Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Тәкфір» идеясын тарату-қоғамдық сананы бұрмалау

25.10.2013
- Ағымдар ақиқаты
0
101
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«Тәкфіршілік – діни экстремизмнің қауіпті түрлерінің бірі»

республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына

қатысушылар

ҮНДЕУІ

Жат діни ағымдардың қоғамға қаупі

Жат ағымның зардабы – қоғамға төнген қатер

24.11.2025
Жат ағымға тән негізгі белгілер

Деструктивті діни ағымдардың зардабы

18.11.2025

Отандық және шетелдік сарапшылардан, мұсылман діні қызметкерлерінен, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын «Тәкфіршілік – діни экстремизмнің қауіпті түрлерінің бірі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысушылар қарастырылған мәселелерді талқылай отырып, төмендегідей ортақ пікірге келді.

«Тәкфіршілік» – бұл мұсылмандардың бір бөлігінің екінші бөлігін ислам дінін бұзушы деп кінәлауға негізделген радикалды-фундаменталистік идеология.

«Тәкфір» – бұл фундаменталистік көзқарастарды жақтамайтын, теократиялық мемлекет құру идеясын қолдамайтын, ислам канондарымен қатар өз халқының әдеті мен салт-дәстүрлерін де қадірлеп, сақтайтын, күнделікті тіршілігінде зайырлы заңдарды құрметтеп, басшылыққа алатын мұсылмандарды дінге сенбейтіндер (кәпірлер) деп айыптау.

«Тәкфіршілік» идеясын ұстанушылар қатарында қоғамда қалыптасқан қағидаттарға қарсы радикалды және қылмыстық ниеттегілерден басқа, өз жақтастарын діннен безгендер және дінсіздер деп жөнсіз айыптаудың жауапкершілігін сезінбейтін, адасып, алданған сенуші мұсылмандардың да болуы мүмкін.

«Тәкфірді» жақтаушылардың мақсаты қоғамдағы мұсылмандарды жікке бөліп, бірін екіншілеріне қарсы қоя отырып, сенушілер арасында бүлік тудыру болып табылады.

«Тәкфір» идеясын тарату қоғамдық сананы бұрмалау, діндарларға ислам заңдарын теріс түсіндіру және оларға психологиялық ықпал ету арқылы іске асырылуда.

«Тәкфіршілер» нысанасы – дәстүрге берік, өмірлік көзқарасы қалыптасқан, қоғамда орныққан мұсылмандар. «Тәкфіршіліктің» талқандағыш күші алдымен ислам дінін ұстанатындарға және исламның тікелей өзіне бағытталған.

Өз парыздарына сай мемлекетті қорғап, қолдап отырған биліктің, құқық қорғау органдарының, қарулы күштер құрылымдарының өкілдеріне «тәкфір» жариялау ислам рухымен және қағидаларымен үндеспейді.

«Тәкфіршілікті» жақтаушылар ғасырлар бойы қалыптасқан исламдағы құқықтық мектептерге бой ұсыну мәселесіне, нақтырақ айтқанда имам Әбу Ханифа мазхабына сынмен қарайды, имамдардың рухани беделін үзілді-кесілді мойындамайды.

«Тәкфіршілік» экстремизм мен радикализм формаларының ешбір түрін қабылдамайтын, керісінше, шынайы өмірді парасатты да байсалды түрде қабылдауға үйрететін, жақындарына сүйіспеншілікпен және құрметпен қарауға, отансүйгіштік сезімді жетілдіруге және заңды сыйлауға бағытталған дәстүрлі исламдық қағидаттарға түбірімен қайшы келеді.

Конференцияға қатысушылар мұсылман жамағатына арнап төмендегі үндеуді қабылдады:

мұсылмандарды «тәкфіршілікті» жақтаушылардың менмендіктен, тәкаппарлықтан туындаған және рухани апатқа ұшырату үшін айтылған «дінсіздер» және «діннен безгендер» деген арандатушылық айыптауларына сенбеуге;

діни сенімде бөліп-жаруға емес, біріктіруге, күйретуге емес, жасампаздыққа, ортағасырлық зұлматқа қарай кері шегінуге емес, ілгерілеу мен дамуға бағытталған шынайы ислам құндылықтарын басшылыққа алуға;

адамның ақыл-ойын, санасын және іс-әрекетін шектеуге бағытталған іс-әрекеттерді исламның мақұлдамайтындығын есте сақтауға;

заман талаптарына сай өмір сүруге, тіршілік жағдайларын жақсартуға немесе әдет-ғұрып, салт-дәстүрді ұстануға ұмтылудың барлығы – мейлі, ол жеке адамның немесе халықтың өміріндегі айтулы күн болсын, ата-баба қабірін зиярат ету, оларды күтіп-тазалау және басқалар болсын – күнәлі істер емес, керісінше, Қазақстан халқының рухын күшейтетіндігін білуге;

Қазақстан Республикасының діни сенім бостандығы Конституциямен қорғалған, діни қызметі «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң талаптары аясында жүзеге асырылатын зайырлы мемлекет болып табылатындығын есте сақтауға;

Қазақстанда жеке адам мен азаматтардың адамгершілік қасиеттеріне нұқсан келтіруге, құқықтары мен міндеттерін бұзуға, Конституция мен Қазақстан Республикасы заңдарында көрсетілген міндеттерін орындаудан бас тартуға түрткі болатын діни қызметке рұқсат берілмейтіндігін ұмытпауға;

экстремизм мен терроризмнің сыртқы қаупінің өзектілігі жағдайында Қазақстан халқының ең қымбат құндылығы – рухани дәстүрлерді, соның ішінде Әбу Ханифа ілімін жалғастырушылардың идеяларына негізделген дәстүрлерді сақтау болып табылатындығын білуге;

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына халықтың шынайы рухани дәстүрлерін насихаттауды күшейтуді, теріс пиғылды діни идеялар мен идеологияларды, соның ішінде «тәкфіршілікті» заңды түрде әшкерелеуді ұсынуға;

мемлекеттік органдарға діни экстремизм көріністерімен күресте діндар жандардың көзқарастарына өте мұқият қарауды, Қазақстан халқының дәстүрлері мен мәдениетін сақтап, дамыту жолындағы жұмысты одан әрі жалғастыруды ұсынуға шақырамыз.

Жезқазған қ., 7 маусым 2013 жыл.

Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Тәкфіршілік-діни экстремизмнің қауыпты түрлерінің бірі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00