Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Намаздың пайдалары мен хикметтері

18.09.2013
- Ислам
0
165
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

На­маз – Аллаһ пен құл ара­сын­да­ғы байла­ныс не­гі­зі. Бес уа­қыт на­маз­ды ор­ны­мен оқып, үл­кен кү­нә жа­са­ма­ған адам­ның кі­ші кү­нә­ла­ры ке­ші­рі­ле­ті­ні жайлы аят­тар мен ха­дис­тер бар. Құ­ран­да бы­лай дейді: «(Ей, Мұ­хам­мед!) Са­ған уахи етіл­ген кі­тап­ты оқып, на­маз­ды орын­да. Кү­дік­сіз на­маз ар­сыз­дық пен жа­ман­дық­тан тыяды»[1].

Ха­зі­ре­ті Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) са­ха­ба­лар­ға: «Сен­дер­дің ара­ла­рың­нан бір адам­ның есі­гі­нің ал­дын­да өзен ағып, ол сол өзен­ге кү­ні­не бес рет шо­мыл­са, ол адам­да кір қа­ла­ ма?» – деп сұ­ра­ған­да, са­ха­ба­лар: «Жоқ қал­майды», – деп жауап қайыра­ды. Сон­да Аллаһ Ел­ші­сі (с.а.у.): «Су­дың кір­ді та­за­лайты­нын­дай бес уа­қыт на­маз да кү­нә­лар­ды та­за­лайды»[2].

Бас­қа бір ха­дис­те бы­лай дейді: «Бес уа­қыт на­ма­з бен жұ­ма на­ма­зы үл­кен күнә жа­са­ма­ған адам­ды ке­ле­сі жұ­ма­ға дейін­гі жа­са­ған кү­нә­ла­ры­нан арыл­тады»[3].

Ақы­рет­те адам ба­ла­сы есеп­ке тар­тыл­ған­да, ең ал­ды­мен на­маз сұ­ра­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Адам­дар­дың қия­мет кү­нін­де ал­ғаш есеп­ке тар­ты­ла­тын ама­лы мен іс-әре­ке­ті – на­маз». Ұлы Раб­бы­мыз ха­бар­дар бо­ла тұ­ра пе­ріш­те­ле­рі­не бы­лай дейді: «Құ­лым­ның па­рыз на­ма­зы­на қа­раң­дар. Оны то­лық орын­да­п па, ке­міс­ті­гі бар ма»? Егер оның па­рыз на­маз­да­ры то­лық бол­са, на­маз сауабы то­лық­тай жа­зы­ла­ды. Егер па­рыз на­маз­да­рын­да нұқ­сан­дық бол­са, Аллаһ Та­ға­ла бы­лай дейді: «Құ­лым нә­піл (сүн­нет) на­маз­да­рын то­лық оқы­ған ба екен?» Егер ол сүн­нет на­маз­да­рын то­лық оқы­ған бол­са, Аллаһ Та­ға­ла «Құ­лым­ның нұқ­сан па­рыз на­маз­да­рын нә­піл­дер­мен тол­ты­рың­дар», – дейді. Одан кейін па­рыз бол­ған бас­қа амал­дар да осы­лайша есеп­ке тар­ты­ла­ды»[4].

Шынайы бол…

25.11.2025
Бірінші байлық – денсаулық

Бірінші байлық – денсаулық

24.11.2025

Иә, адам­ды ең көр­кем түр­де жа­ра­тып, жер­ді бе­сік, көк­ті ша­ңы­рақ, күн­ді шы­рақ етіп игі­лі­гі­не ұсын­ған Ұлы Жа­ра­ту­шы адам­ға бер­ген мұн­ша­лық ырыс-бе­ре­ке­ті­нің қа­ры­мы­на шү­кір ету­ле­рін қа­лайды. На­маз – күл­лі шү­кір­ді қам­ты­ған ғибадат. Мы­на кө­рін­ген жә­не кө­рін­бе­ген шек­сіз әлем қа­ңы­ра­ған са­рай емес. Ке­рі­сін­ше, он­да Аллаһ Та­ға­ла­ға ғи­ба­дат ет­кен сан­сыз пе­ріш­те­лер бар. Кей­бір пе­ріш­те­лер жа­рал­ға­лы сәж­де­де.

