Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ислам ланкестерді қаралайды

29.10.2013
- Ағымдар ақиқаты
0
123
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ғалым Жүсіпбек, 

Сүлеймен Демирель университеті Экономика факультетінің Халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі

Ислам ланкестерді қаралайды

 

Жат діни ағымдардың қоғамға қаупі

Жат ағымның зардабы – қоғамға төнген қатер

24.11.2025
Жат ағымға тән негізгі белгілер

Деструктивті діни ағымдардың зардабы

18.11.2025

– Лаңкестік пен Исламның арақатынасы жайлы көп айтылып та, жазылып та жүргенімен, бұл мәселе неліктен өзектілігін жоймақ емес?

– Расында көп айтылып та, жазылып та жүргенімен, бұл тақырып өзінің өзектілігін жоймақ емес, әрі бірқатар себептерге бай­ла­нысты әрдайым жіті назар аударып отыру­ды талап етеді.

Біріншіден, қазіргі таңда мұсылман әлемі саяси, экономикалық және әлеуметтік ай­тарлықтай дағдарыстарға ұшыраған. Екін­шіден, аталмыш тақырыпта жасалған көпте­ген сараптамаларда шынайы нәтижелерге жет­кізуге жол бермейтін әдіснамалық қате­лердің орын алып отырғаны байқалады. Дә­лірек айтқанда, талдаулар көбінесе мате­риалды-позитивистік пайым тұрғысынан жасалады, бұл өз кезегінде Ислам ілімін дұ­рыс ұғынуға мүмкіндік бермейді, яғни ис­ламдық дүние­танымды объективті түрде түсіндіріп бере алмайды, себебі материалды-позитивистік көзқарас мүлдем өзгеше әдіс­намаға негізделеді. Немесе исламға қатысты жасалған сараптамалар Ислам мен мұсылман ұғымына қатысты жағымсыз жиынтық шаблондар мен қасаң қағидаларға негізделген «ориенталистік» (кейде ашық, кейде жа­сырын) сипатта болып келеді. (Айта кету ке­рек, ориентализм ұғымы біз білетін шығыс­тану ғылымы емес, «ориентализм» ең алды­мен қате методология, «шығысты» қисық призма арқылы зерттеу, қабылдау және бұр­маланған күйінде басқаларға таныту мето­дологиясы, яғни ориенталистік түсінік Шы­ғыс пен Батыс арасында онтологиялық қай­­шылық бар дегенді еш тартыссыз қабыл­дайтын аксиомалық ұстанымға негізделеді, сондай ақ бұл түсінік Шығыстың образда­рын, негізінен, қиялдан жасайды және бұл образдар әдетте Батысқа тиесілі жағымды образдарға қарама қайшы сипатқа ие болып келеді). Бұл жерде «жағымсыз Шығыс», «жа­ғымды сипат­тарға» ие Батыстың қара айна­сы іспеттес.
Сонымен қатар жалпылама сөздерге құ­рылған «ешқандай дін терроризмді жақ­та­майды» деген тәрізді талдаулар да жиі кез­деседі. Үшіншіден, көбіне БАҚ арқылы қар­қынды түрде таратылып келе жатқан «ис­ламофобияны» да есептен шығаруға бол­майды. Осының барлығы «Ислам мен терро­ризмнің арасында байланыс бар ма, жоқ па?» деген тақырыпқа жиі айналып соғуды қа­жет етеді.

– Ислам мен зорлық-зомбылықты қатар қоюдың сыры неде?

– Бірден айту керек, қазіргі жұртшылық түсінігіндегі терроризм – салыстырмалы түр­де жаңа феномен, дейтұрғанмен исламды зорлық-зомбылықпен қатар қоятын «ориен­талистік» түсінік сан ғасырлық тарихқа ие. Қайта айта кетейік, «ориенталистік түсінік» – көп айтылып та, жазылып та жүргенімен, жал­пылай алғанда Шығысқа, жекелей ал­ғанда Исламға қатысты жағымсыз әрі жиын­тық шаблондардан құрылған біржақты ойлау жүйесін білдіреді. «Шығыстық деспотизм», «ислам – қылыштың діні» сынды жағымсыз, үрей тұғызатын ұғымдар «нағыз «ориента­листік» шаблондардың бірден-бір айғағы болып табылады.

