Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

15 мамыр – халықаралық отбасы күні

27.08.2013
- Қоғам
0
698
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Өзінің жолдауында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халық санын 2020 жылға қарай 10%-ке көбейту міндетін жүктеді. Яғни бұл жыл сайынғы өсім 160 000 –ға жуық адамды құрауы тиіс дегенді білдіреді. Республикада оң демографиялық ахуал байқалады: туудың және тұрғындар санының табиғи түрде өсуі, күтілетін өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы, жалпы өлімнің азаюы, мұның бәрі 2009 жылдан бастап 16 млн. адамнан асқан халықтың жалпы санының көбеюіне оң әсер етті.

  Үлкенге ізет көрсету мен көп балалы болуды құрметтеу дәстүрі сақталған Қазақстанда жанұяға маңызды орын берілген, өйткені  адамзат пен мәдени құндылықтардың бұлжымас ұясы отбасы болып табылады.

Жыл сайын бүкіл әлемде 15-ші мамырда Халықаралық отбасы күні атап өтіледі, бұл кез-келген мемлекеттің демографиялық саясатымен бірге әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты ықпал ететін  қазіргі қоғамдағы негізгі  іргетасы ретінде отбасының маңыздылығын көрсетеді.

Бұл күн 1994-ші жылдан бері аталып өтілуде және БҰҰ Бас Ассамблеясының 1993-ші жылдың қыркүйек айындағы Халықаралық отбасы жылы туралы резолюциясында бекітілген. Бұл күнді белгілеу әлемдік қауымдастықтың қазіргі замандағы отбасының жағдайына алаңдаушылығынан қоғамның негізгі институттарының бірі ретінде  отбасының маңызын арттыру мақсатында туындаған еді. БҰҰ деректеріне сәйкес Қазақстан халқы қартайып бара жатқан елдер қатарына жатады, елдегі жасы 65-тен асқан  азаматтарының саны жалпы халық санының  7,5%-н құрайды. Дегенмен Қазақстанда мұндай жағымсыз ағымды жеңетін үлкен қуат көзі бар, ол халық аз қоныстанған кең байтақ аумағы.

  БҰҰ осы күннің жыл сайынғы тақырыбын белгілейді. Сонымен, 2008 –ші жылы – «Әкелер және отбасылар: міндеттер мен қайшылықтар», 2009 –шы жылы- «Аналар және отбасылар: өзгермелі дүниедегі қайшылықтар»,  2010 –ші жылы – «Саламатты жас отбасы – саламаты қоғам». 2011 –ші жылы «Отбасы – сүйіспеншілік, сыйластық, ынтымақтастық пен парасаттылық бастауы» тақырыбы ұсынылады. Бұл кез-келген өркениетті қоғамның іргетасы және ел болашағы мен дамуының өлшемі болып табылады. 

  Әлемде отбасының негізгі міндеті балаларды өсіру, оларға лайықты білім беру және адамзаттың қилы қатынастар әлемінде өз орнын табуға көмектесу, сол үшін отбасы берік және сенімді тірек болуы тиіс деген ұғым қалыптасқан.

     Қазақстанда 3,5 млн.асатын отбасы бар, олардың ішінде 5 және одан асатын адамнан құралған отбасылар көбірек кездеседі  (30 %).  5 және одан көп баласы бар аналар саны– 300 мың.

  Жыл сайын 140 мыңнан аса неке тіркеледі. Әрбір тіркелген некенің төртіншісі бұзылып жатады, олардың саны 40 мыңнан асып түседі. Балалы аналар саны 444,8 мың, бұл жалпы отбасылар санының  10,7% -н құрайды.

 Бірінші некелесу бойынша әйелдердің орташа жасы 24,2, ерлерде – 26,9. Некелесу барысындағы әйелдер мен ерлердің жас айырмашылықтары едәуір ерекшеленеді: 19 жасқа дейін әйелдердің 12%-і және ерлердің небәрі  3% -і; 20-25 жаста – әйелдердің 48%-і және ерлердің  32% -і некелеседі. Осылайша, 25 жасқа дейін некелесетін әйелдердің үлестік салмағы 60%-ті, ал осы жастағы ерлердің – 35%-ті құрады.

     Ең жоғары бала туу коэффициенті бала туатын жастағы 1000 әйелге шақанда 20-24 жас аралығындағы топтың үлесінде – 136,62 . Қалаларда ол 124,44 –ті құрайды;  ауылдық жерлерде -156,42. Республикада бала туу деңгейі өсіп келеді, ол  2010 жылы 1000 туылғанға шаққанда  22,8 –ді құрады.  Өткен жылы туылған нәрсетелер саны 360 мыңнан асады.

     Біздің мемлекетімізде басты назарға алынған жалпы денсаулықты және оның ішінде ұрпақ өрбіту денсаулығын қорғау ісі әйелдер мен ерлер денсаулығын қорғаумен қатар әр отбасының да денсаулығын қорғау болып табылады, бұл ұлт саулығына, гендік қордың саулығына ықпал етеді.

  Ұрпақ өрбіту денсаулығын сақтау мен нығайтуға байланысты мәселелердің өзектілігі мен маңыздылығын, осы мәселелерді күш біріктіре отырып шешу қажеттігін ескере отырып, мемлекеттік құрылымдардың белсенді көмегімен, Халықаралық Отбасы Күнінің ұраны «ОТБАСЫ – СҮЙІСПЕНШІЛІК, СЫЙЛАСТЫҚ, ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН ПАРАСАТТЫЛЫҚ БАСТАУЫ»

МАҚСАТЫ:

  • Қазіргі қоғамдағы отбасының маңызы, салт-дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығын сақтау  туралы мәселелер бойынша халықтың ақпарат алу деңгейін арттыру;
  • Қоғам назарын отбасының, әсіресе жас отбасылардың түйткілді мәселелеріне аударту.

Павлодар облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының баспасөз қызметі

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Бөлісу17Твитерге11Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

Тағы жүктеу
Келесі жазба

Арыстан баб кесенесі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00