Ен­ді бі­рі жа­рал­ға­лы рү­күғ­та тұ­рып, Аллаһ Та­ға­ла­ны пәк­теуде. Ен­ді бі­рі түрегеп тұ­рып, Аллаһ Та­ға­ла­ны нұқ­сан­дық пен шірк атаулы­дан пәк­теп, ғи­бадат ету­де. Мі­не, на­маз­да осы пе­ріш­те­лер­де­гі ғи­ба­дат тү­рі­нің бә­рі бар. Сол се­беп­ті, әлем тұтастай Ұлы Жа­ра­ту­шы­ға ғи­ба­дат­та. Мы­са­лы, алып бәйте­ректер кі­ші­лі­гін паш етіп, қол­да­рын жер­ге жай­ған сүм­бі тал­дар са­мал жел­мен тер­бе­ле қоз­ға­лып, Жа­ра­ту­шы­ға ғи­ба­дат жа­сайды. Пла­не­та мен ас­пан де­не­ле­рі бір-бі­рін бейне бір Қағ­ба тә­різ­ді айна­лып, күл­лі әлем Ұлы Жа­ра­ту­шы­ны пәктеп, өз тіл­де­рі жә­не іс-әре­кет­те­рі­мен ғи­ба­дат үс­тін­де. Мі­не, осы­ның бә­рі на­маз­да бар.

Әрі на­маз­да адам­ға па­рыз, сүн­нет ғи­ба­дат тү­рі­нің бә­рі бар. Бір мұ­сыл­ман на­маз­ға тұр­ған­да «Аллаһу әк­бар» деп бас­тайды. Яғ­ни, я, Ұлы Жа­ра­ту­шым! Мы­на әлем­ді сен жа­рат­тың. Ме­ні де сен жа­рат­тың. Мен се­нің құ­лың­мың. Сен Ұлы­сың. Одан кейін Аллаһ­ты пәк­теп, ма­дақ­та­ған дұ­ға оқы­ла­ды. Яғ­ни, ей, Ұлы Ием! Се­нің еш­қан­дай ор­та­ғың да, се­рі­гің де жоқ. Сен нұқ­сан­дық атаулы­дан мүл­дем ада­сың, пәк­сің. Осы­лайша мұ­сыл­ман әрі қа­рай қы­ра­ғат­қа бас­тар­да бар­лық қуыл­ған шай­тан­нан жә­не олар­дың жа­ман­дық пен ке­се­пат­тық іс-әре­кет­те­рі­нен Аллаһ Та­ға­ла­ға сиына­ды.

Бұл жер­де әл­сіз­ді­гін се­зі­ніп, Ұлы бі­реуді па­на­лау бар. Бұ­дан кейін қы­ра­ғат оқи­ды. Яғ­ни, на­маз­да Құ­ран оқу да бар. Әрі на­маз­да ора­за да бар. Өйтке­ні, адам на­маз­да бір нәр­се же­се, на­ма­зы бұ­зы­ла­ды. На­маз­да зе­кет те бар. Бү­кіл бес уа­қыт на­маз адам­ның ша­ма­мен жиыр­ма төрт са­ға­ты­ның бір са­ға­тын ала­ды. Адам өзі­нің күн­дік өмі­рі­нің бір са­ға­тын зе­кет етіп, Аллаһ Та­ға­ла жо­лы­на бе­ре­ді. Оның қа­ры­мы ре­тін­де ақы­рет­те Аллаһ Та­ға­ла жән­нат­ты бер­мек.

Жән­нат – адам­ның қиялы­на сыйма­ған, көз кө­ріп, құ­лақ ес­ті­ме­ген, бұл фә­ни­дің ба­қыт­ты мың жы­лы оның бір сә­ті­не де тұр­май­тын аса ға­жайып мәң­гі­лік ба­қыт ме­кені. Алайда, кей­бір мұ­сыл­ман­дар бұл ғұ­мыр­да өзім­нің діт­те­ген ме­же­ме же­те­мін, сон­дық­тан да бір са­ғат мен үшін аса қым­бат деп қан­ша ты­ры­сып, жиыр­ма төрт са­ға­тын жұм­сап, өмір ба­қи ұм­тыл­ға­ны­мен кө­бі­не­се мақ­сат­та­ры­на же­те ал­майды. «Бі­реу­лер оқы­сам» деп ар­ман­дайды. Оқы­ған соң жақ­сы қыз­ме­тім бол­са дейді. Оған қо­лы жет­се де қа­на­ғат­та­на қой­майды. Одан әрі жо­ға­ры кө­рін­ген биік­ке шық­сам деп ар­ман­дайды.