Түйіндей айтқанда, классикалық ориен­тализм танымындағы Шығыс, бір жағынан қызықты да экзотикалық, екінші жағынан жабайы, азғындаған (сексуальды), «делқұлы» әрі көзсіз фанат болып көрінеді. Шығысты дәл осылайша тану, негізінен, өткеннің ен­шісінде қалғанымен, қазіргі кезде де қоғамға тікелей не жанама түрде ықпал етіп келе жатқандығын мойындау керек. Себебі бұл Батыстың тарихи жады мен мәдени кодында бар (айта кету керек, бұл түсінік белгілі дең­гейде орыстардың да тарихи жадында бар) Сонымен, Ислам мен терроризмді қатар қою санғасырлық ориенталистік дүниетаным­-ның заңды нәтижесі болып табылады.

Исламға қатысты жаңсақ пікірлердің көбейіп, өзінше бір секторға айналғаны сонша, бүгінгі таңда, пост-колониальды зерт­теулер саласындағы ғалымдардың пайым­дауынша, «нео-ориентализм» пайда болған. «Нео-ориентализмнің» негізгі ұстанымы, Исламды қате методология тұрғысынан зерттеу арқылы, Ислам мен саяси экстремизм және террорды қатар қою, сонымен, заманауи исламофобияның өртін қоздату.

– Ислами қайнаркөздерді түсіну, Исламды түсіну болып та табылады. Ендеше, ислами қай­наркөздерді дұрыс түсіну /тәпсірлеу/ қалай болмақ?

– Исламдық ілімді түсінудегі басты қажеттілік – Ислам діні қайнаркөздерінің Мұ­хаммед пайғамбар мен алғашқы ұрпақ­тардың заманынан бастау алатын дұрыс методология (әдіснамамен) түсіндіріліп, өз контекстінде (Құран мен сүннеттің жалпы рухына сай) қарастырылып, түсіну қажеттілігі болып табылады.

Дінді евро-центристік және позитивистік-материалистік тұрғыдан түсіндіру, біржақты әрі белгілі бір стереотиптер шеңберінде ғана болғандықтан Исламға қатысты сұрақтарға дұрыс жауап бере алмайды. Қазіргі заман ғалымдары өткен ғасырдағы тәрізді мате­риалистік парадигмаларға байланып қалмауы керек, себебі ғылымда өзге де парадигмалар (мәселен, пост-позитивизм, креационизм т.б.) бар.

Осы тұрғыда қазіргі кезде материалистік батыстық медицинамен қатар мүлде басқа дүниетаным мен тәсілдерге негізделген, алайда нәтижелілігі жағынан одан бір мысқал кем түспейтін шығыстық дәстүрлі медици­наның да мойындалатынын тілге тиек етуге болады. Басқаша айтқанда, батыстық ме­дицинаның ұстанымдары дәстүрлі қытай немесе тибет медицинасын қалай түсіндіре алмаса, тура солай позитивистік-материа­листік немесе евро-центристік және әлбетте ориенталистік призма мен ұстанымдар исламды түсіндіре алмайды.

Қысқасы, қазір көп қылаң беріп қалатын секулярлық және позитивистік контексте емес, Исламды өз контекстінде, өзіндік ойлау формасы мен ұғыну жүйесінде қарастыру қажет (бұл Исламға ғана емес өзге діндерге де қатысты).

Мысалы, қарастырылып отырған аят дүниетанымдық па, яғни әрдайым назарға алынатын бағдаршам іспеттес аят па, әлде «белгілі бір ерекше жағдайларға байланысты түскен, яғни тек қана кейбір төтенше жағ­дайларда ғана қолданылатын аяттар ма (осындай «оқиғалық» аяттар мен дүние­танымдық аяттардың бар екенін позитивтік әдіс­намаға бой ұрған зерттеушілер мен Ис­лам ілімін толық түсінбеген кейбір мұсылман­дар көбіне назардан тыс қалдырады) екендігін айырып алу – Құран тәпсіріне қойылатын міндетті талаптың біріне жатады. Ол үшін қарастырылып отырған аяттың түсу тари­хын білу керек, Исламның болмысын, Құран мен сүннеттің мақсатын, контексті білу керек және де аятты жалпы толықтай түйсіне және ұғына білу керек.

