бұл жайлы сөз қозғалғанын көреміз. Аллаһ Тағала ғұламаларымыз бен имамдарымызға сауаптан жазып, қате кемшіліктерін кешірсін.
Аллаһ Тағала осы амалдарымызды қабыл етіп, уақыттарымызды пайдалы қылғай.
Ясир Мұхаммед Абдулхамид Ассуради, «НҰР» Қазақ-египет ислам университеті Исламтану кафедрасының докторы