Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Құлшылықтың мәні

18.09.2013
- Ислам
0
236
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Күл­лі жа­ра­ты­лыс атау­лы – Аллаһ Та­ға­ла­ның құдіретін, ше­бер­лі­гін, ілі­мін, жал­ғыз­ды­ғын, ұлы­лы­ғын та­ны­тар же­ке-же­ке құ­дайы­лық мөр. Біз осы­лар­ға қа­рап Оны таны­дық, әлі де та­ну үс­тін­де­міз. Аллаһ Та­ға­ла Құран Кәрім­де:

خَلَقْتُ الجِنَّ وَالإنْسَ إلاَّ لِِيَعْبُدُونَ﴾﴿وَمَا «Мен жын­дар мен адам ба­ла­сын «тек қа­на (ме­ні та­нып), ма­ған ғи­ба­дат ет­сін» деп жа­рат­тым»[1] – дей­ді.

Де­мек, Аллаһ Та­ға­ла біз­ді бұл дү­ниеге Өзін мы­на жара­ты­лыс­қа қа­рап тап­сын, та­ны­сын, біл­сін, құ­ді­ре­ті­нің, ше­бер­лі­гі­нің, ілі­мі­нің ал­дын­да таң­ға­лып, бас исін, құл­шы­лық ет­сін деп жі­бер­ген. Мы­са­лы, кез-кел­ген атақ­ты су­рет­ші­нің та­би­ғат­ты өр­нек­те­ген су­ре­ті­не қа­рап таң­ға­лып, там­са­на таң­дай қа­ға­мыз. Оның өне­рін, ше­бер­лі­гін, та­лан­тын мой­ын­дап, оған мақтау ай­та­мыз. Ал, ен­ді сол су­рет­ші­нің сал­ған су­ре­тін бір сәт ба­ға­лап кө­ре­лік­ші!… Өс­пей­ді, өн­бей­ді, төрт мез­гіл­де әр түр­лі құ­бы­лыс­қа енбей­ді, ағаш­та­ры же­міс бер­мейді, су­ла­ры ақ­пай­ды, құс­та­ры сай­рап, ба­лық­та­ры жүз­бейді. Мі­не, біз­дер осын­дай жан­сыз, жа­сан­ды, кө­шір­ме су­рет­тер­ге қа­рап таң­ға­лып, таң­дай қа­ға­мыз. Бі­рақ сырт­та­ғы көр­кем­ді­гі ға­жап мы­на шы­найы әлем­ге кө­ңіл бөл­мей­міз. Он­да­ғы жұ­пар исі аңқы­ған сан алуан гүл­дер­ді, әр түр­лі же­міс-жи­де­гін шашу ет­кен ағаш­тар­ды, құр­лық пен те­ңіз­ді ме­кен­де­ген сан­сыз қа­сиет­ке ие жан­ды-жан­сыз атау­лы­ны, көз­дің жауын алар жа­сам­паз­дық­қа тұ­нып тұр­ған жал­пы та­би­ғат­ты жа­рат­қан не­гіз­гі Ұлы Су­рет­ші­ні, ше­бер Жа­ра­ту­шы­ны еле­меуге бо­ла ма? Са­на­лы адам үшін на­ғыз мақтау­ға ие сол Жа­ра­ту­шы емес пе? Қа­лай ға­на Оның құ­ды­ре­ті­нің, ше­бер­лі­гі­нің, ұлы­лы­ғы­ның ал­дын­да таң­ға­лып, Оған ма­дақ, мақтау айт­па­стан жай­бара­қат жү­ре аламыз?

Ен­де­ше, адам ба­ла­сы­ның ең бас­ты мін­де­ті – Ұлы Жа­ра­ту­шы­ны та­ну. Оның ұлы­лы­ғын дә­ріп­теп, «Аллаһу әк­бар», «Аллаһ Тағалам, сен қан­дай ұлы­сың!» деп бас иіп, ма­дақ ай­ту.

Шынайы бол…

25.11.2025
Бірінші байлық – денсаулық

Бірінші байлық – денсаулық

24.11.2025

Иә, Оның шек­сіз құ­ды­ре­ті­нің, ұлы­лы­ғы­ның, ше­бер­лі­гі­нің, ілі­мі­нің ал­дын­да таң­ға­ла бас иіп, мақтау ай­ту – құл­шы­лық­тың на­ғыз өзі.