Ислам қайнаркөздерінде бейбіт өмір (түрлі діндер мен этностарға жататын адам­дардың бір-бірімен бейбіт жағдайда өмір сүруі) – жалпы ереже болып қабылданса, со­ғыстың – тосын, ережеден тыс жағдай екен­дігі, оның мүмкіндігінше тез уақытта тоқ­татылуы тиіс екендігі айтылады. Күш қол­дану мен әскери әрекеттер жүргізуге қатысты аяттар «оқиғалық» аяттар, яғни бел­гілі бір жағдайларға байланысты түскен. Және бұл аяттар күш қолданудың себебі мен салдарын, формасын нақты айқындап береді. Қазіргі секулярлық құқықта бұл қалыпты, тіпті қа­жетті жағдай. Исламда әскери күш қолдану мүлде басқа шара қалмағанда, онда да заңды органдар тарапынан, онда да бейбіт өмірді сақтап тұруға айқын қауіп төнгенде ғана қолданылады.

Өкінішке қарай, аяттардың жоғарыда айтылған классификациясын, олардың түсу себептері мен салдарын білмеу, Исламның бейбітсүйгіштік табиғатын жоққа шығаруға алып келеді. Осы білімсіздікті терроршы­лардың «ұстаздары» мен серкелері өздерінің хайуандық идеяларын қасиетті жазбаларға таңа отырып шебер пайдаланады. Сол себепті кейбір ғалымдар, Құран аяттарының жай ғана «мағыналық аудармасын» ешқандай дайындықсыз адамдар тарапынан оқылуы­ның арты түрлі қауіптерге бастайды деген пікірді ұстанады. Құранның жалпы контексті мен аяттардың түсу себебі жайлы мүлде хабарсыз болу, мүлде қате тұжырымдарға алып келеді. Мәселен, әсіресе, күш қолдану мен соғыс тақырыбындағы аяттар жайлы айтқанда, кейбір «оқиғалық» аяттарды дүниетанымдық деп тану секілді. Сонымен бірге Сүннетті де дұрыс ұғынбаудың салда­рынан хадистерді қате тәпсірлеп, оның арты үлкен қауіптерге ұласып жататындығын да ұмытпауымыз керек. Ал сүннетті дұрыс түсіну Ислам дінінің табиғатына сай кәсіби білік­тілікті қажет етеді, яғни, Сүннеттің санға­сырлық әдіснамасына /дәстүріне/ негізделген іліммен қаруланған болу керек.

– Муртад (дінбұзарлық) жайында не дейсіз?

– «Муртад» мәселесі төңірегінде айтылып жүрген көптеген қате тұжырымдар Ислам ілімін дұрыс методология арқылы түсіндіру­дің маңыздылығын көрсете алады.

Қазіргі заманда кейбір кісілер, өкініштісі ең алдымен кейбір мұсылмандар, «Ислам қайнаркөздері адамды мұсылмандықтан шығып басқа дінге кіргені үшін (дінбұзарлығы үшін) өлім жазасына бұйырады» деп қате түсінеді. Бұл өрескел қателік Ислам қайнар­көздерін дұрыс методология шеңберінде талдамау және түсінбеу салдарынан туындап отыр. Алайда Исламды дұрыс түсінсек, басқа діндерге кірген адамдарға үлкен жазалар, олардың өз дінін, сенімін өзгерткендігі үшін берілмейді, ол адамдардың орасан үлкен дүниелік қылмыстары үшін беріледі. Бірін­шіден, олар қоғам мен қоғамдық тәртіпке, өзге де адамдарға тікелей қауіп төндіргені үшін беріледі (адам өлтіру, адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіру, заңды билікті мо­йындамау, салық төлеуден бас тарту және заңды өкіметте қарсы бүлік шығару, т.б.); екін­шіден, соғыс жүріп жатқан уақыттарда өз міндетін тастап қашу, отанды сату секілді жағдайлар орын алған жағдайларда беріледі. Өлім жазасына кесу жайлы айтылған барлық хадистер осы мазмұндас үлкен дүниелік қылмыстарға қатысты дінбұзарлықтар болып келеді. Олардың қатарында жоғарыда аталған Отанға опасыздық, заңды билікке қарсы бас көтерушіліктер жатады.

