Бейсенбі, 29 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тағдырға иман

18.09.2013
- Ислам
0
274
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

 

«Еш күмәнсіз Біз барлық нәрсені арнайы есеппен жараттық»

«Қамар» сүресі

«Тағдырға иман еткен жан – басынан барлық уайым-қайғы кеткен жан»

Рамазанда жұмыс уақытын қысқартуға бола ма?

Қасиетті үш ай: Ережеп, Шағбан, Рамазан – рухани жаңару маусымы

20.01.2026
Шағбан айының қасиеті неде?

Шарапаты мол Шағбан

19.01.2026

Қанатты сөз

Ислам дініндегі иман негіздерінің соңғысы – тағдырға иман. Пайғамбарымыздан (с.а.у.) «Иман дегеніміз не?» – деп сұраған уақытта: «Аллаға, періштелеріне, кітаптарына және пайғамбарларына, ақырет күніне, тағдырдың жақсысы мен жаманына иман ету», – деп жауап берген.

Тағдыр сөзі – бір нәрсені белгілі бір өлшем, мөлшерге қарай реттеу, арнайы есеппен жүйелеу, жобалау деген мағыналарды білдіреді.

Ал, шариғаттық термин бойынша: Өткен шақ, осы шақ және келер шақтан, яғни, жалпы уақыт ұғымынан пәк – Ұлы Алланың әу бастан қияметке дейін және қияметтен кейін болатын барлық нәрсені, барлық оқиғаны жаратпастан бұрын шексіз, әзәли ілімі арқылы егжей-тегжейіне дейін білуін және оларды белгілі бір өлшем, мөлшерге қарай реттеуін, белгілі бір есеппен жүйелеуін, арнайы бір жобамен тағайындап белгілеуін «тағдыр» дейміз.

Ұлы Жаратушының тағдыры тек адамға ғана байланысты емес, жалпы болмысты, күллі жаратылысты қамтиды.

Жалпы жаратылысқа байланысты тағдыр

Жалпы ғаламға көз жүгірткен уақытта әр нәрседегі арнайы өлшемді, нәзік есепті, жалпы әлемді қамтыған таңғажайып жүйені байқаймыз. Әр нәрсе өзінің бойына берілген бағдарламамен жүруде. Мысалы, өрік ағашы кішкене дәнегіне қойылған бағдарлама арқылы жер бетіне қылтия шығып, күннен-күнге жайқала өсіп, көктем кіре бүршігін атса, артынан жемісінің сүйіншісі іспетті гүлін ашады. Сосын сол бағдарламаға қарай өзіне тән аңқыған иісімен, көзді тартар реңімен, балдай тәтті дәмімен құлпыра өскен жемісін береді. Күн Алланың қойған бағдарламасына қарай арайлап атып, алаулап батады. Сол бағдарламаға қарай сәулесін шашып, жылуын төгеді. Жердегі судың бу боп көтеріліп, артынша бұлтқа айналып, уақыты жеткенде жерге қайта жаңбыр боп жаууы, құрғақ топырақтың, жалпы суға мұқтаждардың қажетіне жарауы – Ұлы Жаратушының арнайы бағдарламасына қарай жүзеге асады. Судағы ағу, тастағы қаттылық, жердегі тартылыс заңдары – бұл әрқайсысының өзіндік тағдыры. Құстардың ұшуы, балықтың жүзуі, еліктің жүгіруі – бәрі-бәрі Ұлы Жаратушының әрқайсысына лайық етіп қойған заңдары, арнайы тағдыры болмақ.

Құран Кәрімде:

﴿إِنَّا كُلَّ شَيْءٍ خَلَقْنَاهُ بِقَدَرٍ﴾

«Еш күмәнсіз біз барлық нәрсені арнайы есеппен жараттық».

﴿وَخَلَقَ كُلَّ شَيْءٍ فَقَدَّرَهُ تَقْدِيراً﴾

«…Барлық нәрсені жаратып, әрқайсысына белгілі бір өлшем берді» , – деп жалпы әлемдегі осы арнайы есепке, тағдырға назарымызды аударады.

Демек, Ұлы Жаратушымыз әр нәрсеге өзіндік тағдырын жазған. Жаратылыстағы әрбір нәрсе сол тағдырдан, арнайы бағдарламадан асып, жалпы жүйеден шығып кете алмайды. Әлемдегі бас айналдырар мына теңдессіз сұлулық, ерекше жүйе – алдын ала белгіленген арнайы жобаны, дәлме-дәл есепті, яғни, иләһи тағдырды нұсқайды.

Жымыңдап, жарқыраған сансыз жұлдыз белгіленген өз межесінен еш ауытқымай қозғалып, ғарышта жүзіп жүрсе, жан-жануар, өсімдік, жалпы жаратылыс Алла Тағаланың жазған арнайы бағдарламасын айна-қатесіз қайталап ғұмыр кешеді.

Қайрат Жолдыбайұлы

 

Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ағым түбі – алауыздық
Видео

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Жаңа айды көргенде не айту керек?
Сұрақ-жауап

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Абайдың Аллаһ тағала хақында көзқарасы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Ағым түбі – алауыздық
Видео

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Жаңа айды көргенде не айту керек?
Сұрақ-жауап

Жаңа айды көргенде не айту керек?

28.01.2026
АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті
Жаңалықтар

АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті

28.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00