На­ма­зы­мыз­дың әр рә­кат­ын­да үне­мі оқы­ла­тын «Фати­ха» сү­ре­сін­де­гі: «Бү­кіл ма­дақ та, мақтау да тек қана бү­кіл әлем­нің Раб­бы­сы – Аллаһ­қа тән» деу­дің мағы­на­сы да осы бол­са ке­рек.

Құл­шы­лық­тың та­ғы бір мә­ні – Ұлы Жа­ра­ту­шы та­ра­пы­нан біз­ге те­гін тар­ту етіл­ген сан жет­пес жақ­сы­лық, ри­зық, нығ­мет үшін рақ­ме­ті­міз­ді ғи­ба­дат ар­қы­лы біл­ді­ріп, Оның ал­дын­да қа­рыз­дар еке­ні­міз­ді мой­ын­дау.

Жан-жа­ғы­мыз­ды қор­шап жат­қан күл­лі бол­мыс атау­лы тек қа­на біз үшін жа­ра­тыл­ған. Аллаһ Та­ға­ла өзі­нің шек­сіз құ­ды­ре­ті­мен олар­ды әл­сіз, дәр­мен­сіз адам ба­ла­сы­ның қыз­ме­ті­не бас идір­ген. Алып та­би­ғат де­не­ле­рін Ұлы Жа­ра­ту­шы өзі бас идір­ме­се олар­ды күш­пен ба­ғын­ды­ру­ға адам ба­ла­сы­ның қауқа­ры жет­пе­сі дау­сыз.

Арай­лап таң­ның атуы, алау­лап күн­нің ба­туы кім үшін?!

Жо­сы­лып бұлт­тың кө­шуі, ер­ке­леп жел­дің есуі кім үшін?!

Сыл­дыр­лап ақ­қан өзен мен буыр­қа­нып та­сы­ған те­ңіз кім үшін?!

Қой­науын қа­зы­на­ға то­лы, тәк­кап­пар бей­не­де жа­рал­ған, ас­пан­мен та­лас­қан ас­қар тау­лар кім үшін?!

Еті­мен, сү­ті­мен, те­рі­сі­мен, жү­ні­мен өріс­те жүр­ген жан-жа­ну­ар атау­лы кім үшін?!

Жан-тә­ні­міз­ді сүй­сін­тіп, өне бойы­мыз­ды тол­қы­тып, ән са­ла­тын, то­ты, бұл­бұл жыр­шы құс­тар кім үшін?!

Жұ­пар исін аң­қы­тып, көз­дің жауын ала­тын, сан алуан түс­ті гүл­дер мен бал­дай тәт­ті же­міс-жи­дек кім үшін?!

Алып Күн де­не­сі­нің жы­луы мен жа­ры­ғы кім үшін?! Бір ға­на жауап – бә­рі де біз үшін. Бә­рі де адам ба­ла­сы үшін. Бә­рі де ар­дақ­ты жа­ра­ты­лыс иесі адамзат үшін.

Әр ай сай­ын қол­дан­ған ыс­тық, суық суы­мыз бен жақ­қан электр ша­мы­мыз­дың ақы­сын тө­леп жа­тыр­мыз. Ал, кө­зі­міз­ді аш­қан­нан бе­рі біз­ге жы­луы мен жа­ры­ғын күлім­дей төк­кен күн­нің Ұлы Иесі­не қан­дай ақы тө­ле­дік?! Тө­ле деп та­лап ет­кен­де не­міз­ді тө­лер едік?! Ен­де­ше, адам­ның мін­де­ті тек қа­на ішіп-жеп, тай­раңдау емес, осылар­ды те­гін бер­ген Ұлы Жа­ра­ту­шы­сы­на ал­ғыс білдіріп, құл­шы­лық жа­сау.

Абай ата­мыз­дың айт­қа­нын­дай:

«Ма­хаб­бат­пен жа­рат­қан адам­зат­ты,

Сен де сүй Ол Ал­ла­ны жан­нан тәт­ті».

Біз­ге сүйіс­пен­ші­лік­пен қа­рап, тау­сыл­мас қым­бат нығ­мет­тер­ді сый­ла­ған Ұлы ие­міз­ге біз де сүйіс­пен­ші­лік­пен қа­рап, бас иіп, ал­ғы­сы­мыз­ды ғи­ба­дат ар­қы­лы біл­ді­руіміз – біз­дің ұмы­тыл­мас мін­де­ті­міз.