Факих-ғалымдардың түсіндіруінше, Пайғамбар тарапынан дінін өзгерткендерге қатаң жазалар қолдануға қатысты айтылған санаулы хадистер меккелік пұтқа табыну­шылармен соғыс кезеңіне жатады /әлбетте ол кезде Ислам дініне деген опасыздық мемлекетке деген сатқындықпен барабар, тең дәрежеде болды/. Сол себепті ол кезеңдердегі үкімдер өзге дінді таңдағаны үшін емес, мемлекетке деген опасыздығы үшін берілді. Осындай жайттар тұңғыш халифа Әбу Бә­кірдің кезінде де орын алды. Ол кезеңдерде дін мен мемлекетке адалдық ұғымдары қатар жүретін. Халифа Әбу Бәкірдің муртадтар­мен соғысының басты мақсаты салық төлемей бүлік шығарып жүрген антимемлекеттік бағыттағы басбұзарларды тезге салу болды. Орта ғасырларда, сұрапыл соғыс кезеңдерінде ашық түрде Ислам дінінен өзге дінге көшу де мемлекетті сатып кетумен бірдей бағаланды, яғни, ол жай әншейін «өз сенімінен бас тарту» болып қаралған жоқ (оның жазасын о дүниеде Алланың өзі ғана бере алады деп сенген). Сол себепті ол кезеңдегі заңгерлер де дінін өзгерткендерді отанын сатып со­ғысып жүрген дұшпан қатарына қосылу деп қабылдап қатаң жазалар қолданды. Кез келген зайырлы құқық жүйесі бұны солай қабылдар еді. Ал егер адам өзінің дінбұзар екендігін жасырын ұстаса, онда ол екіжүзді адам (мунафиқ) саналады, алайда ешкім де оны жазаға тарта алмайды. Айта кету керек жайт, Пайғамбар дәуірінде осы екіжүзді му­нафиқтар Мәдина халқының үштен біріне жуығын құраған. Пайғамбар олардың бірде-біреуіне жаза қолданбақ түгілі, олармен ты­ғыз бауырмал, адами қатынасын үзбеген және сахабаларды соған үгіттеген.

Қазіргі кезде кейбір радикалды топтардың өзгеше ойлайтын мұсылмандарды және өздері сияқты радикалдарға қарсы күресіп жүрген, айталық, мемлекеттік қызметкерлерді «муртад» деп айыптап, оларды өлтіру керек деп жариялауы, Исламды өрескел бұрмалау, Ислам қайнаркөздерін мүлдем түсінбеу болып табылады.

– Ислами дүниетанымды жүйелі түрде қалай сипаттауға болады?

– Ислам дінінде барлық негіздердің негізі, бастапқы алғышарт – иманды жанның ізгі ниеті. Жаратқанның разылығы үшін емес, зорлық-зомбылықпен жасатылған (немесе көзге түсу мақсатында, т.б. жасалған) нәрседе ешқандай қайыр да шынайылық та болмай­ды. Себебі бұны жасаушыда (дұрысырақ айт­сақ, жасауға мәжбүрленіп жатқан адамда) шына­йы ниет жоқ. Сондықтан исламға күштеп кіргі­зеді немесе күштеп кіргізу керек деген тү­сініктер ислами санаға мүлдем қай­шы, олар көбінесе ориенталистік шаблон­дар болып табылады. Бұған сенетін мұсылман­дар болса, олар я надан, я ислами сананы әлі бо­йына сіңдіріп үлгермеген, басқа катего­рия­лармен ойланатын адамдар.

