Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Заманымыз Исламға сай болса…

19.09.2013
- Қоғам
0
222
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

 

Қазақ эстрадасында (діни) илләһи әндер баршылық. Адамның рухани толысуына сеп болатын дініміз Ислам жайлы, Алланы мадақтап ән жазып, оны орындап елдің алғысын алған азаматымыз Марат Омаровпен сұхбаттасқан едік. Қазақ қоғамындағы Ислам дінінің орны, мұсылман әйелдердің болмысы жөнінде және өзі жазған әннің тарихы жайлы ой бөлісіп, пікір айтуын сұраған болатынбыз. Ендеше, сөз сазгер әрі танымал әнші бауырымызда…

   Жақында түрік бауырларымыздың бастамасымен Кипр қаласында әлемнің түкпір-түкпірінен мұсылман қауымы жиналып, Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһис салам) туған күні, Мәуліт мерекесіне орай тамаша бір іс-шара ұйымдастырылды. Сол кешке біз де шақырылып, қатысып қайттық. Исламды насихаттауда аянбай еңбек етіп жүрген көптеген бауырларымызбен танысып, келешекте жақсы жобаларды бірлесіп іске асырсақ деген ортақ шешімге келіп, байланыс орнатуымыздың сәті түсті.

     Шетелдік мемлекеттерге жиі барып тұрамын. Бізден көш ілгері дамыған елдердің тұрғындары заман жетегінде кетпей, керісінше, заманның өзін Ислам жетегіне салып, мұсылман болып өмір сүруді қалайтындықтарын аңғардым. Дәм-тұздың жазуымен, Малайзияға барғаным бар. Елу жыл ғылшындардың қол астында болған олардың ағылшын тілін еркін меңгеріп алуы заңдылық, әрине. Бірақ, елдің әрбір азаматы үшін малай тілін білу – міндет. Тағы бір үлгі етуге лайық үрдіс – әкенің балаға Құран Кәрімді оқытып, жаттатуы – олар үшін парыз.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

     Сол жолы әнші Назалита қарындасымызды кездестірдім. Оның киген киімінен, жүріс-тұрысынан Исламды берік ұстанатындығын, ал тұрмыс-тіршілігін заман ағымына сай ұйымдастыратындығын аңғардым. Ол хиджабпен сахнадан илләһи ән шырқады. Оның шырқаған әнін тебіреніп, толқымай тыңдау мүмкін емес еді. Әнімен тыңдаушыларға керемет тартымды әсер қалдыруына оның киген киімі ешбір бөгет жасаған жоқ. Жалпы, шет елдерге барып жүріп байқағаным – Еуропа немесе Америка болсын, тіпті, Таяу не Қиыр Шығыс болсын, діни қағида бойынша өмір сүру ешкімге таңсық емес. Бәрі орынды, дұрыс түсіністікпен қабылданады. Біздің елде де сондай түсінік қалыптасқаны жөн болар еді. Осыған қатысты, өз өмірімнен бір мысал келтіре кетсем. Аллаға шүкір,зайыбым – намазға жығылған мүмин адам. Алғашқы жылдары мұсылман үлгісімен ол да хиджаб киіп жүрді. Екеуіміз қандай да бір көпшілік жиналған жиын-тойға бара қалсақ, жұрттың назары бірден бізге ауатын. Сан түрлі сөз, сын мен мін айтылып жатты. Қысқасы, әйелімнің шариғатқа сай киінгеніне көпшілік тосырқап қарады. Бұл, әрине, зайыбым екеуіміздің арамызда біраз әңгімеге тиек болғанын жасырмаймын. Кейіннен келіншегіме киім кию мәдениетін, сенім беріктігі мен имани қуатын өзіне тапсырдым. Қоғам имандылығын нығайтуға әлі де көп еңбек ету керектігіне сонда көзім жетті. Біле білсек, Ислам ешкімнің құқығын шектемейді ғой. Ал, жалпы алатын болсақ, бүгінгі қоғамның мұсылмандыққа ден қойып, талпынуы – көңіл көншітерлік жағдай.

     Таяуда қаламыздағы ер балалар пансионатына бірнеше шәкіртімді ертіп бардым. Ондағы ұстаздармен, балалармен танысып, азды-көпті дәріс тыңдап, пікір алмасып қайттық. Жас шыбықты қалай исең, солай иіліп өседі емес пе?! Жасөспірім буынды Исламға бейімдеп тәрбиелесек, ұлтымыз ұтылмас еді деген ойға келдім. Бала бойына имандылық ұялататын мүмкіндіктерімізді жіберіп алмауымыз керек. Осындай ойлар жастарды жаңаша бағытта тәрбиелеcек деген мақсатқа жетеледі. Жалпы, мектеп ашып, шәкірт тәрбиелеу – ертеден көңілде жүрген арманым болатын. Екінші сыныпта оқып жүргенімде Шәмші ағамыздың (Қалдаяқовтың) «Ана туралы» әнін айтып, батасын алған едім. Батаның шапағаты тиіп, арманымның қанаты қатайып, жақында Астанада халықаралық «Талант» атты мәдениет орталығын аштық. Кәсібім – өнер, өмірлік ұстанымым – иман болғандықтан, осы өнер ошағымыздан илләһи әндерді орындайтын талантты орындаушылар тәрбиелеп шығарсақ деген ниеттеміз. Сахналық өнердің қыр-сырын үйретумен қатар рухани дүниелер қатарын көбейтсек. Шүкіршілік айтайын, бүгін, мінекей, сол өнер шаңырағында екеуміздің сұхбаттасуымызды нәсіп етіпті, Алла Тағалам.

