Дүйсенбі, 23 Ақпан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зекет – мұсылман қауымға парыз

20.08.2013
- Ислам
0
147
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Зекеттің мұсылман қауымға парыз болуы Мәдина дәуірінде, хижреттің екінші жылына сәйкес келеді. Құранда зекет парыз ғибадаты ретінде отыз жерде айтылса, оның жиырма жетісінде намазбен қатар айтылады. Мұның өзі бір жағынан зекеттің намазбен тығыз қатынасын білдірсе, екінші жағынан оның намаздан кейінгі үлкен парыз екендігін көрсетеді. 

Атап айтсақ, «Намаз оқыңдар, зекет беріңдер», «олар намаз оқиды, зекет береді» сияқты мағынадағы ұқсас аяттар «Ахзаб» (33/33), «Бақара» (2/3, 43, 83, 110, 177, 277), «Ниса» (4/77), «Хаж» (22/78), «Нұр» (24/57), «Мужадала» (58/13), «Музаммил» (73/20), «Тәубе» (9/5, 11, 18, 71), «Бәиинә» (97/5), «Маида» (5/12, 55), «Әнфал» (8/3), «Нәмл» (27/3), «Лоқман» (31/4), «Рағд» (13/22), «Фатр» (35/29) сүрелерінде кездеседі. Ал, «Олардың дүние-мүліктерінен зекет ал, сөйтіп оларды тазартып, кірден арылт…» («Тәубе», 9/103) деген аят арқылы Пайғамбарымызға (с.ғ.с) зекетті жинау жұмысын ұйымдастыруға байланысты нақты әмір беріліп, «Тәубе» сүресінің 60-шы аятында жиналған зекеттің кімдерге үлестірілуі қажеттігі туралы толықтай нұсқаулар айтылады.

 Осы тұстан бастап, Алланың Елшісі өзінен дінді үйренуге келгендерге намазбен бірге зекетті де әмір етіп отырған. Яғни, зекет Исламның басты парыздарының қатарына кіріп, оны жоққа шығарған адам күпірлікке аяқ басады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) соншалықты ұқыптылықпен мән берген зекет ғибадатына одан кейінгі халифалары да көп көңіл бөлген. Соның арқасында, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) «Бір күн келеді, қолында  алтыны бар кісі садақа алатын адам іздейді, бірақ ондайды таба алмайды…» деген сөзі шындыққа айналып, Омар бин Абдулазиздің халифалығы кезінде, адамзат баласы әлі күнге дейін құруға тырысып келе жатқан – бақытты қоғам орнағаны тарихтан белгілі. 

Ол кезде халифаның Құран мен сүннетке және төрт ұлы халифаның жолына негізделе жүргізген әлеуметтік-экономикалық саясатының арқасында, кедейлердің жағдайы жақсарып, зекет беретін адам табылмайтындай жағдайға жеткен. Бұл саясаттың түп төркінінде зекет институты тұр еді. Яхъя бин Саидтің риуаятында мынадай оқиға баяндалады: «Бір жолы Омар бин Абдулазиз мені зекет пен садақаларды жинап, тиісті кісілерге тарату үшін Африкаға жіберді. Зекетті жинауын жинадық, бірақ беретін кедей адам іздеп едік, таппадық. Сұраушылар да болмады. Өйткені олардың бәрінің жағдайы түзелген еді. Ақырында ол ақшаға құлдар сатып алып, азат еттік» (Ибн Абдилхакам, Әбу Мухаммад, Сирату Омар бин Абдулазиз ала ма Рауаһу Имам Малик бин Әнәм уа асһабуһу; Дамаск, 1954). Иә, Омар бин Абдулазиздің кезінде зекетке мұқтаж кедейлер қалмағаны былай тұрсын, бұрынғы кедейлердің өздері зекет беретін жағдайға жеткен.

Жақсылықта жарысу

23.02.2026

Қасиетті Рамазан және тарауық намазының сауабы

19.02.2026

Қазіргі кезде шешімін таппай жатқан көптеген әлеуметтік, қоғамдық мәселелердің түйіні, шынайы мұсылман қоғамында зекет институты арқылы өздігінен шешіліп отырғаны бүгінгі ұрпаққа сабақ боларлықтай. Өйткені, Жаратқанның (түбінде адамның өз пайдасы үшін) адамға жүктеген үлкен ғибадаты – зекеттің жеке тұлғаларға беретін сансыз сауабы, осы дүниедегі береке мен рухани ләззатынан,  ақыретте күтетін шексіз нығметтерден бөлек, тұтастай қоғамға берер пайдалары да өте көп.

http://www.muftyat.kz/index.php?newsid=4845

Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды

23.02.2026
Ислам

Жақсылықта жарысу

23.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Еркебұлан Ыбырайымұлы, Нұрлан Сайлауұлы. Құран оқып-үйренейік!

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    119400 бөлісті
    Бөлісу 47760 Твитерге 29850

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды

23.02.2026
Ислам

Жақсылықта жарысу

23.02.2026
Исламда аманатқа қиянат жасау туралы не айтылған?
Сұрақ-жауап

Исламда аманатқа қиянат жасау туралы не айтылған?

23.02.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00