Екіншіден, исламдық дүниетанымға сай, қоғамның әр алуан, көпқырлы болып келуі – Алланың қалауы. Ислам адамзат баласы­ның діни, этникалық, идеологиялық сан түр­лілігін Жаратқанның қалауы ретінде қапысыз қабылдайды. Себебі бұл дүниелік өмірдің шүбәсіз шындығы болғандықтан, Ислам діні еш уақытта да сенімді күш арқылы таратуды мақсат етпейді. Ол өз кезегінде Ис­ламға жабылған жала, әрі исламдық ілім пен таным негіздерін бұрмалау болып табы­лады.

Сонымен қоса Исламның дүниені тануы партикуляризмді (яғни бөлінушілікті) емес, керісінше «барлығын қамтуға» бағытталған. Осындай дүниетаным барлығымен ой-пікір түйістігіне шақырады, ортақ түсіністікке жол іздейді. Мәселен, қасиетті хадистің бірінде бұл жайт ашық баяндалған: «Барлығыңыз Адамнан тарайсыздар, ал Адам – топырақтан жаратылған. О, Құдайдың құлдары (адам­-дар), бір біріңе бауыр болыңдар». Мұхаммед ғ.с. пайғамбарға түскен Құранның соңғы аяттарының бірінде-бір Жаратушыға ғана сенім аясында бірігу қажеттілігі жөнінде «Кітап иелеріне» қарата айтылған үндеу бар. ««Әй, Кітап иелері! Біздің арамызбен сен­дердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаға құлшылық қылайық. Оған еш нәрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ Алладан өзге бір-бірімізді тәңір тұтпайық…» (Али Имран сүресі, 64-аят).

Үшіншіден, Ислам дінінде «адль» (әділ­дік), дәлірегі «адалет-и махза» (бұлтарт­пас, асқан әділдік) – басты қағида. Осыған орай, ешкім де біреудің қателігі мен күнәсі үшін жауапкер бола алмайды (мыс: «Зілзала» сү­ресі). Қанды кекке тыйым салып, оны түбі­рімен жойған да дәл осы Ислам діні болатын, ал қанды кек – өзіндік бір терроризм болып табылады. Сонымен бірге «адалет-и махза» қағидатына сәйкес бір жеке тұлғаның құқығы көпшілік құқығы үшін құрбан бола алмайды, ал көптеген зайырлы, модернистік жүйелер болса, мұндай құрбан етушілікті қабыл көріп отыр.

Төртіншіден, Ислам діні «мақсат құрал­дарды ақтайды» дегенге саятын модернизм мен барлық зайырлы идеологияларға тән «макиавеллизмді» мүлде қолдамайды. Себебі ислами ұстаным бойынша, ізгі мақсатқа (мәңгілік бақыт пен Жаратқанның разы­лығына қол жеткізуге) тек қана ізгі жолдармен жетуге болады.

Бесіншіден, Ислам діні ұстанымы бо­йынша, Алла тағала – тек адамның ғана жа­ра­тушысы емес, оның ризық несібесінің де жаратушысы. Мұсылмандар бұған кәміл сенеді, сол себепті жұмыс пен ресурстар, т.б. тапшылығы жайлы негізсіз алаңдауға ешбір себеп те болмайды. Ал осы жайттар жікшілдік пен ксенофобияға қозғау салатын басты факторлар болып табылады.

Алтыншыдан, құрандық және пайғам­бар­лық рухқа сай Ислам дінін дұрыс түсінудің негізінде (әһли сүннетті түсінуді осыған жат­қызамыз) адамның, жеке тұлға мен қоғам­ның рухани тұрғыдан қайта жаңаруы, рух пен сана тәрбиесі, рухани және дүниелік ілімдерге ай­рықша мән беруі жатыр. Сондықтан Ис­лам дүниетанымында адам мен қоғамның өзекті мәселелерін шешуде саясатқа жүгіну емес, саяси тәсілдерге балама жолдар іздеуге бас­ты назар аударылады. Объективті түрде алып қарасақ бұл заңды да, себебі адам мен қоғамның өзекті мәселелері ең алдымен рухани кедейлік пен мақсат мүддесіздіктен туындады.

