Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстанның ИЫҰ СІМК-ге төрағалығы туралы

22.08.2013
- Қоғам
0
116
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы беделді үкіметаралық ұйым болып табылады. Қатысушылар саны, географиялық қамтуы және мамандандырылған құрылымдар желісі бойынша БҰҰ-дан кейінгі ең ірі ұйым бола отырып, қазіргі уақытта жалпы халқы 1,5 млрд. адамға жуық 57 мемлекетті біріктіруде.
1995 жылы Қазақстан оның толық мүшесіне айналды. Ұйым жұмысына қатысудың бір жарым онжылдық ішінде Астана ИЫҰ-мен және оның институттарымен өзара әрекеттесудің жоғары деңгейіне қол жеткізді.

Ислам Даму Банкімен ынтымақтастық тәжірибелік өзара әрекеттесудің айқын үлгісі болып табылады. Атап айтқанда ИДБ қолдауымен Қазақстанда Исламдық қаржыландыру және исламдық банк жүйесі туралы заң дайындалып, қабылданды, сондай-ақ бірнеше инфрақұрлымдық және әлеуметтік жобалар іске асырылды.

ҚР-дың өсіп келе жатқан экономикалық әлеуетін мойындай отырып, ИЫҰ-ның Экономикалық және сауда ынтымақтастығы жөніндегі тұрақты комитеті – КОМСЕК Бас Ассамблеясы Бюросына мүшелікке Қазақстанның кандидатурасы қолдауға ие болды. 2015 жылы Алматыны «Ислам мәдениетінің астанасы» етіп жариялау ИЫҰ елдерімен гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге үлкен серпін беретін болады.

*  *  *
2011 жылғы 28-30  маусымда Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесін 38-ші сессиясын (ИЫҰ СІМК) қабылдап, Қазақстан Ұйымның бұл маңызды саяси органына Төрағалық етуге кірісті.  Аталған кездесу Ұйымды «Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына» өзгерту, Адам құқықтары жөніндегі тұрақты комиссияны құру туралы қабылданған шешімдермен тарихқа енген,  ИЫҰ-дағы өткен жылдың маңызды саяси оқиғасына айналды.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Мұсылман Үмбеті алдындағы Қазақстанның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бағдарламалық баяндамасы жаңғырту мен реформаларды XXI ғасырдағы Ислам әлемі дамуының негізі ретінде жариялаған, өзінің мазмұны бойынша Ұйымның ерекше озық құжаты – ИЫҰ-ның Астаналық декларациясына негізін салды. Алғаш рет ИЫҰ-ның Орталық Азиямен ынтымақтастық іс-әрекеттер жоспары қабылданды.

СІМК 100-ден астам қарарларды қабылдады, оларға сондай-ақ Ауғанстаннан шығатын есірткінің заңсыз өндірілуіне және айналымына қарсы күрес және бұрынғы Семей ядролық полигоны мен Арал теңізі өңірлерін оңалту саласындағы Қазақстанның бастамалары да енді.

Қазақстан 2011-2012 жылдарға арналған ИЫҰ СІМК-дегі Төрағалығының Тұжырымдамасында мен бағдарламасындағы басымдықтарды дәйектілікпен іске асыруда. Сонымен қатар ИЫҰ-ға мүше мемлекеттермен, оның Бас хатшылығымен және институттарымен бірлесе, 2011 жылы 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумында және ИЫҰ 38-ші СІМК-де ұсынылған азық-түлік өзара көмек жүйесін, орта және кіші бизнесті қолдау механизмін құру, ИЫҰ өкілдерінің  G20 саммиттерінде қатысуын қамтамасыз ету және басқа да қазақстандық бастамаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күні Төрағалық шеңберінде 7-ші ДИЭФ және ИЫҰ 38-ші СІМК ірі іс-шаралармен қатар, Астанада Денсаулық сақтау министрлерінің 3-ші Ислам конференциясы, ИЫҰ Су тұжырымдамасын дайындау бойынша халықаралық сарапшылар кездесуі, дінтанушылардың халықаралық форумы өткен болатын.

Сонымен қатар Қазақстанның төрағалығымен Нью-Йоркте Сыртқы істер министрлерінің жыл сайынғы үйлестіруші кездесуі және ИЫҰ-ЕО форматындағы кездесу, Стамбұлда (2011 ж. 17 тамыз, Сомали бойынша), Нью-Йоркте (2011 ж. 23 қыркүйек, Ливия бойынша) және Жиддада (2011 ж. 30 қараша, Сирия бойынша) ИЫҰ Атқарушы комитетінің төтенше отырыстары өткізілді.

Қазақстандық тараптың төрағалығымен КОМСЕК-тің 27-ші сессиясы (2011 жылғы 17-20 қазан, Стамбул) барысында ИЫҰ-ның Орталық Азиямен ынтымақтастық іс-әрекеттер жоспарын орындау жөніндегі Атқарушы комитеттің 1-ші отырысы өткізіліп, бастаманы іске асыруға бағытталған бірқатар нақты шаралар бекітілді.

Тунистегі, Қырғызстандағы және Алжирдегі сайлауларды бақылау бойынша ИЫҰ миссияларының құрамында төраға ретінде ҚР өкілдерінің қатысуын мүше-мемлекеттер жоғары бағалауда.
Ливиядағы, Сириядағы жағдайдың дамуы, Сомалидегі гуманитарлық апатты еңсеру қазақстандық төрағалығы назарында болды. Қазақстан Палестина халқының тәуелсіз мемлекет құру бойынша талпыныстарына халықаралық қолдауды шоғырландыру ісіне айтарлықтай үлес қосты.
Өз кезегінде, 2012 жылғы ақпнада Қазақстанмен ИЫҰ Жарғысын ратификациялауы Қазақстанның Ұйымға толық құқылы мүшесі ретіндегі құқықтық мәртебесін бекітетін маңызды тарихи қадамға айналды.

Жалпы, іске асырылған іс-шаралар кешені ислам әлемінің өзекті проблемалары бойынша ортақ ұстанымдарды шығаруға және шешуге, ИЫҰ тиімділігін көтеруге, ислам әлеміндегі ҚР беделін нығайтуға және қазақстандық төрағалықтың басымдықтарын ілгерілетуге жәрдемдесуде. Өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның белсенді әрекеттері және ұстамды бағыттары біздің әріптестеріміздің жоғары бағасына ие болуда.

______________
Қазақстандық төрағалық шеңберіндегі соңғы оқиғалар және өткізілетін іс-шаралар туралы толық ақпарат http://www.oic2011-2012.kzвеб-сайтындакөрсетілген.

 www.ult.kz

Таңбалар: Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

ИЫҰ жастары Қазанда бас қосты
Жаңалықтар

ИЫҰ жастары Қазанда бас қосты

22.08.2024
ИЫҰ-мен ынтымақтастық келешегі
Жаңалықтар

ИЫҰ-мен ынтымақтастық келешегі

23.07.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Орталықазия мемлекеттерінің одағын құруға қатысты ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаевтың бастамасы: ықпалдастықтың келешегі мен мəселелері

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00