Сәрсенбі, 4 Ақпан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жан тәсiлiм халiндегi адам жайлы үкім

17.08.2013
- Ислам
0
262
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жан тапсырайын деп жатқан адамды оң бүйiрiне жатқызып жүзiн қыбылаға бұру сүннет. Себебі хазреті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдинаға келген кезде Барр ибн Маърур деген кісі жайлы сұрады. Сахабалар (р.а): «Ол дүниеден өтті. Малының үштен бірін саған беруді және жан тәсілім етерде жүзін қыбылаға қаратуды өсиет етті», – деп жауап берді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Онда ол исламды таңдапты. Малының үштен бірін баласына қайтардым», – деген.
Маулана Низам «әл-Әламгирия» пәтуәларында да: «Жан тәсілім халіндегі кісі оң бүйіріне жатқызылып жүзі қыбылаға қаратылады. Бұл сүннәт амалы»,-делінген.
«Әл Бахр ар-Раиқта» да: «Жан тәсілім халіндегі кісі оң бүйіріне қыйсайтыңқырап жатқызылып жүзі қыбылаға қаратылады. Себебі ол ғибрат етілген сүннәт. Оны орындау қиын болса, онда аяғын қыбылаға бағыттап, шалқалай жатқызып, басын көтерiңкiреп, жүзi қыбылаға қаратылады»,-делінген.
Жан тапсырайын деп жатқан адамға «Лә иләһә иллаллаһ» кәлимасын айту үшін қасында шәһада кәлимасын (куәлік сөзі) қайталап тұру – мұстахаб. Себебi, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Ибн Омар Әбу Хафс (р.а.) риуаят еткен хадис шаріпiнде:
«لقنوا موتاكم لا إله إلا الله، فإنه ليس مسلم يقولها عند الموت إلا أنجته من النار «
«Жан тапсырайын деп жатқан адамға «Лә иләһә иллаллаһ» кәлимасын айтып тұрыңдар. Өйткенi өлiм халiндегi мұсылман «Лә иләһә иллаллаһ» десе тозақтан босатылатынына шүбә жоқ», – деген.
Бурһан ад-Дин әл-Марғинанидің «Һидаясында»: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жан тапсырайын деп жатқан адамға «Лә иләһә иллаллаһ» деп айтып тұрыңдар», – деген хадисіне қоса, шәһадат кәлимасын айт дейді.
Өлім халінде жатқан адамға қырылдап қалмай тұрып «Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мухаммадар расулуллаһ», – деп кәлиманы жай дауыспен айтып тұру керек. Бiрақ бұл сөзді айтқызу үшін зорламау керек.
«Лә иләһә иллаллаһ» дегеннен соң дүнияуи сөз сөйлемесе, оған аталмыш кәлимәнi қайталатудың қажетi жоқ. Ал егер кәлимәдан кейiн дүнияуи сөз сөйлеп қойса, онда кәлимәнi қайта айтуы үшін есіне салған жөн.
Жан тапсырайын деп жатқан кісінің жанында бала-шағасы мен ең жақын адамдары және дос-жарандарының болуы – мұстахаб.
Маулана Низам (р.а.) «әл-Аламгирия фәтуәларында» да: «Қасында тұрған кісілердің сырқатқа дұға етуі- мұстахаб»,-делінген.
«Әл-Бахр ар-Раиқта»: «Хайз (етеккір) немесе нифас (әйелдерде босанғаннан кейінгі) жағдайдағы әйелдер және жүніб, яғни ғұсыл құйынуы тиіс жандар жан тапсырайын деп жатқанда жанында болмағаны жөн. Қайта өлім халінде жатқан кісінің қасына хош иісті әтір қою – мұстахаб»,-деген.
Өлім халінде жатқан кісінің қасында қасиеттi Құранның «Йәсин» – сүресiн оқу мұстахаб.
Себебi Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Әбу Дәуд (р.а.) риуаят еткен хадис шаріпiнде:
: «ما من مريض يقرأ عنده «يس» إلا مات ريان ، و أدخل قبره ريان ، و حشر يوم القيامة ريان» رواه أبو داود
«Ауырып өлiм халiнде жатқан адамның қасында Йәсин сүресi оқылса, ол шөлi қанған күйiнде жан тәсілім етеді, шөлі қанған күйінде қабiрге кiредi және қиямет күнiнде де шөлi қанған күйiнде қайта тiрiледi»,- деген.
Әл-Аламгирия» және «Бахр ар-Раиқта»: «Йасин сүресін оқу мустахаб және оны жан тәсілім еткенше оқиды»,-делінген.
Әбу Ханифа (р.а.) мазхһабы ғұламалары өлім халінде жатқан кісі жанында «Йасин» сүресін оқуды жөн санаған. Ал, қайтыс болған кісі жуылғанға дейін жанында Құран оқу мәкрүһ. Жан тапсыратын адам Аллаһ тағала туралы жақсы ойда болуы керек. Өйткенi Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзінің имам әл-Бұхари, имам әл-Муслим (р.а.) риуаят еткен хадисте:
«لا يموتن أحدكم إلاّ و هو يحسن الظن بالله تعالي
«Аллаһ тағала өзін жарылқайды және рахымына бөлейді»,- деп өлiм халiндегі кісі Аллаһ Тағала туралы тек жақсы ойда болуларың керек»,- деген және құдси хадисте Аллаһ Тағала:
و في الصحيحين قال الله تعالي » أنا عند حسن ظن عبدي بي
» Құлым мен жайлы қандай ойда болса, мен де сондай боламын», – дейді.
Жан тапсырғалы жатқан адамның қасында отырған кiсi оны Алла тағала туралы жақсы ойға бағыттап отыруы – мұстахаб.
Жан тапсырған соң мәйіттің көзiн жұмдыру және де оның көзін жұмдырып жатқан кісі: «Бисмилләһи уә ъалә милләти расулилләһ (с.ғ.с.)» деуі – сүннет.
Сахабаларының бірі Әбу Салама (р.а) қайтыс болғанда Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) осылай еткенi және осылай айтқаны туралы риуаят етілген.

Қадір түні қандай амал жасаған абзал?

Бараат түні туралы

03.02.2026

Дұға мен тілек тілеудің әдебі

02.02.2026
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қадір түні қандай амал жасаған абзал?
Ислам

Бараат түні туралы

03.02.2026
Хьюстон қаласында отандастармен жүздесті
Жаңалықтар

Хьюстон қаласында отандастармен жүздесті

03.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Жаназа пәтуасы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Қадір түні қандай амал жасаған абзал?
Ислам

Бараат түні туралы

03.02.2026
Хьюстон қаласында отандастармен жүздесті
Жаңалықтар

Хьюстон қаласында отандастармен жүздесті

03.02.2026
Тәубе
Ғибратты әңгімелер

Тәубе

03.02.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00