Адам де­не мен рух­тан тұ­ра­ды. Де­не­ні күн сай­ын ішкен-же­ген та­мақ ар­қы­лы қо­рек­тен­ді­ре­міз. Ал рух­ты немен қо­рек­тен­ді­ре­міз? Ру­хы­мыз­ды жә­не оның ма­за­сыз­ды­ғын да­мы­ған ғы­лым да, ша­рық­та­ған эко­но­ми­ка да, сәт са­нап өр­кен­де­ген мә­де­ниет те қа­на­ғат­тан­ды­ра ал­май­ды. Адам­ның төрт тү­лі­гі сай бо­лып, же­ге­ні май бол­са да, бәрі­бір оған бір нәр­се жет­пей тұ­ра­ды. Өйтке­ні, оның сұра­ға­ны зат­тық емес, ру­ха­ни бол­мақ. Де­мек, ма­те­ри­ал­дық де­не­міз­дің ма­те­ри­ал­дық қо­рек та­лап ет­ке­ні тә­різ­ді, рухы­мыз да ру­ха­ни қо­рек­ті та­лап ете­ді. Олай бол­са, рухы­мыз­дың, жан дү­ниеміз­дің қо­ре­гі – біз­дің на­ма­зы­мыз, ора­за­мыз, жал­пы күл­лі ғи­ба­да­ты­мыз. «Рағд» сү­ре­сін­де: أَلاَ بِذِكْرِ اللّهِ تَطْمَئِنُّ الْقُلُوبُ«Бі­ліп қой­ың­дар! Жү­рек­тер тек қа­на Аллаһ­ты ес­ке алу ар­қы­лы жай та­ба­ды», – деп, ғи­ба­дат жа­са­ған уа­қыт­та ға­на ру­хы­мыз ер­кін ты­ныс алып, жү­ре­гі­міз жай тауып, жан-дү­ниеміз ты­ныш­тық­қа, шек­сіз ра­хат­қа қауы­шып, ерек­ше ләз­зат­қа бө­ле­не­ті­нін біл­ді­ре­ді.

Нұс­қа айт­сақ, ғи­ба­дат – ру­хы­мыз­ға қо­рек, жү­ре­гі­міз­ге ши­па, де­не­міз­ге сау­лық, ақы­лы­мыз­ға ту­ра­лық, ерік-жі­ге­рі­міз­ге қуат, се­зім­де­рі­міз­ге ке­мел­дік, әл­сіз­ді­гі­міз­ге сүйе­ніш сый­лай­ды. Ғи­ба­дат – өмі­рі­міз­ді рет­ке кел­ті­ріп, кү­нә­лар­дың бат­па­ғы­на ба­ту­дан, ру­ха­ни лас­тық­тан сақтай­ды.

Ғи­ба­да­ты­мыз – екін­ші дү­ниеміз­ге жи­на­ған азы­ғы­мыз, мәң­гі­лік дү­ниеде ба­қыт­ты бо­лу­дың бір­ден-бір жо­лы да сол.

Ғи­ба­да­ты­мыз – бә­рі­нен бұ­рын Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның біз­ге жүк­те­ген ең ұлы па­ры­зы.

Ғи­ба­да­ты­мыз – има­ны­мыз­дың бел­гі­сі, әл­сіз­ді­гі­міз­дің, мұқ­таж­ды­ғы­мыз­дың, ша­ра­сыз­ды­ғы­мыз­дың, қыс­қа­сы, құл­ды­ғы­мыз­дың ны­ша­ны.

Біз­дің Аллаһ­қа бас июі­міз – бас­қа­ға бас имей­тін­ді­гі­міз үшін бе­ріл­ген шы­найы ан­ты­мыз бен сер­ті­міз. Өйткені, біз Аллаһ­қа құл бол­ған кез­де ға­на нәп­сі­ге, дүниеге жал­пы бар­лық бас­қа жал­ған құл­шы­лық­тар­дан құ­ты­ла­мыз.

Тә­ні­міз сәж­де­де ба­рын­ша кі­ші­рей­ген сәт­те, ру­хы­мыз Ұлы­лар­дың Ұлы­сы­на сам­ғай ұшып, кө­те­рі­ліп жа­та­ды.

Muftyat.kz

Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Имам Матуриди кім?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00