Өкінішке қарай, колониализм мен пост-колониальды синдромға қарсы реакция негізінде пайда болған кейбір «саяси мо­дер­нистік» бағыттағы ағымдар, Ислам дінін әлеуметтік әділетсіздік пен жеке басқа та­бы­нушылыққа қарсы күресте қалқан етіп, ұлт азаттық күрес пен қарсылық доктринасы ре­тіндегі пайдалану «құралына айналдырды». Мұның өзі Исламды Құран мен сүннет ру­хына сай түсінуге мүлде жат тәсіл болып та­былады.

Яғни әһли сүннет үшін (ирандық шиизм қағидаттары мен «харижиттер» сияқты мар­гинальды секталардың идеологияларын есепке алмағанда), саясат пен басқару жү­йесінен гөрі имани парасат пайымға ие үлгілі тұлға тәрбиелеу, сол арқылы шынайы әрі таза қоғам қалыптастыру басты әрі аса маңызды міндет болып табылады. Сондықтан ислам тарихының өне бойында әһли сүннеттің барлық ұлы ғалымдары хадистерде айтылған: «өздерің қандай болсаңдар, басшыларың да сондай», «егер сендер тура және тақуа бол­саң­дар, Алла тағала да басшыларыңды дұрыс жаққа қарай бұрып, сіздерге жайлы етеді» сынды қағидаттарды басшылыққа ала оты­рып, саясатқа араласпақ түгілі, оны үлкен адасушылық деп санады. Айта кету керек, қасиетті Құранда да, сүннетте де «исламдық мемлекет» делініп жүргендей, белгілі бір мемлекеттік құрылым жайлы мүлде айтыл­майды. Заманымыздың басқа ойшылы айт­қандай, Құранда ара, түйе, өрмекші туралы айтылады да, «исламдық мемлекет» туралы еш нәрсе айтылмайды.

Демек, исламды «зайырлы идеология іспеттес» саяси қарсылық көрсетудің түріне айналдырған ойшылсымақтар мен ағымдар исламды өз методологиясына сәйкес тү­сінбеудің құрбандары, сондай-ақ олардың идеялары да ислам әлемінде жаппай қолдауға ие деп ой қорыту да қателік, кезекті «ориен­талистік» тұжырым болып табылады. Алай­да қазіргі батыстық және олардың ізінде жүр­ген басқа да зерттеушілермен әңгіме әсіресе, Ислам дініне қатысты болған тұстарда сая­саттан тыс не одан биік құндылықтарға ай­тарлықтай назар аудармай келеді. Қайтсе де Ислам мен саясат арасында бір байланыс табуға бар күштерін жұмсайды.

– Ислами діни сана, яғни мұсылмандық түсінік пен адамзат құндылықтары арасында­ғы байланыс туралы не айтуға болады?

– VIII және ХIII ғасыр аралығы мұсыл­мандық өркениеттің өркендеу кезеңі бола тұра, тарихты евроцентристік және ориен­талистік тұрғыдан түсіндірудің құрбаны бо­лып келеді. Алайда объективті түрде зерделер болсақ, Ислам өркениетінің көптеген ғы­лымдардың негізін қалағанын, халықара­лық гуманитарлық құқық, діни төзімділік, заң үстемдігі, әрбір жеке тұлғаның құқығын бұзбау сынды және адамзаттың қазіргі таңда мойындаған басқа да универсалды қағидат пен принциптерді бірінші болып жүйелі түр­де өмірге енгізгенін аңғаруға болады. Бұ­ның өзі терроризм мен экстремизмнің қай түрі­­­-нің болмасын, Ислами сананың туындысы бола алмайтындығын аңғартады. Исламдық дүниетаным мен құндылықтарды дұрыс түсіну, терроризмді былай қойғанда, ниги­лизм, цинизм, шовинизм сынды заманы­мыздың кез келген «измдерінің» қарқынына мызғымас қалқан бола алады.