Фә­ни ғұ­мыр­дың биігі ешқашан біт­пейді. Бі­рі біт­се, бі­рі мен мұн­да­лап тұ­ра­ды. Бі­реу­лер ба­лам бол­са, ар­тым­да тұяқ қал­са деп ой­лайды. Бі­рақ ер­тең ба­ла­сы әке­сін дәл өзін­дей жақ­сы кө­ре ал­мауы мүм­кін. Не­гіз­гі мақ­сат пен тә­лім-тәр­бие­сін бе­ре ал­ма­са, кә­рі­лер үйі­нен орын алуы ық­ти­мал. Ен­ді бі­реу­лер би­лік­ке қол жет­кіз­сем деп, көк­пен та­лас­қан шың­ға қа­рай күл­лі өмі­рін сарп ете­ді. Ен­ді жет­тім де­ген­де не өлім мұ­ны қуып же­те­ді, не шық­қан шы­ңы­ның оңай емес еке­нін, оның жер­ден қа­ра­ған­да әл­де­қайда суық еке­нін, кез-кел­ген сәт­те найза­ғай-найза­ның ұшы­на шан­шы­ла ке­ту ық­ти­ма­лы бар еке­нін аң­ға­рып, үл­кен дер­тке ду­шар бол­мақ.

Қыс­қа­сы, фә­ни ғұ­мыр­дың фә­ни бе­ті­не қа­ра­ған бе­ті еш­қа­шан адам­ның жан-дүниесі­не ра­қат әкел­мейді. Ал на­маз оқы­ған адам­ның әр­бір іс-әре­ке­ті Аллаһ үшін бол­ған­дық­тан, қал­ған жиыр­ма үш са­ға­ты да Аллаһ үшін са­на­лып, күл­лі өмі­рі құт-бе­ре­ке­ге ай­нал­мақ. Өйтке­ні, на­маз оқу­шы – ғұ­мыр­ға не­ге кел­ге­нін ұғы­нып, өз мін­де­тін қал­тқы­сыз ат­қа­ру­ға ты­ры­сып, фә­ни­де өзін «жат жұр­ттық» са­нап, мәң­гі­лік ба­қыт ме­ке­ні мен өзін сүйіп жа­рат­қан Ұлы Жа­ра­ту­шы­сы­на қа­рай аса са­ғы­ныш­пен қа­дам бас­қан адам. Сон­дық­тан ақыр­ғы Пай­ғам­бар (с.а.у.): «На­маз – кө­зім­нің нұ­ры»,[5] – дейді.

На­маз­да қа­жы­лық та бар. Мұ­сыл­ман­дар на­маз оқы­ған кез­де құ­бы­ла­ға қа­рап тұ­ра­ды. Яғ­ни, өзін бейне бір Қағ­ба­ның ал­дын­да күл­лі мұ­сыл­ман­мен бір­ге на­маз­ға тұр­ған­дай се­зі­ніп, Ұлы Жа­ра­ту­шы­ға мойынсұ­нып, жү­рек­пен те­рең тағзым ете­ді.

На­маз – адам­ды Жа­ра­ту­шы Жап­пар Иеге жа­қын­да­та­ды. Рух пен ерік­ті күшейте­ді. Адам­ды са­быр мен шү­кір­ге үйре­те­ді. Құ­ран­да бы­лай дейді: «Сабыр мен на­маз ар­қы­лы Аллаһ­тан жәр­дем ті­лең­дер. Бі­рақ бұл Аллаһ­тан қо­рық­қан­дар­дан өз­ге­ге қа­шан да ауыр кел­мек»[6].

На­маз – адам ба­ла­сы­ның тән та­за­лы­ғы мен жан та­за­лы­ғы. Рух азы­ғы мен ар азы­ғы. Адам на­маз ар­қы­лы Ұлы Жа­ра­ту­шы­ға тағ­зым етіп, өзі­нің пен­де­ші­лі­гі­не тәубе ете­ді.

[1] Анкабут, 29/45.

[2] Бухари, Мәуақит, 6; Муслим, Мәсажид, 283; Тирмизи, Әбад, 80, 90; Насаи, Салат, 7.

[3] Муслим, Таһарат, 14-15, Тирмизи, Мәуақит, 46; Ибн Мажә, Таһарат, 79,106.

[4] Тирмизи, Салат; 118.

[5] Насаи, Ишаратун-Ниса, 1.

[6] Бақара, 2/45.

Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Намаздың дәлелдері

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00