     Әрине, шешімін таппаған мәселелер әлі де көп. Жеке азамат ретінде мен үшін басты мәселенің бірі – Исламды заманға сәйкес насихаттау. Сонда қоғамымыздың иманы күшті болмақ. Әйел-аналарымыз бен қыз-келіншектеріміз салиқалы да парасатты ұлттың қайнар көзі дер едім. Сондықтан Сіздердің жаңадан ашылғалы отырған журналдарыңыз дүниеге дер кезінде келген басылым болмақ. Халық арасында, оның ішінде кез келген отбасының алтын қазығы – әйелдер арасында Ислами ағарту жұмыстары тап осындай журналдар арқылы іске асатыны ақиқат. Сіздердің қолға алып отырған осынау жауапты істеріңізге сәттілік тілеймін. Әркім өзінің шама-шарқынша Исламға қызмет етсе, нұр үстіне нұр болар еді. Осы хақында тағы бір жақсы мысалдың реті келіп тұр, айта кетейін. Кезінде Американың рок жұлдызы болған, қазіргі таңда әлемдік эстрада сахнасында илләһи әндерімен көпке танымал Юсуф Ислам, көлік апатына ұшырағанда: «Я, Алла, бар екенің рас болса, аман қалдыра гөр, ғұмыр бойы құлшылық етейін» деген екен. Аман қалған ол, бірден Исламды қабылдап, дінге қызмет етуге кіріседі. «Илләһия» деген атпен мектеп ашып, шәкірт тәрбиелеуде. Илләһи әндерді нәшіне келтірген ол, мұсылман қауымының мақтанышына айналды. Өткенде бір шет елдік журналға Юсуф Ислам бауырымыз біздің «Мекке – Мәдине» деген әнімізді тыңдап, менімен жақынырақ танысқысы келетіндігін айтып сұхбат беріпті. Оған біз қуанып қалдық. Ниет түзу болса, Алла Тағалам ешкімді де ескерусіз қалдырмайды екен. Мекке барып, ән жазып, клип түсіріп, елдің мақтауын естиін деген есепті ой менде болған емес. Алла қаласа, біз Юсуф Исламның келгенін күтіп отырмай-ақ, байланысқа өзіміз шықпақпыз. Біздің Қазақстаннан шыққан өрендеріміздің илләһи өнеріне әлем құлағын түрсе, бұл да Құдайдың шексіз кереметтерінің бірі болмай ма?!. 

     «Мекке – Мәдине» әні 2001 жылы зайыбым екеуміз қажылық сапарға барғанда дүниеге келіп еді. Қажылықта жүргенде әлдебір ғажайып сезім бойымды билеп, құлағыма, көкірегіме әннің әуені мен сөзі орала берді. Кейіннен Түркияда үш күн аялдап, бір студияда әнді дискіге көшіріп алдық. Жолшыбай танысқан «Хабар» агенттігінде қызмет істейтін Эльвира қарындасымыз әнімізді тыңдап, клип түсіруге келісім сұрады. Қазір көгілдір экраннан көріп жүрген бейнеклиптеріңіз осы болатын. Орайлы сәтті пайдаланып, журналдарыңыз арқылы, көпшілікке «Мекке-Мәдине» әнінің сөзін тарту етейін. Ал журналдың редакциялық алқасына тілейтінім – Алланың ризашылығына бөленіңіздер. Сіз болып, біз болып, Ислам насихатында мол жетістіктерге жете берейік.

«Мекке – Мәдине» әні

(әні мен сөзі М. Омаровтiкі)

Меккеге барғанымда
Мәдине қаласына
Алланың нұры жауған
Мұсылман баласына
Бас иіп сәжде қылдым
Тәу етіп Қағбасына

Саллаллаһу ғала Мұхаммад
Саллаллаһу ғала Ахмад

Саллаллаһу ғала Мұхаммад

Я, Расул Аллах!

Меккеге барғаныңда
Мәдине қаласына
Жүректің лүпіліне
Аманат саласың ба?!.
Құранды қазық еткен
Ұрпақтың санасына

Саллаллаһу ғала Мұхаммад
Саллаллаһу ғала Ахмад

Саллаллаһу ғала Мұхаммад

Я, Расул Аллах!

http://www.muslimwomen.kz

Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мұсылманға музыка тыңдау харам ба?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00