Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ғылым мен хикмет

23.08.2013
- Қоғам
0
185
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

 

Қазақтың ең ұлы ағартушыларының бірі Ыбырай атамыз:
«Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды», – деп өз заманындағы өнерлі елдерді жастарға үлгі етіп жырлайды. Ал бүгінде ше? Өнерлі жұрттардың жеткен жері қайда, біз қайда? Осы жайында аз-кем әңгіме жүргізбекпіз.

Байқап қарасақ, бүгінгі ХХІ ғасыр – қауіп-қатер, қиыншылықтарымен бірге жақсылығы мен мүмкіндіктері де мол кезең. Ғылым да, жаңа технологиялар да дамыған заман. Алайда мұсылман әлемі осы мүмкіндіктерді әзірге барынша кең пайдалана алмай жүрген секілді. Ал, негізінде, Алланы танып, оның Құранын оқи алатын адамдардың ғылым жөнінен тереңдеуге мүмкіндігі мол. Қасиетті Құранда: «Оларға: «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?», – деп айт. Шын мәнінде, ақыл иелері ғана ғибрат ала алады» («Зүмар» сүресі, 9-аят), – деген аят бар.

Сондықтан Ыбырай атамыздың «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңіне бүгін жаңа қырынан көз салғанымыз жөн. Себебі өнер-білім ол заманнан әлдеқайда қарыштап дамып кетті. Бүгінгі ғылым мен техниканың жетістіктері, адамзаттың ойлау кеңістігі шырқау биіктерге жеткені баршамызға аян. Техникалық жүйелер, технологиялық ағымдарды бұрынғы дамумен салыстыруға да келмейді. Бұрын жазылмастай көрінген дерттердің дауасы табылып жатқан ғасырдамыз. Әрбір үй адамның өмірін жеңілдететін техникалық құралдарға толып үлгерді. Бүгінгі өнерлі жұрттар соған жетіп отыр. Мұсылман елдері бұл жағынан, әрине, кешеуілдеп келеді. Бүгінде жер бетіндегі билікті де қолында өнер-білімі бар адамдар жүргізіп отыр. Ал тарихта бүкіл ілім Исламнан, Құраннан, Алла Тағаланың жер бетіне орнатқан заңдылықтарынан басталғанын білеміз. Қазақтың «Білімсіз күнің жоқ» дегені дәл қазіргі біздің шаққа арналып айтылғандай.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Әлемде әр адам, әр мемлекет келешектен өз үлесін молырақ алып қалуға әрекет етумен келеді. Бәрі де бүгінгі аласапыран заманда жан алысып, жан берісіп, тайталасып жүріп, келешектен алар пайдасын, үлесін молайтуды көздеуде. Өркениетті деп саналатын АҚШ, Жапония, Қытай, Франция болсын, қай-қайсысы да еңбектеген баласынан, еңкейген кәрісіне дейін келешек үшін жанталасуда.

Біреулер ғылымымен, біреулер техникасымен, біреулер саясатымен, енді біреулер тынымсыз еңбегімен осы әлемдік бәсекеге барын салып жатыр. Жер қойнауында көміліп жатқан қазыналарды ең жаңа технологиямен қопарып алып, аршып, тазалап, өз пайдаларына асыруда. Солар арқылы халықтың тұрмыстық заттарын да, техника мен көлік түрлерін де, қысқасы адамның бүкіл өміріне қажетті өнімдерді шығарып отыр. Ал, негізінде, дәл осындай іздемпаздық, жасампаздық, өнерпаздық, ғылым-білімге құмарлық мұсылмандарда болуға тиіс. Өйткені, дініміз, сеніміміз, иманымыз соған шақырады. Ар-дақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Рызық-несібелеріңді жер қойнауынан іздеңдер» немесе «Ғибадаттың ең артығы – ғылым іздеу», – деген хадистері бар. Дінімізде еркек адамға да, әйел адамға да ғылым іздену – парыз. Бірақ мұсылман елдері, соның ішінде қазақ жұрты осылардың бәріне көз жұма қарап, бүгінде жағамызды жайлауға салып, жайбарақат жатқанға ұқсаймыз.

Өнер-білімі бар жұрттар көш ілгері озып кеткен. Компьютерді бүге-шүгесіне дейін зерттеп-зерделеп, бар мәселесін сонымен шешуде. Ал бізде әлі күнге дейін компьютерде жазу-теру мен ойын ойнаудан, агентте хат алмасудан аса алмай жүрген адам жетерлік. Компьютерді дұрыс қолданып, орнымен басқара білсек, ол біздің бүкіл ісімізді жеңілдетер еді. Оны меңгерген өнерлі жұрттар бүгін жайлы бөлмеде отырып, зауытты да, фабриканы да сол арқылы басқарады. Ал дипломы болғанымен, білімнен кенже адамдар күннің ыстығына шыжып, суығына тоңып далада еңбек етуде. Ыбырай атамыздың өнер-білім бар жұрттарды мақтап отырғаны сол болса керек.

Әрине, елімізде күндіз-түні ғылым-біліммен айналысып, ел үшін еңбек етіп жүрген жандар жоқ дей алмаймыз. Математик, физик, химиктер де өздеріне тиісті ғылымын жүргізіп жатқанында күмән жоқ. Ғылыми жаңалықтар ашылуда. Алайда айтпағымыз, өз еркімен өнер-білім іздеуді бүкіл елдік санаға көтере алмаған сыңайлымыз.

Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис-шәріптерінің бірінде: «Қараңғы білімсіздер мен білім талабындағының парқы – өлі мен тірідей», – дейді. Қарап отырсақ, бұл хадисте тіршілік, өмір деген ұғым білімділікпен өлшенген. Яғни қоғамдық, әлеуметтік, елдік тіршіліктің көзі – ғылым-білім. Онсыз өмір жоқ, келешек бұлыңғыр.

Білім аламыз деп оқуға түсеміз. Бірақ университет, институтта әр минуттың қадірін біліп жүрміз бе? Әр күннің қанша сағаты кітапханада өтеді? Бір түннің қанша бөлігін ғылым іздеуге арнадық? Міне, осы сұрақтарға жауап іздеп, өз-өзімізден осыны талап етсек, қане!?

Ыбырай атамыз айтқандай, өнер-білім бар жұрттармен тереземіз тең болу үшін ғылымды, жоғалтқан малымыздай іздеуіміз қажет-ақ. Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Ғылым мен хикмет – мұсылмандардың жоғалтқан малы. Қай жерден тапса да, оған иелік етіп алуға тиіс», – деген хадисі де осыны меңзесе керек. Шынында да, малымыз немесе көлігіміз жоғалса, шарқ ұрып ауыл-ауылды аралап іздейтініміз бар емес пе? Сол секілді қазіргі таңда бүкіл әлемді шарлап жүріп, ілім мен хикметті жоғалтқан малымыздай ынтыға іздеуге асыққанымыз жөн.

Бәріміз де Алла тағала біздің жұртты өнерлі, білімді, иманды елдердің қатарына қоссын деп тілейік!

Асылбек НОҒАЕВ

http://www.muftyat.kz

Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Өнер-білім бар жұрттар…

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00