Басқаны айтпағанның өзінде, соғыс кезінде кінәсіз адамдарды өлтіру мен қанау­дың кез келген түріне тыйым салатын, «адам­зат баласының әр алуандығын (көпқыр­лылығын)» ашық, бұлтартпай мойындайтын, «әрбір адамды қандай болса сол күйінде» қабылдауды Жаратқанның әмірі деп білетін, өкілдері сан ғасырлар бойында шынайы әр алуан, ең плюралисті қоғамдардың негізін салушы болып табылатын, өз тарихында не колониализмді, не нәсілшілдікті, не апар­теидті, не екі Американың түпкілікті халық­тарын геноцидке ұшыратып байлықтары мен жерлерін басып алуды (ондаған миллион адамдар қайтыс болды), не Хиросима мен Нагасакиді (бір бомбалық соққының нә­тижесінде мыңдаған бейбіт тұрғындар мерт болып, миллиондаған адамдар науқас және мүгедек болып қалды), не ГУЛАГ-тарды, не жаппай репрессиялар мен ұжымдастыруды (ондаған миллион адамды, бүтіндей елдер мен әлеуметтік топтарды қырып салған), не ксенофобияны, не жаппай етек алған кон­сюмеризм мен цинизмді білмейтін Ислам сынды дінді және соның негізінде құрылған өркениетті аяқастынан күрт өзгеріп, тер­роризмге дем беріп, бейбітшілік пен тыныш­тыққа қауіп төндіреді деу, жұмсарта айтқанда, мүлде ақылға қонымсыз болып тұр.

– Исламды терроризммен қатар қоюдың астарында кейбір күштердің құрдымға кеткен Кеңестер Одағы орнына жаңа жаудың бейнесін жасау амалдары жатыр деп айтуға бола ма?

– Жүйелі түрде Исламды терроризммен қатар қоюдың басы – жиырмасыншы ғасыр­дың тоқсаныншы жылдары. Қырғиқабақ соғыстан кейінгі әлемдік саясат пен ха­лықаралық қатынастардағы тыныштық көптеген саясаткерлердің көңілінде үрей тудырды. Мәселен, АҚШ президенті болған тұста үлкен Буш: «Біз Қырғиқабақ соғыста жеңіске жеттік, алайда біз өзіміздің «қарсы­ласымызды» жоғалттық, оның үстіне, біз сыртқы саясатымызды өрге сүйреп тұрған ұлттық ұйысу факторын да жоғалттық» де­генді айтып салды.

«Первая Церковь Христа» атты діни ұйымға тиесілі Christian Science Monitor атты газеттің жазуынша, «аль-Каида», «джихадизм» терминдерін басқа-басқа емес ең алғашқы болып батыстық барлау органы қызметкерлері айналымға енгізгені көкірек көзі ашық адамға ой салуға тиіс.

Мынаны да ұмытпаған жөн деп ойлаймын, казіргі заманда адамдарды мәңгүрттендіру үшін қолдануға болатын көптеген психо­троптық дәрі-дәрмектер бар, олдарды кейбір күштер оп-оңай қолдана алады. Яғни кез кел­ген ақыл-есі бүтін адамды қысқа мерзім­де «өз қожайындарының» қандай да болма­сын тапсырмасын орындауға дайын «зом­билар» мен «адам роботтарға» айналдыра­тын көп­теген дәрі-дәрмектер, сондай-ақ арна­йы психологиялық әдістер де бар.

– Елімізде орын алған лаңкестік оқиғалар туралы қандай сараптама жасауға болады?

– Соңғы уақытта елімізде орын алған бір­қатар лаңкестік оқиғалар Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыруды, мемлекеттік органдардың абыройын түсіруді, дін мен зайырлылыққа қатысты әртүрлі түсінікке ие адамдар мен топтардың және әртүрлі діни топтардың арасына от тастауды көздейтін қара күштердің бар екендігі жайлы ойлауға негіз бола алады. Жақын уақытта бірқатар мемлекеттерде осы тектес қайғылы жайт­тардың болғаны және кейбір қара күштердің (Италияда «Гладио», Түркияда «Эргенекон») бұларды ұйымдастырғаны анықталып отыр. Бұл мысалдардың елімізде жіті зерттелуі қажет деп ойлаймын.

– Сонымен, терроризм мен экстремизм мәселесін қалай шешуге болады?

– Құрандағы алты мыңнан аса аяттың ішінен алты-жеті аятты бөліп алып, Ислам діні қайнаркөздерін тәпсірлеудің классикалық дұрыс әдіснамасын лақтырып тастайтын терроризмнің модернистік иделогиясын Исламның бұрыс трактовкасы деп айтуға болмайды. Басқалай айтқанда, терроризм тіпті Исламның қате түсіндірілген түрі де бола алмайды ( дұрыс түсіндірмеушілік – «тәп­сіршінің рұқсат етілген шеңбер аясын­­да отырып, қате ұғындыруы» дегенді білдіре­ді). Себебі ол бүтіндей Исламнан тыс, оның қандай түрі жайлы әңгіме қозғалғанымен, ислам құндылықтары мен терроризмнің ара­сында жер мен көктей айырмашылық бар. Терроршылар – діни қайнаркөздерді ашық әрі мақсатты түрде бүлдіру, бұзып айту немесе діни мәтіндерді тәпсірлеу әдіснамасын то­лықтай елемей тәпсірлеудің бұрыс әдісна­масын қолданады.

Осыған байланысты еске сала кететін бір жайт, мұсылман әлеміндегі шынайы ислами дүниетанымның әлсіреп, жоғалып бара жатқандығының бір себебі «улемалардың» (мо­йындалған, танымал ислам ғұламала­ры), қоғамдағы салмағының әлсіреуі, тіпті кей­­бір елдерде олардың жойылып кетуі, айта­лық, атеистік саясат ұстанған бұрынғы Шығыс блогі қоғамдарында және отаршылдыққа ұшыраған басқа да көптеген мұсылман қоғамдарда. Ал «улема» болса, ислам қайнар­көздерінің дұрыс әдіснамасы мен ислами мұраның сақтаушысы, шырақшысы болып табылады.

Екіншіден, экстремизм мен радикализм­мен күресу: адамдардың бойына этикалық қасиеттер дарытып, идеологиялық және өмірлік-стилдік плюрализмді қабылдау бейімділігіне үйрететін зайырлы білім-беру жүйесі мен ағартушылық арқылы да жүзеге асу керек.

Үшіншіден, ата-аналар мен туған-туыстар жас ұрпақты, балаларын сүйіспеншіліктің бесігіне бөлеу үшін отбасы институтын кү­шейтудің маңыздылығы өте зор. Сол арқылы, ауылдарда, оқу орындарында, қала аула­ларында жұқтыруға жеңіл «ұры-қарылық түсініктер» (зоновские понятия, воровские понятия) мен қатыгездік сынды ауруларға шипа табуға болады.

Сонымен бірге қазіргі БАҚ-та көптеп кездесетін Исламды бұрмалап түсіндіретін, ориенталистік және нео-ориенталистік қасаң қағидалар мен штамптардан арылу керек.

Соңғысы әсіресе, жауапты органдар мен мекемелерге барынша сақ әрі объективті болу керек. Себебі егер терроризм мәселесімен бетпе-бет келген көптеген елдердің көп жыл­ғы тәжірибесін қаперге алатын болсақ, терроризм, әдетте кейбір ішкі және сыртқы күштерге тәп-тәуір бетперде болып табылады. Ондайлар қоғамда тұрақты үрей тудыру арқылы өз мақсаттарына жетуді көздейді, ал мұндайда кейбір мұсылмандар (немесе өздерін мұсылман ретінде таныстырып жүр­ген жандар) бостан-босқа олардың қол­шоқпарларына айналып жатқандарынан өздері де бейхабар болады.

Сөзімнің соңында оқырмандарды бүгін басталған қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтағым келеді. Әрбір мұсылман үшін Құрбан айт – қасиетті, мүбәрак мейрам. Құр­бан айт секілді ұлық мейрам арқылы елдің береке-бірлігі, ынтымағы, достығы артып, тәуелсіздігіміз баянды болсын деймін.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Төреғали Тәшенов

sunna.kz

 

Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Исламдағы адам құндылықтары

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00